Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 765 -құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларда, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарда:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Шектес мемлекетпен өткізу пунктін орнату мәселесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі келіседі, одан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен тиісті келісімдердің жобаларын әзірлейді.
Осы тармақтың талаптары теңіз және әуе (авиациялық) өткізу пункттерін орнату мәселесін қарау кезінде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |