Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.07.2022 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 166-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2017 жылғы 24 қаңтардағы | |
№ 13 қаулысымен | |
бекітілген |
Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 166-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) әзірлеу үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) ақпарат ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Ұлттық баяндаманы әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдастырады.
2-тарау. Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың
ақпарат ұсыну тәртібі
3. Уәкілетті орган жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтарында Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін ақпарат ұсыну туралы мемлекеттік органдарға сұратулар жібереді.
4. Мемлекеттік органдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін ақпарат ұсынады.
5. Ақпарат материалдармен (кестелер, диаграммалар, сызбалар, суреттер) толықтырылған талдамалық жазбахат түрінде қалыптастырылады және мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) ұқсас өткен кезеңмен салыстырғанда ағымдағы ахуалды талдау (қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамаларының серпіні, антропогендік әсер, ақпарат көзі көрсетілген статистикалық, сараптамалық, ғылыми және өзге де ақпарат);
2) экологиялық проблемалар және оларды шешудің ықтимал нұсқалары;
3) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына шолу;
4) шешімдер қабылдау үшін негізгі қорытындылар, ұсынымдар және болжамдар.
6. Уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтауды, қорытуды, талдауды ұйымдастырады.
7. Уәкілетті орган қарауға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік
30 күннен кешіктірмей ақпаратты қарайды, ескертулер болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға қосымша сұрату жібереді.
Мемлекеттік органдар уәкілетті органнан қосымша сұрату алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде ақпаратты пысықтайды және оларды уәкілетті органға жібереді.
8. Ақпарат мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ұсынылады, электрондық құжаттың қағаз көшірмесі талап етілмейді.
9. Қоршаған ортаны қорғау, "жасыл экономиканы" дамыту, қалдықтармен (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті орган:
1) қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi;
2) өндіру және тұтыну қалдықтарын басқару;
3) парниктiк газдардың және озонды бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі;
4) климаттың және Жердiң озон қабатының мониторингi;
5) жойылуы қиын органикалық ластауыштар;
6) мемлекеттік экологиялық бақылау;
7) мемлекеттік экологиялық сараптама;
8) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;
9) міндетті экологиялық аудит;
10) міндетті экологиялық сақтандыру;
11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жөнінде ақпарат дайындауды ұйымдастырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.10.2020 № 638 қаулысымен.9-1. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган:
1) электр энергиясын өндіру мен тұтыну және олардың серпінін талдау;
2) электр станциялары отынының шығыны;
3) энергия сыйымдылығын төмендету жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.10.2020 № 638 қаулысымен.9-2. Атом энергиясы саласындағы уәкілетті орган су пайдалану объектілері мен әуе кеңістігі мониторингі бойынша деректерді қоса алғанда, бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағын радиоэкологиялық зерттеу жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 2-тарау 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.10.2020 № 638 қаулысымен.9-3. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздері жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 2-тарау 9-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.10.2020 № 638 қаулысымен.10. Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
1) орман қорының жалпы сипаттамасы;
2) ормандар және өзге де орман көмкерген жерлердің жалпы алаңы;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы орман алаңы;
4) орман заңнамасы саласындағы бақылау;
5) ормандарды молықтыру мен орман өсіру (орманды қалпына келтіру);
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалануға рұқсат жөніндегі ақпаратты ұсынады.
11. Жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
1) жануарлар дүниесінің жалпы сипаттамасы;
2) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің саны;
3) жануарлардың жекелеген түрлері санының өзгеру үрдісі;
4) аңшылық шаруашылықты дамытудың негізгі проблемалары;
5) балық шаруашылығын дамытудың негізгі проблемалары;
6) жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау;
7) Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданысы аясындағы жануарлардың жойылып бара жатқан түрлерiн сату жөніндегі ақпаратты ұсынады.
12. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы сипаттамасы;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (қорықтар, табиғи резерваттар, ұлттық парктер, ботаникалық бақтар, өңірлік парктер, табиғат ескерткіштері, қаумалдар мен қорық аймақтары) алаңы;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау жөніндегі ақпаратты ұсынады.
13. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасындағы жердің жай-күйі және оны пайдалану туралы ақпаратты ұсынады.
14. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ақпаратты ұсынады.
15. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган:
1) республиканың минералдық-шикізат базасының жай-күйі және негізгі проблемалары;
2) жерасты суларын есепке алу;
3) жер қойнауын зерттеу саласындағы бақылау жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.10.2020 № 638 қаулысымен.15-1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган:
1) республикадағы көмірсутектер саласының жай-күйі мен негізгі проблемалары;
2) көмірсутектерін барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының теңізде, ішкі су айдындарында және сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жоспары туралы ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 2-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.10.2020 № 638 қаулысымен.15-2. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган:
1) республикадағы уранның жай-күйі мен негізгі проблемалары;
2) уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылау туралы ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 2-тарау 15-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.10.2020 № 638 қаулысымен.16. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтің нәтижелері бойынша ақпаратты ұсынады.
17. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
1) ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша өткізілген
іс-шаралар;
2) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі;
3) бидайдың шығымдылығы жөніндегі ақпаратты ұсынады.
18. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы халықтың жан басына шаққандағы тұрмыстық су тұтыну жөніндегі ақпаратты ұсынады.
19. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
1) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алудың, су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiнің нәтижелері;
2) су қорын пайдаланудың негізгі проблемалары;
3) су қорын пайдалану және қорғау саласында өткізілген тексерулердің саны жөніндегі ақпаратты ұсынады.
20. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
1) "Байқоңыр" кешенінің ғарыштық-зымыран қызметінің әсеріне ұшыраған аумақтарға мониторинг нәтижелері;
2) ғарыш мониторингі нәтижелері жөніндегі ақпаратты ұсынады.
21. Білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган экологиялық білім беру және тәрбиелеу жөніндегі ақпаратты ұсынады.
22. Ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі ақпаратты ұсынады.
23. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) пайдаланылатын отынның түрлері бойынша бөліністегі жол механикалық көлік құралдары паркінің құрамы;
2) жол механикалық көлік құралдары паркінің орташа жасы жөніндегі ақпаратты ұсынады.
24. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) жер ресурстары;
2) жерлерді алып қою;
3) қалдықтар: қалдықтар түзілуінің негізгі көздері және олардың қысқаша сипаттамасы; жинақталған өнеркәсіптік қалдықтардың көлемі (өнеркәсіп саласы, қалдық түрі); жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі; қалдықтарды кәдеге жарату, өңдеу; қалдықтарды полигондарда орналастыру; қалдықтарды санитариялық сақтау; халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаумен және шығарумен қамту; тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды енгізу;
4) 2, 3, 4-санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама;
5) 2, 3, 4-санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;
6) өңірлерді газдандыру жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.10.2020 № 638 қаулысымен.25. Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін уәкілетті орган қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдарға қосымша сұрату жіберіп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қосымша ақпаратты сұратады.