Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 886 қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 366 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қайта аталсын.

      2. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы осы қаулыға қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев



  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2016 жылғы 28 желтоқсандағы
  № 886 қаулысына
  қосымша

Қайта аталатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      2. "Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Инженерлік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      3. "Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Автошаруашылығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2016 жылғы 28 желтоқсандағы
  № 886 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағидада:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, Парламентінің палаталары аппараттарында, Орталық сайлау комиссиясында, Конституциялық Кеңесінде, Жоғарғы Сотында, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығында - тиісті басшы;".

      2. "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1078 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 581-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы.".

      3. "Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде:

       2-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылмайды.".