«Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы;
2) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.
2. «Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 721 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев