Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 559 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы;
2) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.
2. "Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 721 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |