Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысы.

Жаңартылған

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 тамыздағы
№ 486 қаулысымен
бекiтiлген

Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуінің тәртібін айқындайды.

      2. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау (бұдан әрі – құқық нормасындағы кемшіліктер), сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнама тиімділігін бағалау мен болжау мақсатында жүргізіледі.

      3. Құқықтық мониторинг объектісі мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының кодекстері, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, Қазақстан Республикасының заңдары;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;

      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары;

      4) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары (бұдан әрі – орталық мемлекеттік органдардың актілері);

      5) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары (бұдан әрі – жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері) болады.

      Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық актілер, сондай-ақ "Қызметтік пайдалану үшін", "Баспасөзде жариялаусыз", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер құқықтық мониторинг объектісі болып табылмайды.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының мониторингін "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында белгіленген тәртіппен, оларды әзірлеуші болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүргізеді.

      5. Құқықтық мониторингті мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болған не олардың құзыретіне жататын құқықтық нормативтік актілерге қатысты жүргізеді.

      Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық және ғылыми ұйымдарды, азаматтарды тартуға құқығы бар.

      6. Мемлекеттік органдарда құқықтық мониторинг бойынша бөлімшелердің қызметін үйлестіруді заң қызметтері, олар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – заң қызметтері) жүзеге асырады.

      7. Мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг бойынша қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және облыстардың, Астана, Алматы қалаларының аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.

2. Нормативтік құқықтық актілердің тіркелімдерін жүргізу
және құқықтық мониторинг жүргізу кестесін бекіту тәртібі

      8. Нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдардың заң қызметтері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жеке мыналарға:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне (күші жойылған, өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу, халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялау туралы нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына (халықаралық шарттарды бекіту, қабылдау және оларға қосылу туралы қаулыларды қоспағанда);

      3) Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Ұлттық Банктің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларына;

      4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарына;

      5) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарына;

      6) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдеріне, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларына, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдеріне, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларына қатысты құқықтық мониторингке жататын нормативтік құқықтық актілердің тіркелімдерін (бұдан әрі – тіркелім) жүргізеді.

      9. Орталық мемлекеттік органдар өздері әзірлеген не өздерінің құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары, өздері қабылдаған орталық мемлекеттік органдардың актілері бойынша тіркелімдерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің корпоративтік порталында (бұдан әрі – корпоративтік портал) қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жүргізеді.

      Мәслихаттар, әкімдіктер мен тексеру комиссиялары жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері бойынша тіркелімдерді қағаз немесе электрондық түрде жүргізеді.

      10. Әділет министрлігі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жауапты мемлекеттік органдарды бекіте отырып, құқықтық мониторинг жүргізуге жататын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары бойынша бірыңғай тіркелімдерді (бұдан әрі – бірыңғай тіркелімдер) корпоративтік порталда электрондық түрде жүргізеді.

      Бірыңғай тіркелімдер жүргізуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

      11. Тіркелімдерге мәліметтер енгізуді мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

      12. Құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде тіркелімдерге енгізілген мәліметтер туралы ақпаратты нормативтік құқықтық актілердің (әділет органдарында тіркелуден өткен нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда) әрбір нысаны бойынша жеке бірыңғай тіркелімдермен салыстырып қарау үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынады.

      13. Құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік орган басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әр айға бөлумен және құқықтық мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі көрсетіле отырып, алдағы күнтізбелік жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесі (бұдан әрі – кесте) бекітіледі.

      Құқықтық мониторинг жүргізудің бекітілген кестесіне өзгерістер мемлекеттік органның басшысы не оның міндетін атқарушы адамның тиісті бұйрығын қабылдау арқылы енгізіледі.

      Орталық мемлекеттік органдар кесте не кестеге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы бұйрық бекітілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, корпоративтік порталда тиісті бұйрықты орналастырады.

      Мәслихаттар, әкімдіктер, тексеру комиссиялары ағымдағы жылғы

      10 қаңтарға дейінгі мерзімде кестені облыстардың, Астана, Алматы қалаларының аумақтық әділет органдарына жібереді.

      Кестеде нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізудің нақты мерзімдері, сондай-ақ мониторинг жүргізілген нормативтік құқықтық актілерге кезең-кезеңімен қайта оралу (осы жартыжылдықта қабылданған актілерді қоспағанда, әрбір жарты жылда) көзделеді.

      Заң қызметіне сапалы ақпаратты уақтылы беру кестеде көзделген мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.

3. Құқықтық мониторинг жүргізу

      14. Қазақстан Республикасының құқықтық мониторингін жүргізу мынадай кезеңдерді:

      1) құқықтық мониторинг объектісіне қатысты ақпарат жинауды, жинақтап қорытуды және талдауды;

      2) талдамалық анықтама не құқық нормаларында кемшіліктердің жоқтығы туралы анықтама жасауды;

      3) құқық нормаларында кемшіліктер анықталған жағдайда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді;

      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша құқықтық мониторинг нәтижелерін толтыруды қамтиды.

      15. Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдар:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларындағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қазақстан Республикасының Парламентіне елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауларындағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларындағы, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы өзге де актілердегі ақпаратты;

      2) мемлекеттік органдар дайындаған нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына шолуларды;

      3) "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізген заңнаманың (нормативтік құқықтық актілердің) тиімділігін талдау нәтижелерін;

      4) азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерін талдау мен жинақтап қорыту және прокурорлық қадағалау актілерін, мемлекеттік органға нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына қатысты келіп түскен сот шешімдерін қарау нәтижелерін;

      5) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдарын, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдарды;

      6) қоғамдық кеңестер, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар өткізетін заңнама нормаларын қолданудың қоғамдық мониторингі қорытындыларын (ұсынымдарын);

      7) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингін жүргізуі нәтижелерін;

      8) бұқаралық ақпарат құралдарында және жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілердің интернет-ресурстарында, оның ішінде ғылыми жарияланымдарда қамтылған ақпаратты;

      9) нормативтік құқықтық актілердің құқық қолдану мәселелері бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелерін;

      10) құқық қолдану практикасы бойынша статистикалық деректерді;

      11) заңнаманы жетілдіру бойынша талдау материалдарын;

      12) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстары мен ескертулерін пайдаланады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 28.03.2019 № 149 қаулысымен.

      16. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері кестеге сәйкес жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелерін талдайды және есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу бойынша шаралар қабылдайды.

      17. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері заң қызметтеріне талдамалық анықтамаларды және құқық нормаларында кемшіліктердің жоқтығы туралы анықтамаларды ай сайын есепті айдың 25-күніне дейін кестеге сәйкес ұсынады.

      18. Жыл қорытындысы бойынша жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша мыналар:

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері бойынша – тиісті заң жобаларын Заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізу, заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу не басқа заң жобаларына түзетулер енгізу;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары бойынша – Үкімет қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізу;

      орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері бойынша – нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге енгізу қабылданған шаралар болып табылады.

      19. Мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін (кадрлық, шаруашылық мәселелері бойынша құқықтық актілерді қоспағанда) тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсан үшін орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қабылданған актілерінің тізбелерін (бұдан әрі – тізбелер) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне қарай осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      "Қызметтік пайдалану үшін", "Баспасөзде жариялаусыз", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер тізбелерге олардың тақырыбын көрсете отырып енгізіледі.

      Әділет органдары оларды мемлекеттік тіркеудің қажеттігі туралы мәселені шешу үшін тиісті актілерді сұратады.

4. Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша қорытынды ақпарат

      20. Жүргізілген құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін жылына екі рет бірінші жартыжылдықтың (ағымдағы жылғы 10 шілдеге дейін) және жылдың (есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін) қорытындысы бойынша ақпаратты осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      Орталық мемлекеттік органдар қорытынды ақпаратты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жібереді және корпоративтік порталда орналастырады.

      Мәслихаттар, әкімдіктер, тексеру комиссиялары ақпаратты облыстардың, Астана, Алматы қалаларының аумақтық әділет органдарына жібереді. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының аумақтық әділет органдары жинақтап қорытылған ақпаратты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін (ағымдағы жылғы 15 шілдеге дейін және есепті кезеңнен кейінгі жылдың

      15 қаңтарына дейін) жібереді.

      Әділет органдары мемлекеттік органдармен бірлесіп кезең-кезеңімен, бірақ жарты жылда кемінде бір рет анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдарды пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың мониторингі нәтижелерін қарайды.

      21. Мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар, тиімсіз іске асырылатын құқық нормалары анықталған кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және/немесе орыс тілдерінде талдамалық анықтамалар жасайды.

      22. Өздері әзірлеушісі болып табылмайтын мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормалары анықталған жағдайда, мемлекеттік органдар талдамалық анықтамалар жасалған кезден бастап он жұмыс күні ішінде осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаған, оның әзірлеушісі болып табылатын не оның құзыретіне жататын мемлекеттік органға хабарлама жібереді.

      23. Егер нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар, тиімсіз іске асырылатын нормалар анықталмаса, мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес қазақ және/немесе орыс тілдерінде құқық нормаларында кемшіліктердің жоқтығы туралы анықтамалар жасайды.

      24. Орталық мемлекеттік органдар корпоративтік порталды пайдалана отырып, талдамалық анықтамаларды және құқық нормаларында кемшіліктердің жоқтығы туралы анықтамаларды орналастыруды жүзеге асырады.

      25. Мәслихаттар, әкімдіктер, тексеру комиссиялары бекітілген кестеге сәйкес ай сайын қазақ және/немесе орыс тілдерінде талдамалық анықтамаларды және құқық нормаларында кемшіліктердің жоқтығы туралы анықтамаларды жасайды, сондай-ақ оларды бірінші жартыжылдықтың (ағымдағы жылғы 10 шілдеге дейін) және жылдың (есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін) қорытындылары бойынша облыстардың, Астана, Алматы қалаларының аумақтық әділет органдарына жібереді.

      26. Әділет органдарында тіркелген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу кезеңінде мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтердің анықтығын тексеру мақсатында Әділет министрлігіне және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық әділет органдарына қосымша құқықтық мониторинг жүргізуге рұқсат етіледі.

5. Қорытынды ережелер

      27. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бірінші жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша ұсынылған ақпаратты талдап, жинақтап қорытады және есептік жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг жүргізуінің сапасын арттыру жөнінде шаралар қолдану туралы ұсынымдарын енгізе отырып, қорытынды ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.

      28. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар жүргізген құқықтық мониторинг туралы қорытынды ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

  Құқықтық мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      ________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

20___жылғы________ құқықтық мониторинг жүргізуге жататын
нормативтік құқықтық актілердің тіркелімі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық актінің түрі

Нормативтік құқықтық актінің қабылданған күні

Нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау негізі (органның құзыреті)

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу күні

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8


      кестенің жалғасы

Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілу күні

Нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтер

Нормативтік құқықтық актінің (немесе оның жекелеген бөліктерінің) күші жойылды деп тану туралы мәліметтер

Нормативтік құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру туралы мәліметтер

Нормативтік құқықтық актінің (немесе оның жекелеген бөліктерінің) қолданылу мерзімінің өтуіне немесе бұрын шығарылған нормативтік құқықтық актінің ережелері, оның бір бөлігі (бөлік) қайшы келетін немесе бұрын шығарылған актіні немесе оның бір бөлігін (бөліктерін) ауыстыратын жаңа нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты қолданысын тоқтату туралы мәліметтер

Нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы мәліметтер

9

10

11

12

13

14

  Құқықтық мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

20__жылғы_________ құқықтық мониторинг жүргізуге жататын

      ________________________________________________

      (нормативтік құқықтық акті(-лер) нысанын көрсету)

бойынша бірыңғай тіркелім

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық актінің түрі

Нормативтік құқықтық актінің қабылданған күні

Нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау негізі (органның құзыреті)

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу күні

1

2

3

4

5

6

7


      кестенің жалғасы

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу нөмірі

Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу күні

Нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтер

Нормативтік құқықтық актінің (немесе оның жекелеген бөліктерінің) күші жойылды деп тану туралы мәліметтер

Құқықтық мониторинг жүргізу бойынша жауапты мемлекеттік орган

8

9

10

11

12

  Құқықтық мониторинг
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      _____________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

20___ жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы, қабылданған күні, нөмірі мен түрі

Мемлекеттік органның жауапты құрылымдық бөлімшесі

Құқықтық мониторинг жүргізу мерзімдері мен нысаны (талдамалық анықтама/құқықтық мониторинг жүргізу кезінде құқық нормаларында кемшіліктің жоқтығы туралы анықтама)

_____ жартыжылдық

(I не II)

_________ АЙЫ ҮШІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ТАЛДАУ

















  Құқықтық мониторинг
жүргізу қағидаларына
4-қосымша

№ 1 нысан
Құқықтық мониторинг нәтижелері

      ________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

Құқық нормасындағы кемшіліктер түрі

Құқық нормаларының кемшіліктері бар екені анықталған нормативтік құқықтық актілердің саны

Құқықтық мониторинг жүргізу барысында құқық нормаларында кемшіліктер бар екені анықталып, сәйкес келтірілген нормативтік құқықтық актілердің саны

1

2

3

Қайшы келетін нормалар



Тиімсіз іске асырылатын нормалар



Ескірген нормалар



Сыбайлас жемқорлықты тудыратын нормалар



Қайталанатын нормалар



Құқық нормаларының олқылықтары



Артық бланкеттік және сілтеме нормалардың болуы



Өзге



Жиыны:



оның ішінде:

Заңнамалық актілер -_;

Үкімет қаулылары - __;

Орталық мемлекеттік органдардың / жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері - __.

Заңнамалық актілер -_;

Үкімет қаулылары - __;

Орталық мемлекеттік органдардың / жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері - __.


      Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай тұлғалар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның басшысы

      __________________

      (Т.А.Ә.)

      20__ жылғы "___" ___________ _____________ қолы

№ 2 нысан

      _________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

заңнамалық актілерге құқықтық мониторинг нәтижелері
бойынша ақпарат

Р/с №

Норма кемшілігінің түрі

Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған нормативтік құқықтық актінің атауы, қабылданған күні, нөмірі мен түрі

Нормативтік құқықтық акті сәйкес келмейтін актінің атауы, қабылданған күні, нөмірі мен түрі, бабы, тармағы, абзацы, бөлігі/ талдамалық анықтаманы жасау күні

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданатын шаралар (нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, әзірлеу не келісу сатысы)

Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталып, сәйкестікке келтірілген нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6


1) Қайшы келетін нормалар






2) Тиімсіз іске асырылатын нормалар






3) Ескірген нормалар






4) Сыбайлас жемқорлықты тудыратын нормалар






5) Қайталанатын нормалар






6) Құқық нормаларының олқылықтары






7) Артық бланкеттік және сілтеме нормалардың болуы






8) Өзге






Жиыны:






      Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай тұлғалар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның басшысы

      __________________

      (Т.А.Ә.)

      20__ жылғы "___" ___________ _____________ қолы

№ 3 нысан

      _________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына
құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша ақпарат

Р/с №

Норма кемшілігінің түрі

Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған нормативтік құқықтық актінің атауы, қабылданған күні, нөмірі мен түрі

Нормативтік құқықтық акті сәйкес келмейтін актінің атауы, қабылданған күні, нөмірі мен түрі, бабы, тармағы, абзацы, бөлігі/ талдамалық анықтаманы жасау күні

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданатын шаралар (нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, әзірлеу не келісу сатысы)

Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталып, сәйкестікке келтірілген нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6


1) Қайшы келетін нормалар






2) Тиімсіз іске асырылатын нормалар






3) Ескірген нормалар






4) Сыбайлас жемқорлықты тудыратын нормалар






5) Қайталанатын нормалар






6) Құқық нормаларының олқылықтары






7) Артық бланкеттік және сілтеме нормалардың болуы






8) Өзге






Жиыны:






      Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай тұлғалар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның басшысы

      __________________

      (Т.А.Ә.)

      20__ жылғы "___" ___________ _____________ қолы

№ 4 нысан

      _________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

Орталық мемлекеттік органдардың / жергілікті мемлекеттік
басқару органдарының актілеріне құқықтық мониторинг
нәтижелері бойынша ақпарат

Р/с №

Норма кемшілігінің түрі

Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған нормативтік құқықтық актінің атауы, қабылданған күні, нөмірі мен түрі

Нормативтік құқықтық акті сәйкес келмейтін актінің атауы, қабылданған күні, нөмірі мен түрі, бабы, тармағы, абзацы, бөлігі/ талдамалық анықтаманы жасау күні

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданатын шаралар (нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, әзірлеу не келісу сатысы)

Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталып, сәйкестікке келтірілген нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6


1) Қайшы келетін нормалар






2) Тиімсіз іске асырылатын нормалар






3) Ескірген нормалар






4) Сыбайлас жемқорлықты тудыратын нормалар






5) Қайталанатын нормалар






6) Құқық нормаларының олқылықтары






7) Артық бланкеттік және сілтеме нормалардың болуы






8) Өзге






Жиыны:






      Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай тұлғалар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның басшысы

      __________________

      (Т.А.Ә.)

      20__ жылғы "___" ___________ _____________ қолы

  Құқықтық мониторинг
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

20__жылғы ____ тоқсанда

      ________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

қабылдаған актілер тізбесі

Р/с №

Актінің қабылданған күні (күні, айы, жылы)

Актінің нөмірі

Актінің толық атауы (негізгі актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, негізгі актінің толық атауы)

Ескертпе

мемлекеттік тіркеуге жіберілмеген

мемлекеттік тіркеуге жіберілген (ілеспе хаттың күні және нөмірі)

тіркелген (мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі)

мемлекеттік тіркеуден бас тартылған (әділет органдары хатының күні және нөмірі)

мемлекеттік тіркеуден бас тартылғаннан кейінгі қолданылған шаралар (күшін жою туралы актінің нөмірі және күні)

мемлекеттік тіркеудің күшін жою (сот шешімінің күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

  Құқықтық мониторинг
жүргізу қағидаларына
6-қосымша

      "________________________________________________"

      (нормативтік құқықтық актінің атауы)

_______ жылғы "___"_______ №_________________________________________________

      (нормативтік құқықтық актінің нысаны)

жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Құқық нормасындағы кемшіліктер түрі

Қолданыстағы редакция

Норманың (нормалардың) анықталған кемшіліктері және (немесе) оларды қолданудың практикалық мысалдары

Ұсынылатын редакция (ұсыныстар)

1

Қайшы келетін нормалар




2

Тиімсіз іске асырылатын нормалар




3

Ескірген нормалар




4

Сыбайлас жемқорлықты тудыратын нормалар




5

Қайталанатын нормалар




6

Құқық нормаларының олқылықтары




7

Артық бланкеттік және сілтеме нормалардың болуы




8

Өзге





      Мемлекеттік органның жауапты орындаушысы

      (Т.А.Ә., лауазымын, құрылымдық бөлімшенің атауын, жұмыс телефонын, электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып)

      Талдамалық анықтама жасалған күні: 20__ жылғы ______

  Құқықтық мониторинг
жүргізу қағидаларына
7-қосымша

      _________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

құқықтық мониторинг жүргізу кезінде

      ________________________________________________

      (нормативтік құқықтық акті(-лер) нысаны(-нда))

құқықтық норма кемшіліктерінің жоқтығы туралы анықтама

      20__ жылғы ______ айында құқықтық мониторинг жүргізу кестесіне сәйкес "___" (саны) нормативтік құқықтық актіге қатысты құқықтық мониторинг жүргізілді, оның ішінен мынадай нормативтік құқықтық актіде(-лерде) құқықтық норма кемшіліктері жоқ:

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің түрі, қабылданған күні, нөмірі мен атауы

Мемлекеттік органның жауапты орындаушысының Т.А.Ә. (лауазымын, құрылымдық бөлімшенің атауын, жұмыс телефонын, электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып)








      20__ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 тамыздағы
№ 486 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 729-құжат).

      2. "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 145 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 285-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 722-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 346 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 175-құжат).