"Нормативтік қүқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 145 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен

            Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 486 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 729-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүргізу мынадай кезеңдерді:

      осы Қағиданың 4-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылатын құқықтық мониторинг объектісіне қатысты ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды;

      2) осы Қағиданың 19-тармағына сәйкес талдау анықтамасын жасауды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтаған жағдайда, тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді;

      4) құқықтық мониторинг жүргізетін уәкілетті орган Қазақстан

      Республикасының заңнамасына қайшы келетін ескірген, сыбайлас

      жемқорлықты тудыратын және оның құзыретіне жатпайтын тиімсіз іске

      асырылатын құқық нормалары анықталған жағдайда, тиісті уәкілетті органға ұсыныс жіберуді қамтиды.";

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік орган басшысының (оның міндетін атқарушының) бұйрығымен ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей, тиісті құрылымдық бөлімшелердің өзінің уәкілетті органының бөлімшелерімен бірлесіп, Нормативтік құқықтық актілер тіркеліміне енгізілген, оларға қатысты құқықтық мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілерді (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемегенде) әр айға бөліп және олардың тізбесін көрсете отырып, алдағы күнтізбелік жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу кестесі (бұдан әрі - кесте) бекітіледі.";

      18-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жүргізілген жұмыстың қорытындылары бойынша уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшелері осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жеке нысандары бойынша жылына екі рет, жарты жылдықтың соңғы айының 30-күніне дейін тіркелімге сәйкес мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қоса отырып, оларды қабылдаудың хронологиялық тәртібімен талдау анықтамаларын, сондай-ақ кестенің көшірмесін Қазақстан Республикасының әділет органдарына ұсыну үшін мынадай тәртіппен:";

      19-тармақта:

      2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар анықталған, қайталанатын немесе декларативтік сипаттағы нормативтік құқықтық актілердің қолдану практикасын талдауды;";

      3) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсынымдарды (немесе езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің жобасы немесе норманың, баптың, тармақтың, тармақшаның жаңа редакциясы ұсынылады);";

      21-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Мониторинг үшін пайдаланылатын нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат жинау, есепке алу және сақтау мақсатында әзірлеуші уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшелері осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес мынадай нормативтік құқықтық актілер:";

      төртінші бөлік алынып тасталсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Тіркелімдер электрондық тәсілмен жүргізіледі.";

      23, 25-тармақтар алынып тасталсын;

      26, 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Әділет органдары:

      1) Осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жауапты мемлекеттік органдарды бекіте отырып, құқықтық мониторинг жүргізуге жататын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары бойынша бірыңғай тіркелімдерді (бұдан әрі - бірыңғай тіркелімдер) электрондық түрде;

      2) құқықтық мониторингілеуге жататын Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері бойынша нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу тізілімі) қағаз түрінде жүргізеді.

      Мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрі белгілейді.

      27. Әділет органдарында бірыңғай тіркелімдерді және мемлекеттік тіркеу тізілімін:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде жауапты хатшы белгілеген құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері;

      2) әділет органдарының аумақтық бөлімшелерінде аумақтық органның бірінші басшысы (немесе оның міндетін атқарушы) белгілеген құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері жүргізеді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Уәкілетті органдар тіркелімдерге мәліметтерді енгізуді нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және тиісті хабарламаны бірыңғай тіркелімге енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

      "32-1. Уәкілетті органдар ай сайын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі қорытындыларын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі корпоративтік порталының "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі" кіші жүйесіне толтырады және орналастырады.

      Уәкілетті органдар ай сайын нормативтік құқықтық актілердің жүргізілген құқықтық мониторингінің қорытындылары бойынша материалдарды өзінің интернет-ресурсында орналастырады және жаңартып отырады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Прьер-Министрі

С.Ахметов