Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысы

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 98-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 30 шілдедегі
№ 450 қаулысымен   
бекітілген      

Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесі

      1. Индустрияны дамыту саласында:
      «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы.
      2. Технологиялық даму саласында:
      «Технологиялық даму жөнiндегi ұлттық агенттiк» акционерлік қоғамы;
      «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамы.
      3. Жергілікті қамтуды дамыту саласында:
      «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoС» акционерлік қоғамы.
      4. Инвестициялар тарту саласында:
      «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.
      5. Экспортты дамыту және ілгерілету саласында:
      «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы;
      «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.
      6. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қолдау көрсету саласында:
      «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы;
      «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы.
      7. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тiкелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, технологиялық даму саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті заңды тұлғалар:
      «Астана Innovations» акционерлiк қоғамы;
      «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингi» акционерлiк қоғамы;
      «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
      «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
      «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлiк қоғамы;
      «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
      «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 30 шілдедегі
№ 450 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 669-құжат).
      2. «Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 41, 613-құжат).
      3. «Қазақэнергиясараптама» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1294 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 915-құжат).
      4. «Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 592 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 37, 358-құжат).
      5. «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 699-құжат).
      6. «Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 731 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 47-48, 378-құжат).