Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2016 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 669-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесінде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және оны өткізу жөніндегі дирекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов