"Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 147 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 380 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 147 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 82-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 147 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 380 қаулысына
қосымша

"Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар

Жобаның атауы

Өтініш

беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота (адам)

1

2

3

4

5

"Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту"

"SINOPEC Engineering (Group) Co., Ltd" Қазақстандық филиал

Атырау қаласы, Атырау облысы

2013-2016 жылдар

2016 жыл: 2050