"Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту тур

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 380 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 147 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 82-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2015 жылғы 19 наурыздағы 
№ 147 қаулысына     
қосымша          

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 380 қаулысына     
қосымша         

«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар

Жобаның атауы

Өтініш
беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота (адам)

1

2

3

4

5

«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту»

«SINOPEC Engineering (Group) Co., Ltd» Қазақстандық филиал

Атырау қаласы, Атырау облысы

2013-2016 жылдар

2016 жыл: 2050