"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 370 қаулысы.

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 370 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 16-17, 91-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында:

      "Кіріспе" деген 2-бөлімде:

      "Негізгі терминдер мен анықтамалар" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;";

      "Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері, оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген 4-бөлімде:

      "Міндеттері" деген 4.3-кіші бөлімде:

      3-тармақта:

      "Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер" деген 4-кестеде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:

      "

4

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру ұсынылған (толық қаржыландырылған) жобалардың саны

3

-

-

-

-

3


      ";

      "Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер" деген 9-кестеде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру кезінде жұмсалған шығындары өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

12

13

10

10

10

55


      ";

      "Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер" деген 10-кестеде:

      реттік нөмірлері 2, 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау кезінде жұмсалған шығындары өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

5

3

3

3

3

17

3

Технологиялық процестерді жетілдіру кезінде жұмсалған шығындары өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

8

9

10

10

10

47

4

Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру кезінде кәсіпкерлер жұмсаған шығындар өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

1

4

3

3

3

14


      ";

      "Бағдарламаның негізгі бағыттары" деген 5-бөлімде:

      "Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы

      мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.";

      "Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 22-2-тармақпен толықтырылсын:

      "22-2. Кепілдік жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.";

      51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Кредит ресурстары микроқаржы ұйымдарына мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, нысаналы пайдалану және қамтамасыз ету шарттарында не қаржылық орнықты микроқаржы ұйымдарына үшін қамтамасыз етусіз беріледі.

      52. Микрокредиттер беру мынадай тәсілмен жүзеге асырылады:

      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарлама шеңберінде микрокредит беру мәселесі бойынша консультациялар aлу үшін МУҰ-ға және (немесе) микроқаржы ұйымдарына өтініш білдіреді;

      2) шағын кәсіпкерлік субъектісі жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және МУҰ-ға, Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өтінімдерді қабылдауды Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымы жүзеге асырады);

      3) МУҰ, микроқаржы ұйымы жобаға бағалау жүргізеді, қорытынды береді және микрокредит берудің мүмкін (немесе мүмкін емес) екені туралы шешім қабылдайды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жобаны бағалауды, қорытынды беруді және микрокредит берудің мүмкін (немесе мүмкін емес) екені туралы шешім қабылдауды микроқаржы ұйымы жүзеге асырады);

      4) микроқаржы ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне дейінгі мерзімде МУҰ-ға Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттер бойынша ақпарат береді.

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беру қағидаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, МУҰ-ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беруіне жол берілмейді.";

      "Жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау" деген кіші бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау";

      55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Шағын кәсіпкерлік субъектілері микроқаржы ұйымдарынан бюджеттен тыс көздерден алған микрокредиттер микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатады.

      56. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды салалық шектеулерсіз шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда іске асыруға берілетін жаңа микрокредиттер бойынша қаржы агенттігі жүзеге асырады.";

      58-тармақ алып тасталсын;

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін микрокредиттер де субсидиялауға жатады.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың 10 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын шағын кәсіпкерлік субъектісі төлейді. Бұл ретте "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындық мақсатында көрмелерге, симпозиумдарға, көрсетілімдерге, конкурстарға қатысуға алынған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша субсидиялау мөлшерлемесі 14 %-ды құрайды.";

      65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру уәкілетті органның қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бөлінген қаражаттың барлық сомасын аударуы жолымен республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      66. Қаржы агенттігі микроқаржы ұйымдарын Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді субсидиялау мәселелері бойынша хабардар етеді.";

      68, 69, 70, 72, 73, 74 және 75-тармақтар алып тасталсын;

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында регламенттеледі.";

      78 және 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Микроқаржы ұйымдары үшін ішінара кепілдікті қаржы агенттігі береді.

      79. Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне кепілдік беруді қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржы агенттігі арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.";

      82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89 және 90-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Кредиттің нысаналы пайдаланылмауы, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдіктер беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмауы фактілері анықталған жағдайда қаржы агенттігі кепілдіктің күшін жояды.

      83. Микроқаржы ұйымы ішінара кепілдік алу үшін банкке қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит алуға өтініш береді.

      84. Банк өз бетінше ішкі құжаттарда белгіленген рәсімге сәйкес микроқаржы ұйымының қызметіне бағалау жүргізеді және ұсынылған ақпарат пен кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде қамтамасыз етудің кепіл құнына бағалау жүргізеді, одан кейін қаржы агенттігінің кепілдігімен микроқаржы ұйымын қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Микроқаржы ұйымын қаржыландыру жөнінде оң шешім қабылданған жағдайда банк 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды жібереді.

      85. Қаржы агенттігі 10 (он) жұмыс күні ішінде банк ұсынған құжаттарды қарайды және ішінара кепілдік беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды. Ішінара кепілдік беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда қаржы агенттігі банкке кепілдік берудің мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хат жібереді.

      86. Қаржы агенттігінің оң шешімі туралы хатын алғаннан кейін банк микроқаржы ұйымына қажетті кепілдік сомасының есептемесін көрсете отырып, жасалатын кредит шарттары туралы тиісті хат ұсынады.

      87. Банк пен микроқаржы ұйымы арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін банк, қаржы агенттігі және микроқаржы ұйымы микрокредит беру жөнінде кепілдік шартына қол қояды.

      88. Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында уәкілетті орган кезекті жылдың басында қаржы агенттігіне микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.

      89. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі кепілдік шарттарының жасалуына қарай жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін қаржы агенттігіне аударылады.

      90. Қаржы агенттігі жасалатын кепілдік шарттары бойынша ақы төлеу үшін тиісті қаржы жылына бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана жобалар бойынша құжаттарды қабылдайды. Бұл жағдайда кепілдік шартын жасасу фактісі бюджет қаражатын игеру болып табылады.";

      91-тармақ алып тасталсын;

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:

      1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      2) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

      3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

      4) индустриялық аймақтары құру;

      5) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру.";

      мынадай мазмұндағы 95-1-тармақпен толықтырылсын:

      "95-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға

      2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.";

      "Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы 117-2-тармақпен толықтырылсын:

      "117-2. Кепілдік жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.".

      163-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

      "Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру

      163-1. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы

      9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12640 болып тіркелген Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге "Қазақстанның даму банкі" АҚ еншілес ұйымы "ҚДБ-Лизинг" АҚ ұсынады.

      163-2. Кәсіпкер ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды пайдалану кезінде жобаны іске асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының кемінде 15 %-ы мөлшерінде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуге тиіс.

      163-3. Лизинг мәнінің құны кемінде 150 млн. теңге болуға тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін кемінде 75 млн. теңге).

      163-4. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі өтінім беруші үшін 5 % құрауға тиiс, бұл ретте "ҚДБ-Лизинг" АҚ бюджеттік кредиті мен өзге де қорландыру құралдарының қатынасы 80/20 құрауға тиіс. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну көлемін ұлғайту мақсатында осы Бағдарламада айқындалған шарттармен өтелген лизингтік төлемдер есебінен ақша қаражатын қайта пайдалануға жол беріледі. Осы талаптар "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген "Өнімділік 2020" бағдарламасы шеңберінде 2011–2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.

      163-5. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін кәсіпкер "ҚДБ-Лизинг" АҚ-қа мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:

      1) бірінші басшының, бас бухгалтердің (бар болса) қолдары қойылған және мөрмен расталған өтінім;

      2) өтінім берушінің Бағдарлама талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді көрсететін жобаның паспорты. Жоба паспортының нысаны Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларымен бекітілген;

      3) бизнес-жоспар, жобаның ТЭН-і, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесіне сәйкес әзірленген кешенді жоспар;

      4) бірінші басшы қол қойған және мөрмен расталған сауалнама;

      5) кредиттік тарих субъектісінің (заңды және жеке тұлғаның) кредит бюросына ол туралы ақпаратты беруге және кредиттік тарихы туралы ақпарат алуға кредиттік тарих субъектісінің бірінші басшысы, "ҚДБ-Лизинг" АҚ тарапынан басқарма төрағасы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қойған келісімі;

      6) әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмесі/электрондық түрде тіркелген заңды тұлға туралы анықтама;

      7) қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қойылғаны туралы куәлік (бар болса);

      8) құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты, жарғы) нотариус куәландырған көшірмелері, әділет органдарында тіркелген өзгерістер мен толықтырулар/әділет органының алғаны туралы белгісі бар енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарламалар;

      9) жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органынан анықтаманың түпнұсқасы және/немесе электрондық құжат;

      10) бірінші басшыны сайлау/тағайындау туралы мөрмен расталған шешімнің немесе бұйрықтың нотариус куәландырған көшірмесі түрінде, бірінші басшының лауазымға кірісуі туралы бұйрық, бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрық, бас бухгалтерге немесе өзге тұлғаларға төлем, қаржы және өзге құжаттарға қол қою құқығына өкілеттік беру туралы бұйрық;

      11) жарғылық капиталдың қалыптастырылуын растайтын құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері не мөрмен расталған көшірмелері (төлем тапсырмасы, кіріс кассалық ордер, жарғылық капиталды мүлікпен қалыптастырған кезде мүлікті қабылдау-тапсыру актісі, ақшаны және басқаларды қоспағанда мүліктің тәуелсіз бағасы);

      12) лизинг алушының ұйымдық-құқықтық нысаны – акционерлік қоғам болған жағдайда, акциялардың 5 және одан да көп % иелері туралы бағалы қағаздар иелерінің тізілімі жүйесінен үзінді;

      13) өтінім берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны – жауапкершілігі шектеулі серіктестік болған жағдайда (серіктестік тізілімін жүргізуге шарт болған жағдайда) серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесіне меншік құқығын растау туралы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары тізілімінен үзінді;

      14) әлеуетті лизинг алушының атынан, егер бұл тұлға әлеуетті лизинг алушының өкілі болып табылса құжаттарға және "ҚДБ-Лизинг" АҚ-мен жасалатын шарттарға қол қою құқығына тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат (хаттамадан үзінді, сенімхат);

      15) бірінші басшының, бас бухгалтердің немесе әлеуетті лизинг алушының атынан өкілдік ететін тұлғаның (егер әлеуетті лизинг алушының мүддесін сенімхат бойынша өкілі білдірген жағдайда) қолдарының үлгілері бар және әлеуетті лизинг алушы мөрінің таңбасы бар нотариус куәландырған құжат;

      16) әлеуетті лизинг алушының бірінші басшының, бас бухгалтердің немесе сенімхат негізінде әлуетті лизинг алушының атынан өкілдік ететін тұлғаның нотариус куәландырған жеке куәліктерінің көшірмелері;

      17) құжаттардың мөрмен расталған көшірмелері: жеке тұлға үшін – жеке куәлік, заңды тұлға үшін – жарғы, заңды тұлғаның атқарушы органын (бірінші басшысын) тағайындау туралы құрылтайшылар шешімі;

      18) акцияларды орналастырудың қорытындысы туралы есептердің көшірмелері, барлық өзгерістері мен толықтырулары бар акцияларды шығару проспектісі, акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, аффилийрленген тұлғалар (акционерлік қоғамдар үшін) туралы мәліметтер;

      19) соңғы үш жылдың және соңғы есепті күнге (тоқсан, жартыжылдық, 9 ай) (акционерлік қоғамдар үшін жылдық қаржылық есептілік аудитпен расталуы тиіс) әлеуетті лизинг алушының қаржылық құжаттары (БҚЖК бойынша № 1, 2, 3 және 4 нысандар);

      20) сомаларын, мерзімдерін көрсете отырып кредиторлық, дебиторлық және қаржы берешектерін және оның қалыптасу себептерін, 3 айдан артық мерзімге кешіктірілген кредиторлық берешекті өтеу және дебиторлық берешекті қайтару бойынша жүргізілетін іс-шараларды таратып жазу, сондай-ақ баланс валютасынан 20 % асатын бухгалтерлік баланс баптарын таратып жазу;

      21) "негізгі құралдар" деген бухгалтерлік баланс баптарын таратып жазу;

      22) қызмет көрсететін банктерден соңғы 12 айдың банктік шоттары бойынша ай сайынғы айналымды көрсете отырып, банк шоттарының бары туралы, несие/мерзімі өткен несие берешек, несие/мерзімі өткен несие берешек сомасының бар болуы немесе болмауы туралы анықтама, картотека бойынша мәліметтер, сондай-ақ лизинг алушының өзге банктік шоттарының бар/жоғы туралы хаты;

      23) салықтар және бюджетке және зейнетақы қорына басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар болуы немесе жоқтығы туралы салыстыру актісін қоса бере отырып, салық комитетінің анықтамасы;

      24) қолданыстағы қарыз, кредиттік желі, қаржылық лизинг шарттарының және ақша қаражатын тарту бойынша өзге де шарттардың көшірмелері;

      25) қосымшалары, ерекшеліктері және барлық өзгерістері мен толықтырулары (мұндайлар болған жағдайда) қоса берілген шарттар және/немесе алдын ала жасалатын шарттар (дайын өнімді өткізу, қызмет көрсету бойынша);

      26) әлуетті лизинг алушы қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаттардың, лицензиялардың және өзге де құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері және/немесе электрондық құжаты;

      27) жобаның іске асырылуы болжанатын жер учаскесіне меншік құқығын/иелену және пайдалану (жалдау) құқығын растайтын (құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары) құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері;

      28) лизинг заттарына құжаттар:

      құнын, жеткізу талаптарын, жеткізу мерзімдерін, кепілді мерзімін, кепілді мерзімнен кейінгі қызмет көрсетудің бар/жоғын және шарттарын көрсете отырып, сатып алынатын лизинг заттарына коммерциялық ұсыныс;

      лизинг заттарына (арнайы техниканы және өзге лизинг заттарын қоспағанда жабдыққа) техникалық құжаттаманың көшірмелері: өнімділікті, энергия тұтынуды, жабдық габариттерін, орындау және жарақтандыру параметрлерін, жұмыс жылдамдығы мен режимін, пайдалы қызмет мерзімін қоса алғанда, конструкциясын, негізгі техникалық сипаттамасы мен жиынтықталуын сипаттай отырып, сатып алынатын лизинг заттарына техникалық ұсыныс;

      басқа өнім берушілерден ұқсас жабдыққа баламалы техникалық және коммерциялық ұсыныстар;

      СЭҚ ТН кодын беру бойынша брокерлік компанияның қорытындысы, келісімшарт болған жағдайда кеден органынан КО СЭҚ ТН кодының алдын ала шешімі беріледі (түпнұсқалар және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер);

      лизинг заттары үшін үй-жайлар мен инфрақұрылымға арналған техникалық құжаттаманың көшірмелері (арнайы техника, автокөлік және өзге лизинг заттарын қоспағанда, жабдыққа): жылжымайтын мүлік объектілеріне (лизинг заттарын орналастыру үшін), қосалқы үй-жайларға (ілеспе өндіріске) және инженерлік инфрақұрылымға техникалық паспорттар; жаңа, салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілеріне (лизинг заттарын орналастыру үшін) және қосалқы үй-жайларға жобалау және құрылыстың нақты дайын кезеңінің құжаттары беріледі (мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, құрылысқа рұқсат, қабылдау комиссиясының актісі және басқалар). Техникалық паспорт оларды алу шамасына қарай беріледі;

      лизинг заттарын орналастыруға арналған (қажет болған жағдайда) жылжымайтын мүліктің жоспарланатын құрылысына, реконструкциясына, күрделі жөнделуіне (егер жөндеу жүргізген кезде конструкциялық немесе тіреу элементтері, сондай-ақ көлемді сипаттамалары мен ғимараттың қауіпсіздігі өзгерсе) жобалау-сметалық құжаттама (түпнұсқалар және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер);

      лизинг заттарының пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін (қажет болған жағдайда) инженерлік инфрақұрылымның жобалау немесе техникалық құжаттамасы (түпнұсқалар және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер) (құрылыс жобасы немесе инженерлік желілерге, жүйелерге немесе коммуникацияларға техникалық паспорт пен талаптар);

      негізгі өнім берушіні таңдауға негіз болған өлшемшарттар мен параметрлерді көрсете отырып, бағалардың егжей-тегжейлі салыстырмалы талдауын, техникалық сипаттамаларын, өндірістің технологиялық әдістерін қоса алғанда, негізгі және балама коммерциялық және техникалық ұсыныстардың салыстырмалы бәсекелес талдау;

      сатып алынатын жабдыққа және басқаға сертификаттар, сондай-ақ дилерлік сертификаттар (авторландыру); дайын өнімді өткізуге арналған алдын ала жасалған шарттар болған кезде конструкциясын, қасиеттерін, қолданыстағы нормативтер мен стандарттарға сәйкестігін көрсете отырып, сатып алынатын жабдыққа арнап шығару жоспарланатын бұйым ассортиментінің сипаттамасы;

      жаңа өндіріс құрылған немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды түбегейлі жаңғыртқан кезде, технологиялық жоба ұсынылады;

      29) ҚОӘАБ сатысында кейіннен ҚОӘБ мен ҚОҚ сатыларында қорытындылар (түпнұсқа және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер) ұсынбай мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы (инвестициялар, сондай-ақ ТЭН, ТЭЕ, бизнес-жоспарлар және басқа жобалау алдындағы құжаттардың негіздемесі);

      30) лизинг заттарын сатушылардың құжаттары:

      қазақстандық заңды тұлғалар үшін:

      жарғының;

      мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың;

      салық төлеуші куәлігінің;

      сатушының уәкілетті органының атқарушы органды (бірінші басшыны) тағайындау туралы шешімінің;

      атқарушы органның (бірінші басшының) лауазымға кірісуі туралы бұйрығының;

      бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжаттың;

      заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың (акционерлік қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктер қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын қоспағанда);

      мемлекеттік лицензияның (егер клиенттің қызметі "Рұқсаттар

      мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланған жағдайда);

      әлеуетті өнім берушінің (сатушының) сауалнамалық деректерінің нотариус куәландырған көшірмелері;

      шетелдік заңды тұлғалар үшін апостиль қойылған және/немесе нотариус куәландырған аудармасы бар заңдастырылған құжаттардың;

      құрылтай құжаттарының;

      жарғының (болған жағдайда);

      ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен (аудармасы бар нотариус куәландырған көшірмелер) операцияларды жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға өкілеттігі (-ктері) бар лауазымды тұлғаның (-лардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (-тардың) көшірмелері;

      ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол қою құқығына тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттар;

      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі фактісін растайтын уәкілетті орган берген құжат;

      заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттар (акционерлік қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктер қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда);

      заңды тұлға орналасқан жердің мекенжайын куәландыратын құжат;

      әлеуетті өнім берушінің (сатушының) сауалнамалық деректері;

      31) қамтамасыз ету бойынша құжаттар (кепілдіктер, кепілгерлік, кепілзаттар және басқалар);

      32) лизинг затын қаржылық лизинг шарттарында сатып алу, сатушыны таңдау, лизинг мерзімі, лизингтік мәміле шеңберінде әлеуетті лизинг алушының атынан шарттарға қол қою үшін тұлғаға өкілеттік беру, мүлікті кепілге беру және мүлікті соттан тыс сатуға келісім (мүлікті кепілге берген жағдайда) туралы әлеуетті лизинг алушының уәкілетті органы шешімінің (жалғыз қатысушының шешімі немесе қатысушылардың жалпы жиналысының немесе акционерлер жалпы жиналысының немесе қоғам директорлары кеңесінің хаттамасы немесе егер бір тұлғалы орган болса, қоғамның атқарушы органының бұйрығы немесе егер құзыретіне байланысты алқалы орган болса, басқарма хаттамасы) көшірмелері.";

      163-6. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынғаннан кейін "ҚДБ-Лизинг" АҚ осы Бағдарламаның 163-1-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігін тексеруді, ішкі нормативтік құжаттарда көзделген тәртіпте және мерзімдерде индустриялық-инновациялық жобаның сараптамасын жүзеге асырады.

      163-7. Оң шешім болған жағдайда "ҚДБ-Лизинг" АҚ пен кәсіпкер қаржы лизингі шартын жасасады.

      163-8. "ҚДБ-Лизинг" АҚ Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты мен кәсіпкерді мұндай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну туралы қабылданған шешім бойынша хабардар етеді.

      163-9. "ҚДБ-Лизинг" АҚ пен кәсіпкердің арасында қаржы лизингі шарты жасалғаннан кейін "ҚДБ-Лизинг" АҚ Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен және кәсіпкермен Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісім жасасады. Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімнің үлгілік нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған кәсіпкер Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімге сәйкес еңбек өнімділігін ұлғайтады.";

      "Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" деген кіші бөлімде:

      171-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, банк:";

      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Егер банк кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19 %-дан кем болған жағдайда, онда оның 6 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.";

      175-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "175. Лизингтік компаниялардың/банктің/Даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизинг шарттары бойынша да субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте лизингтік компания/банк/Даму банкі:";

      "Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру" құрауышы" деген кіші бөлімде:

      276 және 277-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "276. "Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру" құрауышы сарапшыларды тарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру, озық өндірістік тәжірибелерді енгізу мәселелері бойынша кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерін оқытуға, даярлауға және/немесе қайта даярлауға бағытталған.

      277. "Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру" құрауышы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында айқындалған экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырған кәсіпкерлерге ұсынылады.";

      279-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "279. "Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру" құрауышы шеңберінде:

      1) өтінім берілген күнге дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын 40 (қырық) пайыз, бірақ жылына 1 (бір) қызметкерге 2 миллион теңгеден және бір кәсіпорын бойынша 15 (он бес) қызметкерден аспайтын мөлшерде, кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерін даярлауға және/немесе қайта даярлауға кәсіпорын жұмсаған шығындарды өтеу;

      2) өтінім берілген күнге дейін кемінде 12 (он екі) ай бұрын, 40 (қырық) пайыз мөлшерінде, бірақ жылына 1 (бір) маманға 9 (тоғыз) миллион теңгеден аспайтын, бір кәсіпорын бойынша жылына 3 (үш) маманнан көп емес сарапшыларды тарту жолымен озық өндірістік практикаларды енгізуге кәсіпорын жұмсаған шығындарды өтеу көзделеді.";

      280-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің қол қоюы үшін құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді 2 данада қоса бере отырып, хабарлама жібереді. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін бір данасын құрауыш операторына қайтарады;";

      283-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;";

      "Кәсіпорындарды технологиялық дамыту" құралы" деген кіші бөлімде:

      324-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау";";

      "Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрауышы" деген кіші бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрауышы":

      325, 326, 327 және 328-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "325. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрауышы "Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" бөлімі шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларын іске асыру шеңберінде карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және/немесе сараптауға бағытталған.

      326. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрауышы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында айқындалған индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын немесе экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметті жүзеге асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге ұсынылады.

      327. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды өтеу жүзеге асырылады.

      328. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрауышы шеңберінде:

      "Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" бөлімі және Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын іске асыру шеңберінде лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге кәсіпорын жұмсаған шығынды 50 (елу) пайызы мөлшерінде, бірақ 2 (екі) миллионнан аспайтын көлемде өтеу;

      карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау үшін өтінім берілген күнге дейін кемінде 12 (он екі) ай бұрын кәсіпорын жұмсаған шығындарды 50 (елу) пайызы мөлшерінде, бірақ 15 миллион теңгеден аспайтын көлемде өтеу көзделеді.";

      329-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілетін құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің қосымшаларымен бірге хабарламаны 2 (екі) данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы бір данасын Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;";

      332-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;";

      "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрауышы" деген кіші бөлімде:

      336 және 337-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "336. "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрауышы:

      1) кәсіпорынның жалпы жұмыс істеуін оңтайландыруға;

      2) өнеркәсіптік дизайнды әзірлеуге;

      3) инженерлік ой мен шешімді дайындауға, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықтарды іздеуге және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындауға;

      4) өнімдерді өндіру процестерін қамтамасыз етуге, сүйемелдеуге және басқаруға бағытталған.

      "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрауышы бойынша шығындардың түрлері Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған.";

      "337. "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрауышы қызметін Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған экономиканың қызмет түрлері бойынша кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлерге ұсынылады.";

      339-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "339. "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрауышы шеңберінде өтінім берілген күнге дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын кәсіпорын жұмсаған шығындарды 40 (қырық) пайызы мөлшерінде, бірақ 30 (отыз) миллион теңгеден аспайтын көлемде өтеу көзделеді.";

      340-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің қосымшаларымен бірге хабарламаны 2 (екі) данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы бір данасын Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;";

      343-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;";

      "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрауышы" деген кіші бөлімде:

      348-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "348. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрауышы қызметін Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында айқындалған экономиканың қызмет түрлері бойынша кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлерге ұсынылады.";

      350-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "350. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрауышының шеңберінде өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған құжаттаманы әзірлеуге және/немесе прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге, өтінім берілген күнге дейін 12 (он екі) ай бұрын, кәсіпорын жұмсаған шығындардың 40 (қырық) пайызы мөлшерінде, бірақ 20 (жиырма) миллион теңгеден аспайтын көлемде өтеу көзделеді.

      "Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру" құрауышы бойынша шығындар түрі Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалады.";

      351-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) шығындарды өтеу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің қосымшаларымен бірге хабарламаны 2 (екі) данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы бір данасын Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары белгілеген тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;";

      354-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;";

      390-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

      "Макроөңірлер аумағында инвестициялық жобаларды іске асыратын ірі бизнес айналасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

      390-1. Ірі компаниялардың айналасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларды іске асыру шарттары.

      Мемлекеттің қала түзуші кәсіпорындармен әріптестік бағдарламаларды іске асыру ірі компаниялардың, мемлекеттің және қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру арқылы өңірлерде шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.

      390-2. Бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен мыналарды:

      1) кредиттер бойынша субсидиялау мен кепілдік беруді;

      2) инфрақұрылым жеткізуді;

      3) "Бизнес-Кеңесші" жобасын;

      4) "Бизнес-Өсу" жобасын;

      5) "ШОБ топ-менеджментін оқыту" құрауышын;

      6) бизнесті жүргізуді сервистік қолдауды;

      7) "Іскер байланыс" жобасы шеңберінде квоталар беруді қамтитын құралдар топтамасы ұсынылатын болады.

      390-3. Әріптестік бағдарламаларды іске асырудағы ірі компаниялардың рөлі:

      1) жергілікті өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуден, кәсіпорындар шығаратын өнімдерді ірі кәсіпорындарда сұранысқа ие өнімдер тізбесіне қосудан;

      2) "келесі қайта өңдеулерді" дамыту үшін шикізатқа арналған квоталарды ұсынудан;

      3) қызметтің баламалы түрлерін дамыту жөніндегі жобаларды қолдаудан тұрады.

      Халықаралық ұйымдар мыналарға:

      1) технологияларды тартуға және жабдықтарды сатып алуға;

      2) оқыту бағдарламалары мен мамандандырылған тренингтерді ұйымдастыруға;

      3) консультациялар үшін кәсіпорындарға тікелей шетелдік жоғары білікті мамандарды тартуға жәрдем көрсететін болады.

      390-4. Әріптестік бағдарламаларды іске асыру тетігі:

      1) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ірі компаниялармен бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу;

      2) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ірі компания, жергілікті атқарушы органдар, "Даму" КДҚ" АҚ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою;

      3) кәсіпкерлерді қоғамдық ұйымдарға біріктіру;

      4) ірі компаниялармен жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі негізінде сатып алу үшін пилоттық бағыттарды, жауапты адамдарды және өзара іс-қимыл форматын айқындау;

      5) жергілікті ШОБ субъектілерінің өзекті тізілімін жасау және жүргізу және оларды өнімдердің түрлері бойынша бөлу;

      6) жүйе құраушы компаниялардың, әкімдіктің, "Даму" КДҚ" АҚ-ның қатыстуымен ШОБ субъектілерімен мерзімді кеңестерін өткізу;

      7) ШОБ мүдделі компанияларының қатарынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу және олар үшін таңдап алынған пилоттық бағыттар бойынша мамандандырылған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру; кәсіпкерлерге қызметтің жаңа түрін дұрыс жолға қою, бизнес-жоспар әзірлеу, технологиялар мен жабдықтар сатып алу, маркетингті ұйымдастыру мен өткізу мәселелері және басқа да мәселелер бойынша жеке консультациялық көмек ұсыну;

      8) жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу;

      9) қаржыландыруды ұсыну, жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізуге жәрдемдесу мәселелерін шешу.

      390-5. "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі – ӘКК) әріптестік бағдарламаларды іске асыру операторы болып табылады.

      Оператордың функцияларына:

      1) әріптестік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу;

      2) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша тұрақты жұмыс істейтін жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру;

      3) жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алу үшін ірі компаниялармен бірге тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;

      4) жергілікті ШОБ субъектілерінің – бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың тізілімін жасау және оны жүргізу;

      5) ШОБ мүдделі компанияларының қатарынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу;

      6) кәсіпкерлерге мамандандырылған семинарлар мен тренингтер, басқа да мәселелер бойынша консультациялық көмекті ұйымдастыру;

      7) бағдарламаға қатысушыларға жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға жәрдемдесу жатады.

      390-6. Әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ӘКК операторлық көрсетілетін қызметтердің ақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін болады.".

      "Бағдарламаның критерийлері" деген кіші бөлімде:

      411-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушы бола алмайды;".

      "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:

      "Бірінші бағыт: "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" деген жолда:

      "Жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау" деген 6-тарауда:

      реттік нөмірлері 1, 2 және 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Микроқаржы ұйымдары ұсынатын субсидиялау үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын өңірлік үйлестіру кеңестерінде қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

ӨҮК шешімі (хаттамасы)

ЖАО

талап етілмейді



2

"Даму" КДҚ" АҚ мен микроқаржы ұйымдары арасында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын субсидиялауға шарттар жасасу

бірл.

ай сайын

субсидиялау шарттары

"Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша), ЖАО

талап етілмейді



3

"Даму" КДҚ" АҚ -ның екінші деңгейдегі банктерге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша субсидиялар төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

"Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар



200 000

200 000

200 000

200 000



Республикалық бюджет


      ";

      "Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру" деген 7-тарауда:

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Кепілдік туралы шарттар жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

"Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

талап етілмейді






2

"Даму" КДҚ" АҚ -ның кепілдік төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

қаражат аудару

ҰЭМ






85 000

85 000

85 000

85 000






Республикалық бюджет


      ";

      "Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну" деген жолда:

      "Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру" деген 3-тарауда:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Кәсіпорынның құзыретін жоғарылату, индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу, технологиялық процестерді жетілдіру, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін жоғарылату

бірл.

Өтінімдердің түсу шамасына қарай

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойы нша), ИДМ, "КИДИ" АҚ

299 214*

627 793*

274 145*

477 050*

198 811*



Республикалық бюджет


      ";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "* Ескертпе: осы іс-шараларға болжанатын шығыстар тиісті жылдарға арналған "Республикалық бюджет туралы" Заңмен бекітілетін болады.".

      2. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 41-42,

      308-құжат):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;

      3) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларында:

      "Жалпы ережелер" деген 1-тарауда:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жалпы санның 50 %-нан кем емес бизнес-қауымдастықтарының қатысуымен құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган";

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлерді қоспағанда, МУҰ/МҚҰ моноқалаларда және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер береді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру МҚҰ арқылы немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда МУҰ арқылы жүзеге асырылады.

      МУҰ ӨҮК шешімімен айқындалады.

      МҚҰ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беруі МУҰ кредит ресурстарын бергеннен кейін жүзеге асырылады.

      Егер облыс шегінде осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес 30 балл және одан жоғары жинаған МҚҰ болмаған жағдайларда не егер, ӨҮК МУҰ-ны айқындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде МҚҰ-дан өтінімдер болмаса, осы облыстың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру тікелей МУҰ арқылы не осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес 30 балл және одан жоғары жинаған, басқа өңірде тіркелген, бірақ осы облыста филиалдық желісі бар МҚҰ арқылы жүзеге асырылады";

      "Микрокредиттер беру шарттары" деген 3-тарауда:

      10-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12 %-дан аспауға тиіс, микрокредитті тікелей МУҰ-ға берген жағдайда микрокредит бойынша жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі 6 %-дан аспауға тиіс;";

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) микрокредиттерін толығымен өтеген Бағдарлама қатысушылары осы Бағдарламаның талаптары мен шарттары шеңберінде микрокредит алу үшін қайта жүгінуге құқылы.";

      "МҚҰ-ның кредит беру тәртібі мен шарттары" деген 4-тарауда:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. МҚҰ мен МУҰ арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттік шарт жасалады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. МУҰ кредит ресурстарын МҚҰ-ға мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, нысаналы пайдалану және қамтамасыз ету шарттарында не қаржылық орнықты МУҰ-ға қамтамасыз етусіз беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен МУҰ алған кредит бойынша шарттар шеңберінде бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша МҚҰ және (немесе) соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен МУҰ/МҚҰ кредиттеуге жол беріледі.".

      "Мониторинг" деген 5-тарауда:

      19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бюджеттік кредит/микрокредит берілгеннен кейін МҚҰ-ға және (немесе) қарыз алушыларға бару (бір бюджеттік кредит/микрокредит бойынша бір реттен артық баруына рұқсат етілмейді) арқылы қарыз алушыларға берілген микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.";

      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5) көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6) көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      "Жалпы ережелер" деген 1-тарауда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыруы бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін/жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетіктерін айқындайды.";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) банк-төлем агентi – исламдық лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және исламдық лизингтік компаниялардың исламдық лизинг шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару мен есептен шығаруға арналған исламдық лизингтік компанияның арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс исламдық лизинг компаниясының уәкілетті банкі;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерді ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша тауарға үстеме бағаны/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін ішінара субсидиялайды;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалатын Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке жіберілген нысаналы трансферт қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын уәкілетті орган бекітеді.";

      "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары" деген 2-тарауда:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер, Бағдарламаның бірінші бағытына салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай қатыса алады;";

      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, қаржыландыру, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;";

      19-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын қаржыландыру бойынша ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда кәсіпкерлерді қаржыландыруды субсидиялауға жол беріледі.";

      20-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

      "3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде ӨҮК мақұлдаған уақытта республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн бұрын қабылдануы қажет. Бұл ретте қаржы агенттігі ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның/кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюды қамтамасыз етеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Субсидиялау тауардың үстеме бағасы/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі номиналды 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржыландырулар бойынша ғана жүзеге асырылады.";

      "Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары" деген 3-тарауда:

      26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;";

      35-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын қаржыландыру бойынша ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда кәсіпкерлерді қаржыландыруды субсидиялауға жол беріледі";

      36-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

      "3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде ӨҮК мақұлдаған сәтте республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн бұрын қабылдануы қажет. Бұл ретте қаржы агенттігі ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның/кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюды қамтамасыз етеді.";

      37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау тауардың үстеме бағасы/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі номиналды 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржыландырулар бойынша ғана жүзеге асырылады.

      38. ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау тауардың үстеме бағасы/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі номиналды 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржыландырулар бойынша ғана жүзеге асырылады.";

      41-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) деңгейлерінің саны кемінде 2, тұрақ коэффициенті кемінде

      1 орын/40 шаршы метр сауда алаңы.";

      "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары" деген 4-тарауда:

      45-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;";

      51-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын қаржыландыру бойынша ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда кәсіпкерлерді қаржыландыруды субсидиялауға жол беріледі.";

      53-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрудың шекті мерзімі ӨҮК шешімінде көрсетіледі.";

      54-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

      "3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде ӨҮК мақұлдаған сәтте республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн бұрын қабылдануы қажет. Бұл ретте қаржы агенттігі ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның/кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюды қамтамасыз етеді.";

      55-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Субсидиялау ислам банктерінің номиналды табыс мөлшерлемесі жылдық 19 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады.";

      58-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Субсидиялау исламдық лизингтік компанияның/ислам банкінің жылдық 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін исламдық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін.";

      "Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі" деген 5-тарауда:

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның оң шешімін алған кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана мен Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);

      2) 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландыру шарттары бойынша жеке қаражат (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік) жобасын іске асыруға қатысуды, жобаны іске асырудың жалпы құнынан 10% -дан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қамтамасыз ету мерзімдері қамтылған кәсіпкердің іске асыратын жобасының бизнес-жоспары;

      3) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

      4) тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      5) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      6) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      7) ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерді қаржыландыру бойынша қаржыландыруды ұсыну немесе тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.";

      69-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда, 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландыру шарттары бойынша ӨҮК хаттамасына жеке қаражат (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік) жобасын іске асыруға қатысуды, жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қамтамасыз ету мерзімдері көрсетіледі.";

      "Субсидиялау тетігі" деген 6-тарауда:

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Субсидиялау шартын:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды;

      2) қаржы агенттігі:

      ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан үлгі жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан ерекше шарттары бар жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды.";

      82-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ исламдық лизингтік компаниялар қаржы агенттігімен келісім бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда исламдық лизингтік компаниялар жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидияларды аудару үшін шот ашады.";

      87-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кәсіпкер қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді нақты төлеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидия сомасы алынған жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.";

      88-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабардар еткен/ хабардар етпеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.";

      мынадай мазмұндағы 91-1-тармақпен толықтырылсын:

      "91-1. Қаржы агенттігі ай сайын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қаражаттың болжамды сальдосы бойынша есеп жібереді, оның есебінен жаңа жобаларды қаржыландыруға болады. Бұл ретте Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы ақпаратты ӨКК-нің назарына жеткізеді.";

      "Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау тәртібі" деген 7-тарауда:

      100-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Субсидиялауды тоқтатуды немесе қайта бастауды қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрған күннен бастап жүзеге асырады.";

      109-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық төлеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кейін хабарландырған/хабарландырмаған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.";

      мынадай мазмұндағы 8-тараумен толықтырылсын:

      "8. Бағдарламаның мониторингі

      "112. Бағдарламаның іске асырылу мониторингін қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа қаржыландыруды нысаналы пайдалануын мониторингтеу;

      2) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарлама шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкестігін мониторингтеу;

      4) исламдық лизинг шарты бойынша жобаны іске асыруды (лизинг (жалдау нысанасын пайдалану) мониторингтеу жатады.

      113. Мониторинг функциясын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден және ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияны құрайтын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, кәсіпорын орналасқан жерге бару арқылы жобаның іске асырылу мониторингін жүзеге асыруға құқылы.

      114. Қаржы агенттігі жасаған мониторингтік есепті ислам банкі/исламдық лизингтік компания, кәсіпкер мониторингтік есепті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келіседі және қол қояды.

      115. Мониторинг тәртібі мен мерзімін, сондай-ақ есептілік нысанын қаржы агенттігі белгілейді.";

      "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 2-қосымшада:

      "Қатысушы туралы мәліметтер" деген 2-тарауда:

      "СТН" деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша өзгерістер мен толықтыруларға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      "Терминдер мен анықтамалар" деген 2-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны.";

      "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары" деген 3-бөлімде:

      мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберіндегі жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.";

      "Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары" деген 4-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 31-1 тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, мұндай жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға

      2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны Кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында:

      "Терминдер мен анықтамалар" деген 2-тарауда:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;";

      "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары" деген 3-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Кепілдік жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.";

      "Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары" деген 4-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Кепілдік жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.".

  Өзгерістер мен толықтыруларға
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 370 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары

      Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдарының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беретін микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлерге берген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы

      № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

      2. Субсидиялау кәсіпкерлер микрокредиттер бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      3. Қаржы агенттігінің қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокердиттеуді субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде аударады. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      5. Субсидиялау нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      6. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) банк-төлем агенті – микроқаржы ұйымының уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған микроқаржы ұйымының арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларын жүзеге асыруға тиіс;

      2) микрокредит беру бойынша субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, микроқаржы ұйымы және кәсіпкер арасында жасалған үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кәсіпкердің микроқаржы ұйымы берген микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ішінара субсидиялайды (бұдан әрі – субсидиялау шарты);

      3) микрокредит беру туралы шарт – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес микроқаржы ұйымы мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша микроқаржы ұйымы кәсіпкерге жобаны іске асыру үшін микрокредит береді;

      4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның Бағдарламаны қалада немесе аудандық деңгейде іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;

      5) микрокредит – микроқаржы ұйымы жобаны іске асыру үшін кәсіпкерге осы Қағидаларда айқындалған мөлшерде және тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретін ақша;

      6) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) кәсіпкер – өз қызметін кәсіпкерлік мақсатта Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектісі;

      8) жоба – табыс табуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде бизнестің әртүрлі бағыттарында кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше микрокредит алуға болады;

      9) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      10) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;

      11) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде кәсіпкер МҚҰ-ға микрокредит бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;

      12) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде МҚҰ-ға қаржы агенттігі өтеусіз және қайтарусыз негізде төлейтін мерзімдік төлемдер;

      13) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      14) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.

3. Субсидия беру шарттары

      7. Кәсіпкердің тіркеу орнын есепке алмай және салалық шектеулерсіз ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда кәсіпкерлік мақсаттарда өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары болып табылады.

      8. Мынадай:

      1) республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілген;

      2) тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, тұрғын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге бағытталған микрокредиттер субсидиялауға жатпайды.

      9. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау кәсіпкерлер МҚҰ-дан алатын жаңа микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      10. Жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін микрокредиттер субсидиялауға жатады.

      11. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін микрокредиттер де субсидиялауға жатады.

      12. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға бағытталған микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға жол берілмейді.

      13. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын микрокредиттер сомасы бір кәсіпкер үшін 10 млн. теңгеден аспауға тиіс.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын микрокредит бойынша негізгі борыш ішінара/толық мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің микрокредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      14. Микрокредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзартусыз 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      15. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-тен мақұлдау алған жобалары субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен басқа

      МҚҰ-да қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      16. Субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, оның ішінде 10 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төледі.

      17. "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындалу мақсатында көрмелерге, симпозиумдарға, көрсетілімдерге, конкурстарға қатысу үшін алынған микрокредиттер бойынша субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, оның ішінде 14 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.

      18. Бағдарлама шеңберінде МҚҰ:

      1) кәсіпкердің бастамасымен кредиттеу шарттарының өзгеруіне байланыстыларын;

      2) кәсіпкердің микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебі бойынша алынатындарын қоспағанда, МҚҰ микрокредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      19. ӨҮК қолданыстағы микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, МҚҰ кәсіпкерге бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылында өтейді.

4. Субсидиялар ұсыну үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      20. Бағдарламаға сәйкес шарттарда берілетін микрокредитті алу үшін кәсіпкер МҚҰ-ға өтінішпен жүгінеді.

      21. МҚҰ жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және микрокредит беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін хабардар ете отырып кәсіпкерге жобаны кредиттеуге дайын екендігі туралы жазбаша жауап жолдайды.

      22. МҚҰ-ның оң шешімін алған кәсіпкер Субсидиялау қағидаларына

      1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінеді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);

      2) іске асырылатын жобаның сипаттамасы (еркін нысанда қалыптастырылады);

      3) салық органынан өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;

      4) Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге микрокредит беру мүмкіндігі туралы МҚҰ-ның оң шешімі бар хаты қоса беріледі.

      23. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін:

      1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі бір күндік мерзімде ұсынылған құжаттарды қараусыз кәсіпкерге қайтарады;

      2) құжаттардың толық топтамасын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін кәсіпкердің жобасын жіберуді жүзеге асырады.

      24. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      3) Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына енгізеді;

      4) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытын және орынды айқындайды, бұл жөнінде ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.

      25. Белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үш күндік мерзімде кәсіпкерге/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК-тің кезекті отырысына шығарады.

      26. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны он екі адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 %-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы құрауға тиіс.

      ӨҮК отырысы оның мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданады.

      27. ӨҮК тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана жобаларды қарайды.

      28. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру;

      2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарау және талқылау;

      3) кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда МҚҰ-дан жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қаралуға тиіс;

      4) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте, хаттамада кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

      Бұл ретте ӨҮК мүшелерінің бәрі хаттамаға қол қойған кезге дейін хатшы мен ӨҮК төрағасының қолы қойылған ӨҮК хаттамасынан үзіндіні ұсынуға жол беріледі.

      29. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзіндіні МҚҰ-ға/кәсіпкерге және қаржы агенттігіне, сондай-ақ мәлімет үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

      30. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

5. Субсидиялау тетігі

      31. МҚҰ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, қаржы агенттігі, МҚҰ және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі МҚҰ-ға микрокредит беру туралы шартқа өтеу кестесіне және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      32. МҚҰ:

      1) кәсіпкер бастама жасайтын кредиттеу шарттарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кәсіпкердің микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебі бойынша алынатындарын қоспағанда, кәсіпкер үшін микрокредитпен байланысты комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді өндіріп алмау және белгілемеу міндеттемелерін қабылдайды.

      33. Субсидиялау шартын:

      1) МҚҰ:

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды;

      2) Қаржы агенттігі:

      МҚҰ-дан үлгі жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      МҚҰ-дан ерекше шарттары бар жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды.

      34. Егер МҚҰ Субсидиялау қағидаларының 33-тармағының

      1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, МҚҰ қаржы агенттігі мен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.

      35. Егер микрокредит беру туралы шарттың және (немесе) субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және (немесе) Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін, МҚҰ және кәсіпкерді хабардар етеді.

      36. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі МҚҰ ескертулерді жойған жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      37. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, МҚҰ қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені ӨҮК-ке шығарады.

      38. Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, МҚҰ және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін.

      39. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, МҚҰ дербес айқындайды. Егер микрокредит бойынша сыйақыны есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер мен МҚҰ қол қойған күннен кейінгі күні басталған жағдайда, субсидиялау шартына кәсіпкер мен МҚҰ қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      40. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар тиісті қаржы жылы Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражат болған кезде төленеді.

      41. МҚҰ қаржы агенттігімен келісім бойынша Банк – төлем агентін айқындайды, онда МҚҰ субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      42. Уәкілетті орган микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылында Бағдарламаны іске асыруға бөлінген барлық соманы қаржы агенттігіне аударуды жүзеге асырады.

      43. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен МҚҰ-ның банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотына жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі МҚҰ мен банк – төлем агентін электрондық пошта арқылы қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада МҚҰ, өңірдің, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.

      44. Банк-төлем агенті қаржы агенттігі хабарламасының және МҚҰ тапсырмасының негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын МҚҰ көрсеткен ағымдағы шотқа Бағдарлама бойынша субсидия сомаларын аудару үшін ашылған МҚҰ-ның ағымдағы шотынан аударуды жүзеге асырады. Банк-төлем агентінің қаржы агенттігінің шоттарындағы қаражаттың жалпы ағымдағы қалдықтарынан субсидия сомаларын есептен шығаруға құқығы жоқ.

      45. Кәсіпкер микрокредит беру туралы шартқа сәйкес өтеу кестесіне сай сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде МҚҰ сыйақы төлеуді жүргізеді.

      46. Кәсіпкердің микрокредит бойынша (негізгі қарыз және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша МҚҰ банк-төлем агентіне ақшаны Бағдарлама бойынша субсидиялар сомаларын аудару үшін ашылған МҚҰ-ның ағымдағы шотынан МҚҰ көрсеткен ағымдағы шотқа кәсіпкердің микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне аударуды жүзеге асыруды тапсырады.

      47. Мына:

      1) кәсіпкер МҚҰ алдында микрокредит бойынша төлемді, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген;

      2) кәсіпкер МҚҰ алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамаған;

      3) шоттарға тыйым салынған жағдайларда, берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін Бағдарлама бойынша субсидиялар сомаларын аудару үшін ашылған МҚҰ-ның ағымдағы шотынан МҚҰ көрсеткен ағымдағы шотқа қаражатты аударуды МҚҰ тапсырмайды, ал Банк – төлем агенті жүргізбейді және бұл туралы Қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабарлаған/хабарламаған жағдайда, МҚҰ Қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      48. МҚҰ ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін қаржы агенттігіне Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      49. Қаржы агенттігі МҚҰ-дан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақы есептерін және МҚҰ-ның төленген қаражатын тексеруді жүзеге асырады.

      50. Қаржы агенттігі микрокредит бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      51. Қаржы агенттігі ай сайын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жаңа жобаларды субсидиялау мүмкін болатын қаражаттың болжамды сальдосы бойынша есеп жібереді. Бұл ретте Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі бұл ақпаратты ӨҮК назарына жеткізеді.

      52. Кәсіпкерге микрокредит беру туралы шарт талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі МҚҰ сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және (немесе) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең берілген/мерзімі кейінге қалдырылған кәсіпкердің микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.

      Бұл ретте жеңілдікті кезең/кейінге қалдыру мерзімі ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.

      53. Егер МҚҰ микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттың талаптарын (сыйақы мөлшерлемесі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге қалдыру, өтеу мерзімі, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, МҚҰ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасымен қоса қаржыландырудың қолданыстағы талаптарының өзгеруі жөніндегі ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады, күн тәртібінің мәселелерін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орынды айқындайды, бұл туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді. Талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен (Субсидиялау қағидаларына 3-қосымша) ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада анық көрсетілуі тиіс.

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері хаттамаға/ӨҮК хаттамасынан үзіндіге қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін/ӨҮК хаттамасынан үзіндіні МҚҰ-ға, қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

      Микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттың талаптарындағы өзге өзгерістерді МҚҰ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде қаржы агенттігін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін көрсетеді).

      Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетілуге тиіс.

      54. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда, МҚҰ кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату бойынша ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады. Мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда, субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе ӨҮК қарауына шығарылады.

      55. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдалануға болады.

6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау тәртібі

      56. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігінің өтінімдері (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.

      57. Мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа микрокредитті мақсатсыз пайдалану;

      2) жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және (немесе) ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;

      3) кәсіпкердің микрокредит беру туралы шартына төлемдер кестесіне сәйкес МҚҰ алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамауы;

      4) кәсіпкердің шоттарына тыйым салу фактілері белгіленген жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      58. Субсидияларды төлеу тоқтатыла тұрған жағдайда, қаржы агенттігі мұндай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде МҚҰ, кәсіпкерді, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.

      59. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орынды айқындайды, бұл туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.

      60. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:

      1) қаржы агенттігі ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;

      2) субсидиялауды тоқтату не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте, шешімде субсидиялауды тоқтатудың/қайта бастаудың негіздемесі көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрған күннен бастап жүзеге асырылады.

      61. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді ӨҮК отырысына дейін жойған жағдайда, ӨҮК субсидиялауды қайта бастау туралы оң шешім қабылдайды.

      62. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін МҚҰ-ға, қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

      63. Микрокредит бойынша субсидиялауды қайта бастауға субсидиялауды тоқтата тұрудың себептері:

      1) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына және (немесе) ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;

      2) кәсіпкердің шоттарына тыйым салынуы;

      3) кәсіпкердің микрокредит беру туралы шартқа төлемдер кестесіне сәйкес МҚҰ алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамауы болған кезде жол беріледі.

      64. Кәсіпкер осындай микрокредитті нысаналы мақсатына сай пайдаланбау фактісі анықталған кезде микрокредит бойынша субсидиялауды қайта бастауға тыйым салынады.

      65. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен МҚҰ-ны және кәсіпкерді субсидиялау төлемдерін қайта бастау туралы хабардар етеді.

      Сонымен бір мезгілде тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді. Субсидиялау қағидаларының 57-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген себептер бойынша субсидиялауды тоқтата тұрған жағдайда кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуге тиіс субсидияларды төлеуді жүргізеді.

      66. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге, МҚҰ-ға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебі көрсетіледі.

      Субсидиялау қағидаларының 54-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы ӨҮК шешімі бар микрокредиттер қайта бастауға жатпайды.

      67. Мынадай:

      1) кәсіпкер МҚҰ алдындағы микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредитті толық өтеген. Кәсіпкердің МҚҰ микрокредитін толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;

      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда, субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      68. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда МҚҰ кәсіпкерге қолданыстағы микрокредит бойынша бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді және басқа да шарттарды) белгілеуге құқылы.

      69. Кәсіпкер микрокредит бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда, МҚҰ микрокредит бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін хабарлаған/хабарламаған жағдайда, МҚҰ қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Сонымен бірге, кәсіпкер микрокредит бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, МҚҰ, микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісім жасаған кезде, қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін өзгертіп субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды.

      70. Кәсіпкердің микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, Кәсіпкердің микрокредиті бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда, МҚҰ өзара есеп айырысуды салыстыру актісін қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Бұл ретте, МҚҰ салыстыру актісінде субсидиялардың нақты есептен шығарылған сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомасы мен күндерін көрсетеді.

7. Бағдарлама мониторингі

      71. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына:

      1) МҚҰ ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу;

      2) МҚҰ қаржы агенттігіне тоқсан сайынғы негізде ұсынатын деректер негізінде жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарлама шарттарына және (немесе) ӨҮК шешіміне сәйкестігін мониторингтеу жататын.

      72. Субсидиялау шартын жасаған кәсіпкердің жаңа микрокредитті нысаналы пайдалануын мониторингтеуді, МҚҰ өз бетімен микрокредит берілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде жүзеге асырады.

      Кәсіпкердің микрокредитті мақсатсыз пайдалануы айқындалған жағдайда, МҚҰ бұзушылықтар анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін хабардар етеді.

      Қаржы агенттігі осы Қағидалардың 57-тармағына сәйкес іс-шара жүргізеді. Микрокредиттің нысаналы пайдаланылуын растауға қатысты өлшемшарттар мен құжаттар Субсидиялау шартында көрініс табады.

      73. Есептілік нысандарын қаржы агенттігі белгілейді.

      74. Қаржы агенттігі микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде Бағдарлама мониторингінің нәтижелерін Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін қаржы агенттігінің қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес уәкілетті органға жібереді.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
микроқаржы ұйымдарының
микрокредиттері бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Кімге __________________ әкімдігіне

      Кімнен _________________(бұдан әрі – ЖКС)

№ __________ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына сәйкес Сізден төменде жазылғандарға сәйкес микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені _____________________бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына шығаруға бастама жасауды сұраймын:

2. Қатысушы туралы мәліметтер

ЖКС-тің атауы


Құрылтайшы (-лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Іс жүзіндегі мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің №


Қызметінің түрлері


Жетекшілік ететін мекеме, холдинг немесе бас компания


Жұмыс тәжірибесі


3. Басшылық

      Бірінші басшы

Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)


Лауазымы


Жұмыс / үй тел.


Туған жері және жылы


Жеке куәліктің №, сериясы


Тұрғылықты жері (іс жүзіндегі)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі



      Бас бухгалтер (бар болса)

Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы және жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты жері (іс жүзіндегі)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі



      Байланыс жасайтын тұлға

(Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда) лауазымы, телефон)


4. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін – акциялардың 1 % және одан көп пайызына иелік ететін ортақ құрылтайшылар).

Атауы/Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

%

Деректемелері



















5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ-не сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ-не сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтер түрлері


Жылдық айналымы


Соңғы есептік күндегі пайда немесе шағын


Қызметкерлердің нақты саны

___________________ олардың ішінде әйелдердің саны ___________________

Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


6. Банктік шоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (барлық қызмет көрсететін банктердегі барлық ағымдағы және жинақ шоттарды көрсету):

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

7. Тарихы

      ЖКС-тің жұмыс процесінде пайдаланылған, қазіргі уақытта өтелген, сол сияқты өтелмеген барлық қарыздары көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

БҚШ бойынша өтеу мерзімі

Іс жүзінде өтелген күні

1.







2.







8. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы: ____/____.

Р/с №

Банк/ МҚҰ

БҚШ/МКШ деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, %


Кредит/микрокредит валютасы

Кредит/

микрокредит сомасы

Көрсетілген күнге, негізгі берешек бойынша берешек қалдығы

Кредит/микрокредит мерзімі аяқталатын күн

Кредиттің/микрокредиттің мақсаты (қысқаша сипаты)










9. ЖКС-тің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және оған қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік бағдарламаның/мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат













10. Кепілдіктер және келісімдер

      ЖКС Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді

      1. Осы өтінішпен бірге не Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің сұратуы бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс және төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне дереу хабарлауға міндеттенемін.

      2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің алғашқы талабы бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және жария етуге міндеттенемін.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      4. Жалған, толық емес және (немесе) шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ЖКС-ке ескертілді.

      5. ЖКС өзінің жарғылық құзыретінің осы өтінішке қол қоятын тұлғаға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған уақытта осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жергілікті деңгейде кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      ЖКС осымен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне төмендегілермен келісетінін растайды:

      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі тексеру және қарау мақсатында осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС берген құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана беріледі.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ЖКС өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы Субсидиялау берілмеген жағдайдың өзінде де Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінде/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде сақталады.

      4. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС-тің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің субсидиялауды беру немесе ЖКС жұмсаған шығындарын өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және онымен келісетінімді растаймын, болашақта Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне талап қоймаймын.

11. Қосымшалар

      __________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      _______________________________ ________________________

      (қолы) (күні)

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
микроқаржы ұйымдарының
микрокредиттері бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      (Бағдарламаның

      өңірлік үйлестірушісі толтырады)

      _______________________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына арналған

ЖКС ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Р/с №

ЖКС атауы

Жобаның атауы (сипаттамасы)

Заңды мекенжайы

Жоба іске асырылатын жер

Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері

1

2

3

4

5

6








Жиыны:





Жобаны іске асыру кезеңі

Бағдарлама бойынша бағыт

ЭҚЖЖ коды

ЭҚЖЖ секторының атауы

Қаржыландыру сомасы, теңге


7

8

9

10

11








Жұмыс орындарының саны

Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы

БӨҮ-ге өтініш берілген күн


нақты

жоспар

МДИ атауы

МБ атауы


12

13

14

15

16








МҚҰ атауы






17






      Қосымшалар: (ЖКС-нің БЖҮ/БӨҮ берген өтініші және құжаттар топтамасы)

      1).

      2).

      …

Аббревиатуралардың толық жазылуы

ЖКС

жеке кәсіпкерлік субъектісі

ЭҚЖЖ

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары

МДИ

мемлекеттік даму институттары

МБ

мемлекеттік бағдарлама

МҚШ

мемлекеттік қолдау шаралары

БӨҮ

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі

БЖҮ

Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі


      Лауазымды тұлға _______________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда) М.О. (қолы)

      Жауапты қызметкер _____________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      (қолы)

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
микроқаржы ұйымдарының
микрокредиттері бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

__________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№____ХАТТАМАСЫ

Өткізілген жері


Өткізілген күні


Кеңес төрағасы


Қатысқан Кеңес мүшелері


Қатыспаған Кеңес мүшелері


Шақырылғандар


Кеңес хатшысы



      Күн тәртібі

Р/с №

Мәселелердің атауы






      Кеңес қарады

Р/с №

1-мәселенің атауы






      Кеңес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мынаған:

      1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келетініне;

      2) өңірлерге арналған басым салаларға сәйкес келетініне;

      3) мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларының қолданылмағанына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төменде келтірілген тізімі бойынша субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:


Атауы

ЖКС

жоба

салалар

микроқаржы ұйымы

1

2

3

4

5







МКШ

Микрокредит сомасы

Микрокредит валютасы

Микрокредит мерзімі

Нысаналы мақсаты


күні

6

7

8

9

10

11








Жобаның атауы (сипаттамасы)

ЖТМ %

Сыйақының номиналды мөлшерлемесі

Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі

Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі

12

13

14

15

16







Субсидиялау мерзімі

Ескертпе

17

18




      2. Мақұлданған жобалардың тізімі субсидиялау шарттарын жасасу үшін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ға және көрсетілген микроқаржы ұйымдарына жіберілсін.

      3. Мынаған:

      1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келмейтініне;

      2) өңірлерге арналған басым салаларға сәйкес келмейтініне;

      3) мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларының қолданылғанына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төменде келтірілген тізімі бойынша субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдануды мақұлдаудан бас тартылсын:


Атауы

Бас тарту себептері

ЖКС

жоба

салалар

микроқаржы ұйымы








      Кеңес мүшелерінің қолдары


Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

"ҚОЛДАДЫ"

"ҚАРСЫ БОЛДЫ"*

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР


Кеңес төрағасы





Кеңес төрағасының орынбасары





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі





      Кеңес хатшысы____________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      Ескертпе:

      * Егер кеңес мүшесі "қарсы" дауыс берген жағдайда, "түсініктемелер" бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
микроқаржы ұйымдарының
микрокредиттері бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

_____________бастап ____________ ж. аралығындағы кезеңдегі субсидиялау туралы есеп

МҚҰ атауы

ЖКС өтініш берген жер

ЖКС атауы

IBAN коды*

БСН

МҚШ нөмірі

МҚШ күні

Микрокредит сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8


Микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлеме сі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялардың сомасы

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы

9

10

11

12

13


Микрокредит бойынша мерзімі өткізілген төлемдер күндерінің саны

Микрокредитті нысаналы пайдалануды нақтылау

14

15


      Лауазымды тұлға _______________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      М.О. (қолы)

      Жауапты қызметкер______________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      (қолы)

      Ескертпе:

      * МҚҰ есепке алу жүйесінде туындайтын субсидиялау шартын сәйкестендірудің бірегей коды

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
микроқаржы ұйымдарының
микрокредиттері бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

___________ бастап _____________ аралығындағы кезеңдегі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға субсидиялау туралы есеп

МҚҰ атауы

ЖКС өтініш берген жер

ЖКС атауы

МКШ нөмірі

МКШ күні

Микрокредит сомасы

1

2

3

4

5

6








Микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялардың сомасы

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы

7

8

9

10

11






  Өзгерістер мен толықтыруларға
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 370 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және банктердің кредиттері бойынша микроқаржы ұйымдарының міндеттемелерін орындауын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру тетігі мен шарттарын айқындайды.

      2. Микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган мен қаржы агенттігі арасында жасалған "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган аударады. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

2. Терминдер мен анықтамалар

      4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында микроқаржы ұйымының банктік қарыз шартының негізінде банк беретін ақша сомасы. Банктік кредитке кредиттік желі де жатады.

      2) кепілдік беру – микроқаржы ұйымын мемлекеттік қолдаудың Бағдарламада, осы Қағидаларда және кепілдік шартында айқындалған талаптармен микроқаржы ұйымының кредиті бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру түрінде пайдаланылатын нысаны;

      3) мемлекеттік даму институттары – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      4) кепілдік шарты – уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк және микроқаржы ұйымының арасында жасалған кепілдік беру туралы жазбаша келісім;

      5) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын Бағдарламаны қалада немесе аудандық деңгейде іске асыруға жауапты қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;

      6) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) микрокредит – микроқаржы ұйымы кәсіпкерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында беретін кредит;

      8) кәсіпкер – өз жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған жеке кәсіпкерлік субъектісі;

      9) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      10) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;

      11) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      12) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.

3. Кепілдік беру шарттары

      5. Ішінара кепілдік беру кейін моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне микрокредит беру мақсатында банктерден айналым қаражатын толықтыруға алынған МҚҰ-ның жаңа кредиттері бойынша ғана беріледі.

      6. Кепілдік беру бағдарламасына қатысатын МҚҰ-ға қойылатын талаптар:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өту, өтінімді қарау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді орындауы;

      2) банкке өтінім берген күнге ағымдағы кредиттері, лизинг шарттары бойынша өтеу мерзімі өткен борыштарының болмауы;

      3) кепілдік алуға өтініш білдірген күннің алдындағы соңғы есептік күнге салық төлеу бойынша берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;

      4) МҚҰ проблемалы кредиттерінің жиынтық көлемі (өтеу мерзімін 30 күннен асыруға жол берген) банкке өтінім берген күнге МҚҰ кредиттік қоржынының көлемінен (берешектің қалдығынан) 10%-дан аспауға тиіс.

      5) МҚҰ-ның Бағдарлама шеңберінде кредит беретін банкпен үлестестігінің болмауы.

      7. Бағдарлама шеңберінде:

      1) акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін жобаларды іске асыруға;

      2) МҚҰ-ның бұрын алынған кредиттерін қайта қаржыландыруға;

      3) кредиттерге/лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есептерді жүргізуге бағытталған кредиттер кепілдік беруге жатпайды.

      8. Кепілдік сомасы МҚҰ қаржылық жағдайын бағалауға байланысты болады, бұл ретте кепілдік мөлшері МҚҰ кредит қоржынының 15 %-ынан аспауға тиіс.

      9. Қаржы агенттігінің кепілдік мөлшері кредит сомасының 100 %-ына дейін, бірақ 500 миллион теңге құрайтын бір МҚҰ-ға кепілдік берудің жиынтық лимитінің шегінде жетуі мүмкін. Бұл ретте МҚҰ үшін қарыздың ең аз мөлшері кемінде 15 миллион теңгені құрауға тиіс.

      10. МҚҰ-ның кредиттері бойынша кепілдік беру шарттары:

      1) кредиттің (тердің) сомасы олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті (тері) бойынша берешектерін есепке алмай бір МҚҰ үшін есептеледі;

      2) Бағдарламаға қатысу үшін МҚҰ банкке беретін қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде жылжымалы/жылжымайтын мүлік (үшінші тұлғалардың мүлкін қоса алғанда), келешекте келіп түсетін мүлік, сондай-ақ талап қою құқығы есепке алынады;

      3) кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайды;

      4) алынған кредитті игеру мерзімі 6 (алты) айдан аспауға тиіс;

      5) бір кәсіпкер үшін микрокредиттің жалпы сомасы МҚҰ алған кредит сомасының 20 %-ынан аспауға тиіс.

      11. Қаржы агенттігі МҚҰ-дан үлестес және байланысқан заңды және жеке тұлғалардың кепілдіктерінің берілуін талап етуге құқылы.

      12. Кепілдік шарты жасалатын кредит кредиттік желі ашу туралы дербес банктік қарыз шарты/келісім түрінде ресімделуге тиіс.

      13. МҚҰ кепілдік шартына қол қойылғанға дейін қаржы агенттігіне кепілдік беру мерзіміне байланысты кепілдік бергені үшін: 2 (екі) жылға дейін қоса алғанда кепілдік сомасының 1 %, 2 (екі) жылдан астам – кепілдік сомасының 2 % комиссия төлейді.

      14. Ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі кемінде жылдық 16 % кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      15. Банк:

      1) МҚҰ бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларын;

      2) МҚҰ-ның кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебінен алынатындарын қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссия, алым және (немесе) өзге де төлемдерді алмайды.

      16. Уәкілетті орган қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасынан 20 % құрайды. Қаржы агенттігі өзінің қалауы бойынша алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.

      17. Қаржы агенттігі төлеген банк талаптары қаржы агенттігінің кепілі бойынша қалыптастырылған кредит қоржынының көлемінен (берешек қалдығынан) 10 %-дан жоғары шектен асып кеткен кезде, банктің мұндай кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатылады.

      18. Қаржы агенттігі:

      1) кредит және МҚҰ Бағдарлама мен Қағидалар талаптарына сәйкес келмеген;

      2) Бағдарламаның әлеуетті қатысушысының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың теріс кредиттік тарихы болған;

      3) атқарушы сот өндірісі, төленбеген айыппұлдар, МҚҰ-ны жосықсыз өнім берушілер немесе нарық қатысушылары тізіліміне енгізу туралы ақпарат болған, заңнама бұзылған, құрылтайшылардың/акционерлердің және МҚҰ-мен байланысты өзге де тұлғалардың азаматтық-құқықтық дәрменсіздігі жағдайында;

      4) шығынды қызмет, төлем қабілеттілігі және кредит қабілеттілігі болмаған жағдайда кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

4. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      19. МҚҰ банкке кредит алуға өтініш береді.

      20. Банк МҚҰ-ның өтінішін банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімдерге сәйкес дербес қарайды, кредитке кешенді сараптама жүргізеді, МҚҰ ұсынған құжаттарды, МҚҰ қаржылық жағдайын талдайды, МҚҰ ұсынған кепілдік мүлікті (бар болса) бағалау туралы қорытынды негізінде МҚҰ қамтамасыз етудің кепілдік құнын бағалауды жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған/болмаған жағдайда кредитті қаржы агенттігінің ішінара кепілдігімен кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін Банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.

      21. Оң шешім қабылданған жағдайда банк банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне:

      1) кепілдік сомасын есептей отырып, кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешім бар хатты;

      2) кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қажетті құжаттарды жолдайды.

      22. Қаржы агенттігі банктен құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін кредитті қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға шығарады.

      23. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, қаржы агенттігі анықталған ескертулерді және (немесе) ақпарат ұсыну туралы сұрау салуды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін Банкке және МҚҰ-ға жолдайды. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайта басталады.

      24. Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кепілдік беру (бермеу) мүмкіндігі туралы шешіммен бірге хат жолдайды.

      МҚҰ кредиті бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда осындай шешім туралы хатта теріс шешімнің себептері көрсетілуге тиіс.

      25. Банк қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатын алғаннан кейін банк МҚҰ-ға кепілдің қажетті сомасын есебін көрсете отырып, кредит талаптары туралы тиісті хат жолдайды.

      26. Банктен хат алғаннан кейін, МҚҰ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) өтініш жібереді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

      мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама/МҚҰ ретінде тіркелгендігін растайтын құжат (мөрмен (бар болса) расталған көшірме);

      МҚҰ қаржы агенттігіне өтінім берген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің бары/жоғы туралы салық органының анықтамасы;

      дебиторлық және кредиторлық берешекті ашып көрсете отырып, қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесін және (немесе) интернет-ресурстарында орналастырылған ақпаратты қоса отырып, МҚҰ қаржылық есептерінің көшірмесі;

      кепілдік сомасының есебімен МҚҰ кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банктің хаты;

      МҚҰ-ға кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар қаржы агенттігі хатының көшірмесі.

      27. Бағдарламаның жергілікті/өңірлік үйлестірушісі МҚҰ-дан барлық құжаттарды, ақпаратты және өтініштерді алғаннан кейін өтінішпен бірге ұсынылған міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі бір күндік мерзімде ұсынылған құжаттарды қараусыз МҚҰ-ға қайтарады.

      28. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Астана және Алматы қалаларының МҚҰ топтамасы барлық құжаттарды және ақпаратты алған/қалыптастырған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кредит бойынша құжаттар топтамасын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      МҚҰ-ны Бағдарлама талаптарына сәйкестігін тұрғысынан тексереді;

      ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастыру, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орынды анықтайды, бұл туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді;

      барлық құжаттар мен ақпаратты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық топтамасын бірге қоса отырып, МҚҰ тізімін ӨҮК қарауына енгізеді.

      29. Осы Қағидалардың және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ұсынылған құжаттарды берілген құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша) қайтарады.

      30. ӨҮК отырысы кредиттер тізімінің қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі.

      31. ӨҮК 10 (он) жұмыс күні ішінде жобаларды Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және кепілдік беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

      32. ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауға тиіс, олардың ішінде кемінде 50 %-ын кәсіпкерлік қоғамдастығы құрауға тиіс.

      33. ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің (кворум) даусымен қабылданады.

      34. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды:

      МҚҰ және алынатын кредиттің Бағдарламаның өлшемшарттарына және жергілікті даму бағдарламаларына сәйкестігін тексеруді;

      Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде іске асырылатын МҚҰ алатын кредитті, сондай-ақ МҚҰ өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарауды, өтінішпен бірге ұсынылған әрбір МҚҰ бойынша құжаттар топтамасын зерделеуді;

      ұсынылған құжаттар бойынша ӨҮК мүшелерінің арасында талқылау жүргізуді;

      МҚҰ кредитін қарау нәтижелері бойынша МҚҰ кредиті бойынша кепілдік беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдауды, жүзеге асырады, ол хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада жекелеген МҚҰ-ны Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

      35. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК отырысы өткізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

      ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, банкке және қаржы агенттігіне;

      кредитті ӨҮК-те қарау нәтижелері туралы Астана және Алматы қалаларының МҚҰ-сына жазбаша хабарлама жібереді.

      36. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен МҚҰ кредитіне ішінара кепілдік беруді келісу туралы ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзіндіні алғаннан кейін қаржы агенттігі банкке алдын ала кепілдік хат жібереді.

      37. ӨҮК-мен келісілмеген жобалар қайтарылады.

      38. Алдын ала кепілдік хатты алғаннан кейін банк пен МҚҰ 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктік қарыз шартын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

      39. Банктік қарыз шартының, ӨҮК хаттамасының/ӨҮК хаттамасынан үзіндінің көшірмелерін алғаннан кейін және қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі негізінде қаржы агенттігі кепілдік шартын 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімдейді және қол қояды, оны банкке жібереді. МҚҰ кепілдік шартына қол қойғанға дейін кепілдік бергені үшін комиссияны қаржы агенттігінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады.

      40. Банк 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік шартына қол қояды, оған МҚҰ-ның қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.

      41. Банк қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін МҚҰ-ға кредит беруді жүзеге асырады.

      42. Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында уәкілетті орган кезекті жылдың басында кредиттерге кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансфертттер сомасының 50 %-ын қаржы агенттігіне аударады.

      43. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі кепілдік шарттарын жасасу шамасына қарай жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін мынадай жолмен қаржы агенттігіне аударылады:

      1) кепілдік шартын жасағаннан кейін қаржы агенттігі уәкілетті органға тиісті хабарлама жібереді;

      2) уәкілетті орган қаржы агенттігінен кепілдік шартының жасалғаны туралы хатты алғаннан кейін, кепілдік сомасынан 20 % мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенттігінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады.

      44. Қаржы агенттігі кредиттер бойынша құжаттарды тиісті қаржы жылына жасалатын кепілдік шарттары бойынша ақы төлеуге бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана, қабылдайды. Бұл жағдайда кепілдік шартын жасасу фактісі бюджет қаражатының игерілуі болып табылады.

7. Бағдарлама мониторингі

      45. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына:

      1) банк және (немесе) МҚҰ ұсынған деректер мен құжаттар негізінде кепілдік шарты жасалған МҚҰ кредитінің нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу;

      2) банк ұсынатын деректер немесе өзге дұрыс ақпарат көздері негізінде МҚҰ төлем тәртібін мониторингтеу жатады.

      46. Мониторинг функциясын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі

      МҚҰ-дан және банктен мониторинг мәніне қатысты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы, ал МҚҰ мен банк сол құжаттарды ұсынуға міндетті.

      47. Қаржы агенттігі кредиттің мақсатсыз пайдаланылуы, Бағдарламаның, Қағидалардың және (немесе) кепілдік шарты талаптарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген кепілдік беру шарттарының орындалмауы фактілері анықталған жағдайда кепілдіктің күшін жоюға құқылы.

      48. Мониторингтің тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі белгілейді.

      49. Банк ай сайынғы негізде банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен МҚҰ кредитіне ағымдағы мониторингті жүзеге асырады.

      50. Банк осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес МҚҰ кредитіне ағымдағы мониторинг туралы есепті жазбаша түрде есепті айдан кейінгі айдың 5 (бес) күнінен кешіктірмей қаржы агенттігіне ұсынады және қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына қосымша жібереді.

      51. Банк 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жазбаша түрде банктің қызметін жүзеге асыруға қойылған шектеулер немесе тыйым салулар туралы, сондай-ақ банктің 10 %-нан астам акцияларына қатысты меншік құқықтарының бір жолғы сатылуы немесе өзге бір жолғы ауысуы туралы және (немесе) иелік ету және пайдалану құқықтарының ауысуы туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен
дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде
банктердің микроқаржы
ұйымдарына берген кредиттері
бойынша ішінара кепілдік
беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

МҚҰ сараптама жүргізу үшін банктің қаржы агенттігіне ұсынатын құжаттарының тізбесі

      1. Жалпы құжаттар:


Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа

2

Құжаттар топтамасында бар барлық құжаттардың тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-беру актісі

банктің уәкілетті қызметкері қол қойған және банктің мөрімен/мөртаңбасымен расталған түпнұсқа

3

Банкке кредит алу туралы өтінім

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

4

Банктің уәкілетті органының қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, қаржы агенттігінің нысаны бойынша кредиттік сараптамалық қорытынды, банктің кепілдік және заң басқармасының және тәуекелдер басқармасының сараптамалық қорытындылары

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

5

МҚҰ мөрімен расталған жылдың басындағы және соңғы есептік күндегі жағдай бойынша МҚҰ қаржылық құжаттары (берешектің туындаған күнін, өтеу жоспарланған күнді және берешек мәнін көрсете отырып, жылдың басында және соңғы есептік күндегі кредиторлық және дебиторлық берешекті ашып көрсету, негізгі қаражаттарды, ТМҚ ашып көрсету)

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

7

Табыстар мен шығыстар туралы есептің баптарын ашып көрсету – сатудан түскен табыс, өзіндік құны, кезең шығындары, өзге табыстар мен шығыстар, қарастырылып отырған кезеңдегі ақшалай және заттай түрде сатылған өнім көлемі

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі немесе түпнұсқасы

8

Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда қызмет көрсететін банктің қарыз берешегінің бары/жоғы туралы, соңғы 12 айдағы айналымдар, сондай-ақ құжаттар қаралған сәттегі жағдай бойынша мерзімінде (№ 2 картотека) төленбеген есептеу құжаттары туралы анықтама

банк нысаны бойынша түпнұсқа (30 күнтізбелік күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат етіледі)

9

Несиелік берешегінің бары/жоғы оның ішінде басқа қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен (банктерден басқа, кредиттер бар болса) берешектің бары/жоғы туралы анықтама

түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат етіледі)

10

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама

түпнұсқа (egov.kz анықтамасы)

11

Екінші деңгейдегі банктердегі бар барлық шоттар туралы мәліметтер

МҚҰ хатының түпнұсқасы

12

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса)

көшірмелер

13

Банк атынан банктік қарыз, кепіл және кепілдік беру шартын жасайтын тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

банктің мөрімен расталған көшірмелер (Банк кепілдік шартын жасау сәтіне қарай ұсынуы мүмкін)


      Банк құжаттар топтамасын беру күнінде қаржылық есептің ескіру мерзімі 3 айдан аспауы керек.

      2. МҚҰ құқықтық мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар

Р/с №

Құжаттың атауы

нысан

1

2

3

1

Жарғы, оған өзгерістер мен толықтырулар

нотариат куәландырған көшірме

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама

нотариат куәландырған көшірме (egov.kz анықтамасына рұқсат етіледі)

3

Бірінші басқарушыны тағайындау туралы МҚҰ уәкілетті органының шешімі

түпнұсқа немесе банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

4

Банкте және Қаржылық агенттікте МҚҰ атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттілігін растайтын құжаттар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

5

Кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған МҚҰ уәкілетті органының шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

6

Кредит тарту туралы шешім қабылдаған МҚҰ уәкілетті органының шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолтаңбаларының үлгілері және МҚҰ мөрінің бедері бар құжат

нотариат куәландырған түпнұсқа

8

МҚҰ-ның ақпаратты кредит бюросына ұсынуға және кредиттік есепті алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына ұсынылады


      Ескертпе:

      Бірнеше парақтан тұратын құжат ұсынылған жағдайда, мұндай құжат тігілуі және нөмірленуі не құжаттың әрбір парағы уәкілетті тұлғалардың қолтаңбасымен және мөрмен/мөртабанмен бекітілуге тиіс.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен
дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде
банктердің микроқаржы
ұйымдарына берген кредиттері
бойынша ішінара кепілдік
беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      "_____________________" АҚ-ға

Алдын ала кепілдік хаты

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – қаржы агенттігі) "___________" микроқаржы ұйымының қаржы агенттігінің кредит бойынша кепілдік беруі туралы өтінімін қарағанын және мақұлдағанын хабарлаймыз.

      Қаржы агенттігі "___________" микроқаржы ұйымы үшін мынадай шарттармен кредит бойынша кепілдік беруге дайын:

      1) кепілдік сомасы: _____________ (________________) теңге, ол кредит сомасының _____ %-ын құрайды;

      2) кепілдік мерзімі: ______________;

      3) кепілдік берудің өзге шарттары кепілдік шартында реттеледі.

      Осы алдын ала кепілдік хатының қолданылу мерзімі_______дейін.

      Микроқаржы ұйымдарына ішінара кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдау шарттарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, қаржы агенттігі кепілдік берудің жоғарыда көрсетілген шарттарын қайта қарауға және оларды өзгертуге не толық немесе ішінара жоюға құқылы, банкті ол туралы кепілдік шартына қол қойылғанға дейін хабардар етеді.

      Құрметпен,

      _________________ _____________________ ___________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)

      М.О.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен
дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде
банктердің микроқаржы
ұйымдарына берген кредиттері
бойынша ішінара кепілдік
беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

"_____________" АҚ
__________________ бастап ______________________ ж. аралығындағы кезеңде Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде МҚҰ кредиттерін іске асыру барысының ағымдағы мониторингі туралы есебі

Р/с №

Банктің атауы

МҚҰ өтініш берген жері (облыс, өңір)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН/БСН

1

2

3

4

5


Заңды мәртебесі (ЖШС, ЖК, ШҚ, ӨК)

Банктік қарыз шартының/Кредиттік желі ашу туралы келісімнің №

Банктік қарыз шартының/Кредиттік желі ашу туралы келісімнің күні

Кредит мерзімі


6

7

8

9


Кредит сомасы

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдікті кезең


10

11

12

13


Кредит (транш) беру күні

Іс жүзінде берілген қаражат сомасы

Есепті күнге негізгі борыш берешегінің қалдығы

Кепілдік шартының нөмірі


14

15

16

17


Кепілдік шартының күні

Қаржы агенттігінің кепілдік сомасы

Кепілдік бойынша қаржы агенттігінің міндеттемелерді орындау сомасы

НҚ бойынша мерзімі өткен берешек сомасы


18

19

20

21


НҚ қарыз бойынша мерзімі өткен күндер саны

Сыйақыны төлеу бойынша мерзімі өткен күндер саны

Банктік қарыз шарты/Кредиттік желі ашу туралы келісім бойынша қол жетімділік кезеңі

Банктің уәкілетті органы шешімінің күні


22





ҚР ҰБ талаптары бойынша сыныптау санаты





      Лауазымды тұлға_______________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      М.О. (қолы)

      Жауапты қызметкер ____________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      (қолы)

  Өзгерістер мен толықтыруларға
3-қосымша
  "Бизнестің жол картасы 2020"
Бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерін ислам банктері
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің табысын құрайтын
тауарларға үстеме бағаның бір
бөлігін және жалгерлік төлемнің
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы № 23 маусымдағы
№ 370 қаулысымен
бекітілген

      Нысан

_____________бастап ______________ дейінгі
субсидиялау туралы есеп

Ислам банкі/ исламдық лизингтік компаниясының атауы

ЖКС өтініш беру орны

ЖКС атауы

IBAN коды*

БСН

Қаржыландыру келісімшарты (транш) нөмірі

1

2

3

4

5

6








Қаржыландыру күні (транш)

Қаржыландыру (транш) сомасы

Ислам банкі/ исламдық лизингтік компания кірісін құрайтын, жалға алу төлемінің бөлігін/ кәсіпкерлікті қаржыландыру операциялары бойынша тауарға үстемеақы мөлшерлемесі (транш)

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

7

8

9

10

11







Мерзім ішінде қаржылық агенттік аударған субсидиялар сомасы

Мерзім

ішінде алынған субсидиялар сомасы

Қаржыландыру бойынша мерзімінен асып кеткен төлем күндерінің саны

Мақсатты пайдалануды нақтылау

12

13

14

15


      Лауазымды тұлға______________Т.А.Ә.(әкесінің аты болған жағдайда)

      М.О. (қолы)

      Жауапты қызметкер____________Т.А.Ә.(әкесінің аты болған жағдайда)

      (қолы)

      Ескерту:

      * - ислам банкі/исламдық лизингтік компанияның есептік жүйесі шығаратын субсидиялау келісімшартының дара сәйкестендіру коды.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы № 23 маусымдағы
№ 370 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 314-құжат).

      2. "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 999 қаулысы.

      3. "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 738 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, 748-құжат).

      4. "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 220 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 328-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістердің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат).

      6. "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1499 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1022-құжат).

      7. "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 440 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 34, 231-құжат).