Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 856 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 488-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемінде:
"Гигиеналық заттар" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 26, 27, 28, 29, 32, 33, 34-жолдар алып тасталсын;
"Кір жууға, кептіруге және ас үйге арналған мүлік" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 35, 36, 61, 62-жолдар алып тасталсын;
"Шаруашылық мүлкі" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 73, 97-жолдар алып тасталсын;
"Әкімшілік үшін кеңсе тауарлары және ұйымдастыру техникасы", "Тамақ өнімдері", "Жанар-жағармай материалдары" деген бөлімдер алып тасталсын;
"Дәрілік заттар" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"
138 | Жүрек-қантамырлық, спазмолитикалық және гипотензиялық дәрілік заттар | ампула, қаптама | 1000 |
139 | Анальгетиктер және жергілікті анестетиктер | ампула | 1000 |
140 | Гормоналдық препараттар | ампула | 100 |
141 | Антисептикалық құралдар | флакон | 1000 |
142 | Антигистаминді препараттар | ампула | 300 |
143 | Психотроптық препараттар | ампула | 160 |
144 | Басқа фармакотерапиялық топтардың препараттары | қаптама | 292 |
145 | Антибиотиктер, сульфаниламидтер | қаптама | 180 |
146 | Плазмаалмастырғыш, тұзды, инфузиондық ерітінділер | флакон | 180 |
";
"Байланыс құралдары" деген бөлім алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |