"Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 856 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 363 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 131 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.03.2022 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 856 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 488-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемінде:

      "Гигиеналық заттар" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 26, 27, 28, 29, 32, 33, 34-жолдар алып тасталсын;

      "Кір жууға, кептіруге және ас үйге арналған мүлік" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 35, 36, 61, 62-жолдар алып тасталсын;

      "Шаруашылық мүлкі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 73, 97-жолдар алып тасталсын;

      "Әкімшілік үшін кеңсе тауарлары және ұйымдастыру техникасы", "Тамақ өнімдері", "Жанар-жағармай материалдары" деген бөлімдер алып тасталсын;

      "Дәрілік заттар" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

138

Жүрек-қантамырлық, спазмолитикалық және гипотензиялық дәрілік заттар

ампула, қаптама

1000

139

Анальгетиктер және жергілікті анестетиктер

ампула

1000

140

Гормоналдық препараттар

ампула

100

141

Антисептикалық құралдар

флакон

1000

142

Антигистаминді препараттар

ампула

300

143

Психотроптық препараттар

ампула

160

144

Басқа фармакотерапиялық топтардың препараттары

қаптама

292

145

Антибиотиктер, сульфаниламидтер

қаптама

180

146

Плазмаалмастырғыш, тұзды, инфузиондық ерітінділер

флакон

180


      ";

      "Байланыс құралдары" деген бөлім алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов