Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 274 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 731 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – қор) қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін норма мен лимит есептi айдан кейiнгi айдың басына қордың банктiк шотындағы ақшаның инвестицияланбайтын ай сайынғы қалдығы түрінде қорға соңғы күнтізбелік он екі айда түскен соманың 1/12 мөлшерінде, бiрақ 50000000000 (елу миллиард) теңгеден төмен емес болып белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов