Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 274 қаулысы

Қолданыстағы

      «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – қор) қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін норма мен лимит есептi айдан кейiнгi айдың басына қордың банктiк шотындағы ақшаның инвестицияланбайтын ай сайынғы қалдығы түрінде қорға соңғы күнтізбелік он екі айда түскен соманың 1/12 мөлшерінде, бiрақ 50000000000 (елу миллиард) теңгеден төмен емес болып белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов