"Электрондық үкіметтің" сервистік интеграторын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 207 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 337 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.05.2022 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов