"Электрондық үкіметтің" сервистік интеграторын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 207 қаулысы

Қолданыстағы

      «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы болып айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов