Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 және "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 173 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат):
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»;
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларында:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік қызметкерлерді, жұмысқа өз бетінше орналасатын қызметкерлерді, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік қызметкерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) шетелдік қызметкерлер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын көшіп келушілер;»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларында корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерге қолданылмайды.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
      Қағидалар шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.»;
      3-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;»;
      14)15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік қызметкерлерді, жұмысқа өз бетінше орналасатын қызметкерлерді, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік қызметкерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
      15) шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құжат;»;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) шетелдік қызметкерлер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын көшіп келушілер;»;
      бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру тәртібі мен шарттары»;
      8-тармақта:
      үшінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде берілетін рұқсаттарға қолданылмайды.»;
      төртінші бөлік алып тасталсын;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Осы Қағидалардың 1016343649-тармақтарында көзделген құжаттар толық көлемде берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда, уәкілетті органның қызметкері олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады және жұмыс берушіге құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы (берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) жазбаша негіздеме береді.
      Уәкілетті органның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде қабылданған құжаттардың тізбесін көрсете отырып қолхат береді.»;
      13-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган біліктілікке сай келетін кандидатураларды жұмыс іздеп келген және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан Қазақстан Республикасы азаматтарының арасынан іздестіруді жүзеге асырады.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы өтінішін қабылдауды бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтер берілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң және күнтізбелік алпыс күннен асырмай жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Шетелдік қызметкерлерді корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартқан кезде ішкі еңбек нарығында тиісті кандидатураларды іздестіру осы Қағидалардың 61-8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган берілген құжаттардың негізінде құжаттар қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
      4142434444-1 және 45-тармақтар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      «Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру және оларды ұзарту шарттары мен тәртібі
      61-1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тарту осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес экономика секторларында жүзеге асырылады.
      61-2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсат алу үшін жұмыс беруші «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге асырылатын жердегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
      61-3. Шетелдік заңды тұлғаның үлестес тұлғасының шетелдік жұмыс күшін тартуы корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру және оларды ұзарту үшін белгіленген шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      61-4. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту шарттарын айқындау мақсатында қызметкерлердің мынадай санаттары белгіленеді:
      1) басшылар – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын:
      ұйымды тікелей басқаруды жүзеге асыратын;
      ұйымның мақсаттары мен саясатын айқындайтын;
      шешімдер қабылдауға кең өкілеттіктері бар;
      директорлар кеңесінен немесе ұйым акционерлерінен тек жалпы нұсқаулар алатын;
      ұйымға тікелей қызметтер көрсетумен байланысты міндеттерді орындамайтын адамдар;
      2) менеджерлер – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, кәсіптік біліктілік деңгейі жоғары және тиісті салада менеджер позициясындағы жұмыс тәжірибесі бар адамдар және олар:
      ұйымды, ұйымның департаментін немесе басқармасын басқарады;
      басқа басшы кәсіптік немесе әкімшілік қызметкерлердің жұмысына басшылық етеді және бақылайды;
      персоналды жұмысқа алуға және жұмыстан босатуға, жұмысқа алуға, жұмыстан босатуға ұсыныс жасауға және басқа да іс-қимыл жасауға құқығы бар;
      жоғары тұрған басшылардан, директорлар кеңесінен немесе ұйым акционерлерінен тек жалпы нұсқаулықтар немесе нұсқау алады.
      Қызметтер көрсету үшін қажетті функцияларды тікелей жүзеге асыратын қызметкерлер аталған санатқа қосылмайды;
      3) мамандар – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, жоғары деңгейдегі арнайы және (немесе) бірегей білімі мен дағдылары, белгілі бір салада немесе ғылымда ұйымның бейіні бойынша қызметтер көрсету, ғылыми-зерттеу жабдығын, озыңқы технологиялар мен техниканы, оларды басқару әдістерін қолдану үшін қажетті айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар адамдар. Осындай білім мен дағдыларды бағалау кезінде ұйымның бейіні бойынша кәсіптік білімінің болуын ғана емес, сондай-ақ жұмыс түрлеріне немесе ұйымның қызметіне сәйкес келетін, арнайы техникалық білімдерді талап ететін жоғары деңгейдегі біліктілігін, оның ішінде тиісті аккредиттелген кәсіптік қауымдастықтардағы мүшелігін ескерген жөн.
      61-5. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған рұқсат басшыда, менеджерде және маманда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін, шеңберінде корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғада кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы және шетелдік қызметкерлердің Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келуі шартымен беріледі.
      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын басшылар мен менеджерлердің лауазымдары Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес басшылар лауазымдары үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын мамандардың лауазымдары Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандар лауазымдары үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
      61-6. Шетелдік қызметкерді басшылар лауазымдарына тартқан кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының санына қатынасын сақтау жөніндегі талаптар қолданылмайды.
      61-7. Менеджерлер мен мамандарды корпоративішілік ауыстыру еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын шетелдік қызметкерлер санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасының сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      61-8. Ішкі еңбек нарығында менеджер және маман лауазымдарына тиісті кандидатураларды іздестіруді жұмыс беруші «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді рұқсат беру не оны ұзарту туралы өтініш берілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын және күнтізбелік алпыс күннен асырмай шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге асырылатын жердегі уәкілетті органға жіберу арқылы жүзеге асырады.
      Осы тармақ шетелдік қызметкерді басшы санатына тартқан кезде, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған бұрын берілген рұқсатты ұзартқан кезде қолданылмайды.
      61-9. Уәкілетті орган рұқсаттарды берген кезде жұмыс берушімен келісу бойынша оған мынадай ерекше шарттарды жүктейді:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік қызметкердің мамандығы бойынша кәсіптік даярлау;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік қызметкердің мамандығы бойынша қайта даярлау;
      3) тартылатын шетелдік қызметкердің мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыру;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін шетелдік жұмыс күші тартылатын лауазымдарға сәйкес келетін қосымша жұмыс орындарын құру.
      61-10. Мыналарды корпоративішілік ауыстыру кезінде:
      1) менеджерді – жұмыс беруші осы Қағидалардың 61-9-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген шарттардың бірін таңдайды;
      2) маманды – жұмыс беруші осы Қағидалардың 61-9-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген шарттардың бірін таңдайды.
      Кәсіптік даярлануға және (немесе) қайта даярлауға және (немесе) біліктілігін арттыруға тиіс Қазақстан Республикасы азаматтарының саны және (немесе) құрылатын қосымша жұмыс орындарының саны шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттардың санына сәйкес келуге тиіс.
      61-11. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың:
      1) осы Қағидалардың 61-9-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізіледі;
      2) осы Қағидалардың 61-9-тармағының 1) тармақшасында көзделген ерекше шарттарды орындау рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде басталады.
      61-12. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар еңбек шартында көрсетілген ауыстыру мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, кемінде бір рет он екі айға ұзарту құқығымен беріледі.
      61-13. Құжаттар толық көлемде берілмеген және (немесе) осы Қағидаларға 13 және 14-қосымшаларда көзделген белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда, уәкілетті органның қызметкері олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады және жұмыс берушіге құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы (берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) жазбаша негіздеме береді.
      Құжаттарды қабылдаған кезде уәкілетті органның қызметкері қабылданған құжаттардың тізбесін көрсете отырып қолхат береді.
      61-14. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді осы Қағидалардың 22, 23, 24 және 25-тармақтарына сәйкес құрылатын Комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті орган шығарады.
      61-15. Уәкілетті орган корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы шешім шығарған кезде уәкілетті орган рұқсатты «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы береді не рұқсат беру туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң жұмыс берушi рұқсатты алуға келмеген жағдайда пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарлама ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жiбередi.
      Уәкілетті орган рұқсат беруден бас тарту туралы шешім шығарған кезде уәкілетті орган осы Қағидалардың 61-17-тармағына сәйкес негіздемелерді көрсете отырып, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы хабарлама жібереді не пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарлама ала отырып, хабарламаны жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жiбередi.
      61-16. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде шетелдiк жұмыс күшiнiң Қазақстан Республикасынан кетуiне кепiлдiк беретiн құжаттар уәкілетті органға берілмейді.
      61-17. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат мынадай:
      1) жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын шетелдік қызметкерлер санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасын сақтамаған;
      2) ішкі еңбек нарығында тиісті ұсыныстар болған;
      3) жұмыс берушінің шетелдік қызметкерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталған. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
      4) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдары берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі басталған ерекше шарттары (бар болса) орындалмаған;
      5) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) осы Қағидалардың 61-5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;
      6) шетелдік қызметкерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тартқан жағдайларда берілмейді немесе ұзартылмайды. Бұл ретте осындай факті анықталған күннен бастап алты ай ішінде жұмыс берушіге рұқсатта көрсетілген кәсіп немесе мамандық бойынша рұқсат беру жүргізілмейді.
      61-18. Уәкілетті орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, ол жұмыс берушінің рұқсат алған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл  ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.
      Шетелдік қызметкерлерді іссапарға жіберген кезде жұмыс беруші шетелдік қызметкерлердің тіркелген жердегі және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына келген жердегі ішкі істер органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.
      61-19. Осы Қағидаларға 14-қосымшаның 4-тармағында көзделген құжаттармен расталған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шетелдік қызметкер жұмыс орнына келмеген немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда, ол осы кәсіп үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде бұрын берілген рұқсатты жаңа нөмір бере отырып, басқа шетелдік қызметкерге қайта ресімдеуге жол беріледі.
      Қайта ресімделген рұқсат бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге беріледі.
      61-20. Уәкілетті орган бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты басқа шетелдік қызметкерге қайта ресімдеу туралы шешімді құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      61-21. Рұқсатты ұзарту туралы шешімді уәкілетті орган жүзеге асырады.
      61-22. Жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін жиырма жұмыс күні бұрын «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде уәкiлеттi органға мыналарды жібереді:
      1) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғамен) жасалған еңбек шартының нотариат куәландырған аудармасы (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
      3) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдары берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі басталған ерекше шарттарының (бар болса) орындалуы туралы ақпарат;
      4) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
      5) рұқсаттардың мерзімін ұзарту негіздемесі.
      61-23. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың негізінде құжаттар қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат он екі айға ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұрын берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күні басталады.
      Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 61-17-тармағына сәйкес оның негіздемелерін көрсетеді.
      61-24. Уәкiлеттi орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс берушiге рұқсатты не рұқсаттың мерзімін ұзарту туралы хабарламаны қағаз түрінде жібереді.
      Жұмыс берушi рұқсатты ұзарту туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi өткен соң рұқсатты алуға келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жiбередi.
      61-25. Уәкілетті орган мынадай:
      1) шетелдік қызметкер рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тартылған;
      2) жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын шетелдік қызметкерлер санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасын сақтамаған. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді.
      3) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдары берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі басталған ерекше шарттары (бар болса) орындалмаған жағдайларда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді.»;
      көрсетілген Қағидалар осы қаулыға 1234 және 5-қосымшаларға сәйкес 121314 және 15-қосымшалармен толықтырылсын;
      2) «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 585-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларында:
      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғын үйлер берілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, егер олар қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрған болса, өздері тұратын қызметтiк тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының қырық төртінші, қырық бесінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші және тоқсан алтыншы абзацтары 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 173 қаулысына     
1-қосымша        

Шетелдік қызметкерге жұмысқа     
орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге
шетелдік жұмыс күшін тартуға    
және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде
ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді  
тартуға рұқсаттар беру         
қағидалары мен шарттарына       
12-қосымша              

Шеңберінде корпоративішілік ауыстыру жүргізілетін экономика секторларының тізбесі

Р/с №

Экономикалық қызмет түрінің атауы

1

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

2

Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игepу

3

Өңдеу өнеркәсібі

4

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

5

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөліп таратылуын бақылау

6

Құрылыс

7

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

8

Көлік және қоймаға жинау

9

Тұру және тамақтану жөнінде көрсетілетін қызметтер

10

Ақпарат және байланыс

11

Қаржы және сақтандыру қызметі

12

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

13

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

14

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

15

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

16

Білім беру

17

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

18

Өнер, ойын-сауық және демалыс

19

Өзге де көрсетілетін қызметтер түрлерін ұсыну

20

Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі

21

Бұрынғы аумақтық ұйымдар мен органдардың қызметі

      Шеңберінде корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика секторлары 2009 жылғы 1 қаңтарда енгізілген ҚР МЖ ЭҚЖЖ 03-2007 «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішінің негізінде айқындалады және жіктеледі.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 173 қаулысына     
2-қосымша        

Шетелдік қызметкерге жұмысқа     
орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге
шетелдік жұмыс күшін тартуға    
және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде
ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді  
тартуға рұқсаттар беру         
қағидалары мен шарттарына       
13-қосымша             

____________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қалаларының атауы)
жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасына
____________________________________________
      (заңды тұлғаның толық атауы)

ӨТІНІШ

_______________________ облысына корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік қызметкерлерді тарту үшін _______________ адамға
рұқсат беруді/ұзартуды сұраймын (қажеттісінің астын сызу керек), оның ішінде Шетелдiк жұмыскерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарының 61-4-тармағына сәйкес:
басшы - ___ адам, __________________________________________________
                        (лауазымы (мамандығы көрсетілсін)
менеджер - ___ адам,
оның ішінде лауазымдар (мамандықтар) бойынша: ______________________
____________________________________________________________________
мамандар - ___ адам,
оның ішінде лауазымдар (мамандықтар) бойынша: ______________________
Шетелдік жұмыс күші тартылатын экономиканың секторын көрсету:
____________________________________________________________________

Жұмыс беруші туралы мәліметтер:

Қазақстан Республикасындағы жұмыс берушінің атауы:
____________________________________________________________________
Меншік нысаны ______________________________________________________
Құрылған күні 20___ жылғы «____» _________________
Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелгені туралы куәлік _____________________________________________________________
                     (нөмірі, қашан және кім берген)
ЖСН ______________, БСН ____________________________________________
Жүзеге асыратын қызмет түрі ________________________________________
____________________________________________________________________
Мекенжайы, телефоны, факсы _________________________________________
Қоса берілетін құжаттар: ___________________________________________
____________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі:______________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын жұмыс беруші-шетелдік заңды тұлғаның толық атауы: ________________________________________
____________________________________________________________________
Резидент елде тіркелгені туралы деректер ___________________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу №, тіркелген күні және тіркеу органының атауы)

Резидент елде салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогы ___________
____________________________________________________________________
Жүзеге асыратын қызмет түрі ________________________________________
____________________________________________________________________
Резидент елдегі мекенжайы, телефоны ________________________________
____________________________________________________________________
«Қолданыстағы Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидаларымен және шарттарымен таныстым.».

Басшы ______________________________________________________________
                  (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

      20___ж. «___» ______________

      М.О.

Өтініш 20___ж. «____» __________________ қарауға қабылданды
____________________________________________________________________
              (жауапты адамның тегі, аты-жөні, қолы)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 173 қаулысына     
3-қосымша        

Шетелдік қызметкерге жұмысқа     
орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге
шетелдік жұмыс күшін тартуға    
және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде
ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді  
тартуға рұқсаттар беру         
қағидалары мен шарттарына       
14-қосымша              

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар

      1. Жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғамен) жасалған еңбек шартының нотариат куәландырған аудармасы (мемлекеттік және орыс тілдерінде).
      2. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдары берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі басталған ерекше шарттарының (бар болса) орындалуы туралы ақпарат.
      3. Тегін, атын, әкесінің атын (оның ішінде латын әріптерімен), туған күнін, азаматтығын, паспорттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірін, күні мен берген органды, тұрақты тұратын елін, шыққан елін, білімін, мамандығының атауын, Қазақстан Республикасында қолданылатын, орталық атқарушы орган бекітетін Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес біліктілігін (лауазымын) көрсете отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер.
      4. Тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жария етілген білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған сканерленген түрдегі аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
      2) қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауды немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растау құжаттарын сканерленген түрде қоса бере отырып, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтіліне қарай біліктілік талаптары бар болса).
      5. Осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.
      6. Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес рұқсаттар берудің ерекше шарттарын жұмыс берушімен келісу нысаны.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 173 қаулысына     
4-қосымша        

Шетелдік қызметкерге жұмысқа     
орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге
шетелдік жұмыс күшін тартуға    
және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде
ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді  
тартуға рұқсаттар беру         
қағидалары мен шарттарына       
15-қосымша               

Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпараттың нысаны

Р/с №



Жұмыс беруші қызметкерлерінің саны, адам

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тарту жоспарланып отырған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам

3-баған + 5-баған

4-баған + 5-баған

Қазақстандық азаматтар қатарындағы қызметкерлердің жалпы санына қатысты корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің %, 7-баған/6-баған*100 %

барлығы

оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылған шетелдік жұмыс күші

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Менеджерлер мен мамандар







2

Жиыны







      Ескертпе: шетелдік қызметкер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, ол 5-бағанда есепке алынбайды
      Жұмыс беруші: ________________________________________
                       (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

      М.О.