2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1181 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды
орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы
мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан
Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған
ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі
1. Төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрастар, жамылғы, жастық түрлері, сүлгі, майлық, жастық тыстары, матрасқа арналған тыстар, жаялықтар.
2. Аспаз костюмі, наубайшы костюмі, түрлі қалпақтар.
3. Дәретхана қағазы, қағаз сүлгілер.
4. Перделер, машиналарға, креслоларға арналған тыстар, шымылдықтар.
5. Шахтер сөмкесі, түрлі қаптар, шахтер белбеуі.
6. Термотөзімді брезенттен жасалған костюм, мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далалық күртеше, брезент костюм, дәнекерлеушінің, аккумуляторшының костюмі, жұмыс комбинезоны, су өткізбейтін қанықтырмасы бар брезент жадағай, қарауыл жадағайы, резеңкеленген жадағай.
7. Түрлі бушлаттар, мақтадан жасалған күртеше, мақтадан жасалған жылы шалбар, синтепоннан сырып тігілген медициналық бушлат, «Зима» жылы костюмі, теріден тігілген костюм, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы күртеше, бүркемеленген далалық костюм, шалбар, фуфайка, теріден тігілген костюм.
8. Әртүрлі пижамалар, ерлердің іш киімдері, трусилер, шұлықтар, шұлғаулар, әртүрлі ішкі жейделер, әртүрлі жейделер.
9. Жаңа туған нәрестеге арналған жиынтық.
10. Қолғаптар мен биялайлардың барлық атауы.
11. Түрлі үшкіл орамалдар, шлемнің астынан киетін түрлі қалпақтар, беторамал, жаға астары.
12. Жұмыс халаты, түрлі алжапқыштар, бірегей нысанды киім, киім-кешек (офицерлік құрамнан басқа), сигналдық кеудеше, медициналық халаттардың барлық түрі, хирургиялық костюмдер, түрлі бахилалар, нысанды және арнайы киім, көрпе, госпиталь халаттары, түрлі халаттар, мектеп формаларының барлық түрі.
13. Тері құлақшын.
14. Аяқкиім тігу және жөндеу.
15. Қоқысқа арналған қалақтар, түймелер, қыстырғыштар, шахматтар, дойбылар, ілгіштер, шыны банкаларға арналған металл, пластмасса қақпақтар, медициналық фольга қалпақтар, қорғаныш каскалар, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған контейнерлер, оқшаулау торабының Р-50, Р-65 оқшаулау бөлшектері, құжат тігілетін папкалардың құлыптары, шылапшындар, шелектер және электр энергиясын есепке алу құралдарына арналған тыстар мен корпустар, жануарларға арналған биркалар, дөңгелек металл щетка, жануарларға арналған шынжыр, рабица тор.
16. Құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар.
17. Орайтын қораптар, архив қораптары.
18. Фармацевтикалық қызмет, дәрілік заттарды өндіру, жасау және сату.
19. Биметалл камералық температуралық реле датчигі, автоөткізгіштер, шамдар, розеткалар, өшіргіштер, ұзартқыштар, ИП 212-45 өрт кезіндегі хабарлағыштар, 1000 В-гe дейінгі кернеудегі түрлі модификациядағы электр қалқандар, өрт сөндіру-күзет сигнализациясының аспаптары.
20. Көлік құралдарының, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлардың қосалқы бөлшектері (сүзгілер, щеткалар, ору машинасына арналған тармақ, елейтін шатун).
21. Орын-жайлар мен аумақтарды жинау.
22. Абаттандыру, көгалдандыру.
23. Мүгедектердің демалысын және санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру.
24. Жерлеу бойынша көрсетілетін қызметтер.
25. Жерлеу бюросының көрсететін қызметтері.
26. Полиграфиялық, жарнамалық, баспаның көрсетілетін қызметтері.
27. Қылқалам-щетка бұйымдары.
28. Мүгедектердің оңалту техникасын (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергіш құрылғылар мен механизмдер, телерадиоаппаратура) жасау, құрастыру, жөндеу және оған қызмет көрсету.
29. Ағаштан жасалған бұйымдар (түрлі саптар, ыдыс жәшіктер).
30. Орын-жайларды жалға беру.
31. Кресло-арбалар.
32. Жиһаз жасау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1181 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Тауарлар өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 193-құжат).
2. «Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 431 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 285-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 618 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 43, 325-құжат).