"Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1130 қаулысы

Қолданыстағы

      2016 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары»;
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1.

Тірі ірі қара мал

01.41.10

бас

5

                                                                ».
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов