Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 және "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1107 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақтағы орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 11-4) және 11-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-4) бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ оларды орындауды ұйымдастырады;

      11-5) бітімгершілік операцияға дайындық жоспарын әзірлейді және бекітеді;";

      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Mинистрі

К.Мәсімов