Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 және "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1107 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақтағы орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 11-4) және 11-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-4) бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ оларды орындауды ұйымдастырады;
      11-5) бітімгершілік операцияға дайындық жоспарын әзірлейді және бекітеді;»;
      2) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 312-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «312-1) ұлттық контингентін бітімгершілік операцияға қатысуға жіберу жоспарланған мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) қолжетімді байланыс түрлерімен қамтамасыз етуге және ұлттық контингент пен жүктерді бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) және кері қарай тасымалдауға жәрдем көрсету;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі                                   К.Мәсімов