2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі (бұдан әрі – қызмет түрлерінің тізбесі) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (келісім бойынша) 2016 жылғы 1 сәуірге дейін бекітілген қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін қызмет түрлерін жарғылық құжаттардан алып тастау арқылы өздерінің ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларының (олардағы акцияларды (қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену елу пайыздан астамды құрайтын) қызмет түрлерін сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулының 2-тармағының талабы "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес жекешелендіруге және бәсекелес ортаға беруге жататын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға және олармен үлестес тұлғаларға қолданылмайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.12.2016 № 771 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 1 желтоқсанға дейін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабының 3-тармағына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесін өзектілендіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар беруді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысымен бекітілген |
Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 10.02.2017 № 45; 25.05.2017 № 291; 15.09.2017 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі республикалық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері
Р/с | ЭҚЖЖ-ға сәйкес қызмет түрінің атауы | ЭҚЖЖ коды |
1 | 2 | 3 |
1. | Аралас ауыл шаруашылығы | 01500 |
2. | Ғарыштық ұшу аппараттарын жасау | 30302 |
3. | Хирургиялық және ортопедиялық құрылғыларды жасау | 32503 |
4. | Қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою | 38220 |
5. | Жолдар мен автомагистральдар құрылысы | 42111 |
6. | Ортақ пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын (учаскелерін) салуды, реконструкциялауды, жөндеуді, пайдалануды және ондағы ақылы қозғалысты ұйымдастыру, сонымен қатар ағымдағы жөндеу мен ұстау | 42112 |
7. | Барлау мақсатымен бұрғылау | 43130 |
8. | Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде фармацевтикалық және медициналық тауарларды көтерме саудада сату | 46462 |
9. | Ресми іс-шараларға арналған мейрамханалары бар қонақ үй қызметін көрсету | 55103 |
10. | Газет шығару | 58130 |
11. | Журналдар мен мерзімді басылымдарды шығару | 58140 |
12. | Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламаларды шығару жөніндегі қызмет | 59110 |
13. | Радиохабар тарату | 60100 |
14. | Телевизиялық бағдарламалар жасау және трансляциялау қызметі | 60200 |
15. | Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін телекоммуникациялық сымды байланыс | 61101 |
16. | Өзге телекоммуникациялық сымсыз байланыс | 61209 |
17. | Байланыс ұйымдастыру үшін спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет | 61303 |
18. | Деректерді орналастыру және өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер | 63111 |
19. | Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдай отырып, әдіснамалық-ақпараттық қамтамасыз ету | 63112 |
20. | Веб-порталдар | 63120 |
21. | Холдингтік компаниялар қызметі | 64200 |
22. | Медициналық жабдықтар мен техниканың қаржылық лизингі | 64912 |
23. | Өзге топтамаларға жатқызылмаған сақтандыру және зейнетақы қорлары көрсететін қызметтерді қоспағанда, қаржылық қызметтердің басқа түрлері | 64999 |
24. | Өмірді мемлекеттік сақтандыру | 65111 |
25. | Мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыру | 65302 |
26. | Жеке меншік мүлікті жалға беру және басқару | 68201 |
27. | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 25.05.2017 № 291 қаулысымен. | |
28. | Картография саласында көрсетілетін қызметтер | 71125 |
29. | Геология саласындағы зертханалық-талдамалық зерттеулер | 71204 |
30. | Автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын жобалау, салу, жөндеу, ұстау және диагностикалау саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер | 72191 |
31. | Геология саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары | 72192 |
32. | Ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер | 72193 |
33. | Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеулер және эксперименттік әзірлемелер | 72194 |
34. | Инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер | 72195 |
35. | Индустрияны дамытуға бағытталған қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қолданбалы зерттеулер | 72202 |
36. | Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер | 72203 |
37. | Экономикалық, бюджеттік және стратегиялық жоспарлау саласындағы пәнаралық зерттеулер мен әзірлемелер | 72204 |
38. | Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу | 74902 |
39. | Инновациялық технологиялармен айналысатын ведомстволық қызметтердің (медициналық, білім беру, консультациялық және т.б.) жұмысы | 74903 |
40. | Басқа санаттарға енгізілмеген өзге кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 74909 |
41. | Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру | 82300 |
42. | Халықаралық қызмет | 84210 |
43. | Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет | 84250 |
44. | Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет | 84300 |
45. | Жоғары білім | 85420 |
46. | Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге түрлері | 85599 |
47. | Кең бейіндегі және мамандандырылған ауруханалар қызметі | 86101 |
48. | Стационарлары бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі | 86109 |
49. | Жалпы дәрігерлік практика | 86210 |
50. | Театр қызметі | 90011 |
51. | Концерт қызметі | 90012 |
52. | Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі | 92000 |
53 | "Қарағандыкөмір" бұрынғы өндірістік бірлестігінің шахталары мен көмір тіліктері қызметінің салдарларын жою | 39000 |
54 | Таратылған шахталардағы газ ахуалын, гидрогеологиясын және су басу деңгейлерін мониторингтеу | 39000 |
55 | Таратылған объектілерді (діңгектерді, шурфтарды, ұңғымаларды) зерттеп-қарау | 39000 |
56 | Жер жұмыстары | 43121 |
2. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері
Р/с | ЭҚЖЖ-ға сәйкес қызмет түрінің атауы | ЭҚЖЖ коды |
1 | 2 | 3 |
1 | Жылу электр станцияларының электр энергиясын өндіруі | 35111 |
2 | Өзге электр станцияларының электр энергиясын өндіруі | 35114 |
3 | Электр энергиясын беру | 35120 |
4 | Электр энергиясын бөлу | 35130 |
5 | Жылу желілерінің жылу энергиясын өндіруі | 35301 |
6 | Дербес қазандықтардың жылу энергиясын өндіруі | 35302 |
7 | Жылумен жабдықтау | 35303 |
8 | Суды жинау, өңдеу және бөлу | 36000 |
9 | Кәріз жүйесі | 37000 |
10 | Электротехникалық және монтаж жұмыстары | 43210 |
11 | Автобуспен тасымалдау | 49311 |
12 | Трамваймен тасымалдау | 49312 |
13 | Троллейбуспен тасымалдау | 49313 |
14 | Терминалдар көрсететін қызметтер | 52213 |
15 | Өзге көліктік-экспедициялық қызметтер | 52299 |
16 | Холдингтік компаниялар қызметі | 64200 |
17 | Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша консультация беру | 70221 |
18 | Басқа санаттарға енгізілмеген өзге кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 74909 |
19 | Экономикалық қызметті тиімді жүргізуді реттеу және жәрдемдесу | 84130 |
20 | Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге түрлері | 85599 |
21 | Мәдениет және демалыс саябақтары мен тақырыптық саябақтардың қызметі | 93210 |
22 | Коммерциялық және кәсіпкерлік ұйымдардың қызметі | 94110 |
3. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері
Р/с | ЭҚЖЖ-ға сәйкес қызмет түрінің атауы |
ЭҚЖЖ |
1 | 2 | 3 |
1. | Ағаш өсіру және өзге орман шаруашылығы қызметі | 02100 |
2. | Тас көмірді ашық тәсілмен өндіру | 05101 |
3. | Лигнитті (қоңыр көмірді) ашық тәсілмен өндіру | 05201 |
4. | Лигнитті (қоңыр көмірді) жерасты тәсілімен өндіру | 05202 |
5. | Шикі мұнайды және ілеспе газды өндіру | 06100 |
6. | Метаннан басқа табиғи газды өндіру | 06201 |
7. | Көмір кен орнынан метанды өндіру | 06202 |
8. | Темір кенін жерасты тәсілімен өндіру | 07101 |
9. | Темір кенін ашық тәсілмен өндіру | 07102 |
10. | Уран және торий кенін өндіру | 07210 |
11. | Мыс кенін өндіру және байыту | 07292 |
12. | Қорғасын-мырыш кенін өндіру және байыту | 07293 |
13. | Бағалы металдар мен сирек кездесетін металл кендерін өндіру | 07298 |
14. | Басқа түсті металл кендерін өндіру | 07299 |
15. | Сәндік және құрылыс тасын өндіру | 08111 |
16. | Әктасты, гипсті және борды өндіру | 08112 |
17. | Малтатасты және құмды карьерлерді игеру | 08121 |
18. | Химиялық өнеркәсіп пен тыңайтқыштар алу үшін минералды шикізаттар өндіру | 08910 |
19. | Металл емес кенді өндіру және байыту | 08992 |
20. | Шыны өнеркәсібі үшін бастапқы шикізат өндіру | 08994 |
21. | Асыл тастар (алмастан басқа) және жартылай асыл тастар, жарқырауық тастар және кәріптас өндіру | 08995 |
22. | Мұнай мен табиғи газды өндіру кезіндегі техникалық қолдау | 09100 |
23. | Кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары және жерасты қазба жұмыстары үшін техникалық қолдау | 09900 |
24. | Балықты, шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді өңдеу және консервілеу | 10200 |
25. | Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру | 19201 |
26. | Өнеркәсіптік газды өндіру | 20110 |
27. | Өзге бейорганикалық негізгі химиялық заттар өндірісі | 20130 |
28. | Биоэтанол өндірісі | 20142 |
29. | Өзге органикалық химиялық заттар өндірісі | 20149 |
30. | Бастапқы пішіндегі пластмасса өндірісі | 20160 |
31. | Бастапқы пішіндегі синтетикалық каучук өндірісі | 20170 |
32. | Басқа химиялық өнімдер өндірісі | 20599 |
33. | Пластмасса табақтар, шиналар мен профильдерге арналған камералар өндірісі | 22210 |
34. | Тауарларға арналған пластик ораулар өндірісі | 22220 |
35. | Табақ шыны өндірісі | 23110 |
36. | Шыны ыдыс өндірісі | 23131 |
37. | Түрпілі бұйымдар өндірісі | 23910 |
38. | Шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісі | 24100 |
39. | Бағалы (асыл) металдар өндірісі | 24410 |
40. | Қорғасын, мырыш және қалайы өндірісі | 24430 |
41. | Титан мен магний, вольфрам мен молибден өндірісі | 24452 |
42. | Түсті металдар мен қорытпалар өңдеу | 24454 |
43. | Сирек металдар мен жартылай өткізгіш материалдар өндірісі | 24455 |
44. | Ядролық отынды өңдеу | 24460 |
45. | Шойын құю | 24511 |
46. | Болат құю | 24520 |
47. | Өзге түсті металдарды құю | 24540 |
48. | Өзге металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер жасау | 25290 |
49. | Қару-жарақ және оқ-дәрілер өндірісі | 25400 |
50. | Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар түсіру | 25610 |
51. | Өзге металл бұйымдар өндірісі | 25710 |
52. | Металл және ағаш өңдеу аспаптарын жасау | 25731 |
53. | Металл бөшкелер және ұқсас сыйымдылықтар жасау | 25910 |
54. | Өзге дайын металл бұйымдар өндірісі | 25999 |
55. | Электронды бөлшектер өндірісі | 26110 |
56. | Өндірістік мақсаттағы теле- және радиоаппаратура өндірісі | 26301 |
57. | Кабельді телефон және телеграф байланысына арналған аппаратура өндірісі | 26302 |
58. | Пайдаланушыларға арналған электронды құралдар жасау | 26400 |
59. | Механикалық шамаларды өлшеуге арналған құралдар жасау | 26511 |
60. | Электр өлшеу құралдарын жасау | 26512 |
61. | Радио өлшеу аспаптарын жасау | 26513 |
62. | Физикалық зерттеулерге арналған аспаптар жасау | 26515 |
63. | Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапевтік жабдықтар жасау | 26600 |
64. | Электрод өнімдерін жасау | 27901 |
65. | Электр оқшаулағыш бұйымдарын жасау | 27902 |
66. | Электросигналды жабдықтар жасау | 27903 |
67. | Өзге электр механизмдері мен аспаптарын жасау | 27909 |
68. | Қозғалтқыштарды жасау | 28111 |
69. | Турбиналар жасау | 28112 |
70. | Крандарды жасау (құрылыстық емес) | 28221 |
71. | Құрылысқа арналған крандарды жасау | 28222 |
72. | Үздіксіз көлік жабдығын жасау | 28223 |
73. | Лифт өндірісі | 28224 |
74. | Авто және электр тиегіштерді жасау | 28225 |
75. | Өзге көтергіш-көліктік, тиегіш-түсіргіш және қойма жабдықтарын жасау | 28229 |
76. | Ауа кондиционерлерін, желдеткіштерін жасау | 28252 |
77. | Сүзгіш және тазалауыш жабдықтарды жасау | 28292 |
78. | Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау | 28302 |
79. | Мұнай кәсіпшілігінің және бұрғылау геологиялық барлау жабдықтарын жасау | 28991 |
80. | Мұнай мен газ өңдеу жабдықтарын жасау | 28992 |
81. | Электрондық өнеркәсіпке арналған арнайы технологиялық жабдықтарды жасау | 28993 |
82. | Шыны өндірісіне арналған технологиялық жабдықтарды жасау | 28994 |
83. | Полиграфиялық өнеркәсіпке арналған технологиялық жабдықтарды жасау | 28995 |
84. | Арнайы мақсаттағы басқа машиналар жасау | 28999 |
85. | Тіркемелерді және жартылай тіркемелерді жасау | 29202 |
86. | Корабльдер мен қалқымалы конструкцияларды жасау | 30110 |
87. | Темір жол локомотивтерін және жылжымалы құрамды жасау (жөндеусіз) | 30200 |
88. | Әскери жауынгерлік автокөлік құралдарын жасау | 30400 |
89. | Зергерлік бұйымдарды жасау | 32120 |
90. | Металл цистерналарды, резервуарларды және контейнерлерді жөндеу | 33111 |
91. | Орталық жылыту қазандықтарынан басқа бу қазандықтарын жөндеу | 33113 |
92. | Дәрімен атылатын және артиллериялық қаруды жөндеу | 33114 |
93. | Металл бөшкелерді және ұқсас сыйымдылықтарды жөндеу | 33115 |
94. | Басқа да металл бұйымдарды жөндеу | 33119 |
95. | Механикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33121 |
96. | Жалпы мақсаттағы басқа да жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33122 |
97. | Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33123 |
98. | Станоктарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33124 |
99. | Арнайы мақсаттағы басқа да машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33125 |
100. | Кеңсе машиналарын және есептеуіш техникаларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33126 |
101. | Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33131 |
102. | Бақылау жабдығын жөндеу | 33132 |
103. | Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапевтік жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33133 |
104. | Оптикалық аспаптарды және фотографиялық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33134 |
105. | Электромоторларды, генераторларды және трансформаторларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33141 |
106. | Электр бөлу және реттеу аппаратураларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33142 |
107. | Электрмен жарықтандыру жабдығын жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33143 |
108 | Басқа санаттарға кірмеген, өзге де электр жабдықтарын техникалық күту және жөндеу | 33149 |
109. | Кемелерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33151 |
110. | Спорт және серуенге арналған қайықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 33152 |
111. | Темір жолдардың жылжымалы құрамын жөндеу | 33171 |
112. | Өнеркәсіптік техника мен жабдықты жөндеу | 33200 |
113. | Жылу электр станцияларының электр энергиясын өндіруі | 35111 |
114. | Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі | 35112 |
115. | Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі | 35114 |
116. | Электр энергиясын беру | 35121 |
117. | Электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімділігін ұйымдастыру | 35122 |
118. | Ұлттық электр желісінің жабдығына пайдалану қызметтерін көрсету | 35123 |
119. | Жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатын реттеу және резервтеу | 35124 |
120. | Электр энергиясын бөлу | 35130 |
121. | Электр энергиясын тұтынушыға сату | 35140 |
122. | Газ тәрізді отынды өндіру | 35210 |
123. | Құбырлар арқылы газ тәрізді отынды бөлу | 35220 |
124. | Газ тәрізді отынды құбырлар арқылы сату | 35230 |
125. | Жылу желілерінің жылу энергиясын өндіруі | 35301 |
126. | Дербес қазандықтардың жылу энергиясын өндіруі | 35302 |
127. | Жылумен жабдықтау | 35303 |
128. | Жылу электр станцияларының жылу энергиясын өндіруі | 35305 |
129. | Суды жинау, өңдеу және бөлу | 36000 |
130. | Кәріз жүйесі | 37000 |
131. | Қауіпсіз қалдықтарды жинау | 38110 |
132. | Қауіпті қалдықтарды жинау | 38120 |
133. | Қауіпсіз қалдықтарды өңдеу және жою | 38210 |
134. | Қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою | 38220 |
135. | Қара металдың қалдықтары мен сынықтарын өңдеу | 38321 |
136. | Тұрғын үй ғимараттарының құрылысы | 41201 |
137. | 1 санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, басқа тұрғын емес ғимараттардың құрылысы | 41202 |
138. | Жолдар мен автомагистральдар құрылысы | 42111 |
139. | Ортақ пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын (учаскелерін) салуды, реконструкциялауды, жөндеуді, пайдалануды және ондағы ақылы қозғалысты ұйымдастыру, сонымен қатар ағымдағы жөндеу мен ұстау | 42112 |
140. | Темір жолдар және метро құрылысы | 42120 |
141. | Магистральдық мұнай және газ құбырларының құрылысы | 42211 |
142. | Сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне арналған құбырлардың құрылысы | 42212 |
143. | Электр энергиясымен және телекоммуникациямен қамтамасыз етуге арналған бөліп таратқыш объектілердің құрылысы | 42220 |
144. | Су құрылыстарын салу | 42910 |
145. | Ғимараттарды бөлшектеу және бұзу | 43110 |
146. | Жер жұмыстары | 43121 |
147. | Жару жұмыстары | 43122 |
148. | Барлау мақсатымен бұрғылау | 43130 |
149. | Телекоммуникациялық, компьютерлік және телевизиялық желілерді тарату бойынша электр техникалық және монтаждау жұмыстары | 43211 |
150. | Өзге де электр техникалық және монтаждау жұмыстары | 43219 |
151. | Сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау | 43220 |
152. | Оқшаулау жұмыстары | 43291 |
153. | Өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары | 43298 |
154. | Құрастырылған жабдықты қосу және реттеу | 43299 |
155. | Сылақ жұмыстары | 43310 |
156. | Ағаш шеберінің және ағаш ұстасының жұмыстары | 43320 |
157. | Еденге жабын төсеу және қабырғаларды қаптау жұмыстары | 43330 |
158. | Сырлау және шыны жұмыстары | 43340 |
159. | Өзге әрлеу жұмыстары | 43390 |
160. | Төбе жабу жұмыстары | 43910 |
161. | Шахталар құрылысы | 43991 |
162. | Құрылыс жабдығын операторымен жалға беру | 43993 |
163. | Арнайы кәсіптерді талап ететін өзге құрылыс жұмыстары | 43999 |
164. | Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | 45200 |
165. | Ауыл шаруашылығы шикізатын, тірі мал, тоқыма шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сату жөніндегі агенттердің қызметі | 46110 |
166. | Түрлі ассортименттегі тауарларды сату жөніндегі агенттердің қызметі | 46190 |
167. | Тері мен былғарыны көтерме саудада сату | 46240 |
168. | Шикі мұнай мен ілеспе газды көтерме саудада сату | 46711 |
169. | Табиғи (жанатын) газды көтерме саудада сату | 46712 |
170. | Тас көмірді көтерме саудада сату | 46713 |
171. | Лигнитті (қоңыр көмірді) көтерме саудада сату | 46714 |
172. | Авиация бензинін және жермайды көтерме саудада сату | 46715 |
173. | Автомобиль бензинін көтерме саудада сату | 46716 |
174. | Дизель отынын көтерме саудада сату | 46717 |
175. | Отын мазутын көтерме саудада сату | 46718 |
176. | Өзге де отынды көтерме саудада сату | 46719 |
177. | Қара және түсті металл кендерін көтерме саудада сату | 46721 |
178. | Шойын, болат және олардың құймасын көтерме саудада сату | 46722 |
179. | Бағалы металдарды көтерме саудада сату | 46724 |
180. | Өзге де аралық өнімдерді көтерме саудада сату | 46762 |
181. | Қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын көтерме саудада сату | 46771 |
182. | Бағалы металдар мен асыл тастардың сынықтарын көтерме саудада сату | 46772 |
183. | Өзге де металл емес қалдықтар мен сынықтарды көтерме саудада сату | 46779 |
184. | Мамандандырылған дүкендерде мотор отынын бөлшек саудада сату | 47301 |
185. | Жолаушылар темір жол көлігі, қалааралық | 49100 |
186. | Жүк теміржол көлігі | 49200 |
187. | Автобуспен тасымалдау | 49311 |
188. | Басқа санаттарға жатқызылмаған жерүсті жолаушылар тасымалдарының өзге түрлері | 49390 |
189. | Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау | 49410 |
190. | Тасымалдау бойынша қызметтер | 49420 |
191. | Құбыржолмен тасымалдау | 49500 |
192. | Теңіз және жағалау жүк көлігі | 50200 |
193. | Кестеге бағынатын жолаушылар әуе көлігінің қызметі | 51101 |
194. | Астықты қоймаға қою және сақтау | 52101 |
195. | Астықтан басқа азық-түлік емес тауарларды қоймаға қою және сақтау | 52102 |
196. | Азық-түлік тауарларын қоймаға қою және сақтау | 52103 |
197. | Темір жолды пайдалану | 52211 |
198. | Терминалдар көрсететін қызметтер | 52213 |
199. | Су тартқыштарды қосқанда, магистральды және басқа да құбырларды пайдалану | 52215 |
200. | Қолданыстағы магистральды және өзге де құбыржолдарға құбыржол жалғау (қосу) жөнінде көрсетілетін қызметтер | 52216 |
201. | Құрлық көлігі саласында көрсетілетін өзге де қызметтер | 52219 |
202. | Су көлігі саласында көрсетілетін қызметтер | 52220 |
203. | Жолаушылар мен жүк тасымалына жататын өзге қызмет | 52239 |
204. | Жүктерді көліктік өңдеу | 52240 |
205. | Көліктік-экспедициялық көрсетілетін қызметтер | 52291 |
206. | Көліктегі техникалық қадағалау | 52292 |
207. | Жалпыға бірдей қамту аймағында қызметтерді ұсыну міндеттемелеріне сәйкес пошталық көрсетілетін қызметтер | 53100 |
208. | Өзге пошталық және курьерлік қызмет | 53200 |
209. | Тұрғын үйдің басқа түрлері | 55900 |
210. | Елді мекендерден тыс тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге түрлері | 56291 |
211. | Жолаушылар поездарында тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге түрлері | 56292 |
212. | Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін телекоммуникациялық сымды байланыс | 61101 |
213. | Өзге телекоммуникациялық сымды байланыс | 61109 |
214. | Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін телекоммуникациялық сымсыз байланыс | 61201 |
215. | Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының желісі арқылы теле-, радио бағдарламаларды таратуды ұйымдастыру | 61202 |
216. | Өзге телекоммуникациялық сымсыз байланыс | 61209 |
217. | Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет | 61301 |
218. | Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін спутниктік телекоммуникация саласындағы қызмет | 61302 |
219. | Байланысты ұйымдастыру үшін спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет | 61303 |
220. | Интернет желісі арқылы телерадио бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет | 61901 |
221. | Телекоммуникациялық қызметтердің өзге түрлері | 61909 |
222. | Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу | 62011 |
223. | Бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу | 62012 |
224. | Ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялық және практикалық көрсетілетін қызметтер | 62021 |
225. | Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық құрал-жабдықтарды басқару жөніндегі қызмет | 62031 |
226. | Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтің басқа түрлері | 62092 |
227. | Деректерді өңдеу және орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 63111 |
228. | Веб-порталдар | 63120 |
229. | Ұлттық даму институты және оның еншілес лизинг беруші ұйымы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктердің қызметі | 64191 |
230. | Жинақ банктерінің қызметі | 64192 |
231. | Ұлттық даму институты және оның еншілес лизинг беруші ұйымы болып табылатын банк қызметі | 64193 |
232. | Холдингтік компаниялар қызметі | 64200 |
233. | Медициналық жабдықтар мен техниканың қаржылық лизингінен басқа қаржылық лизингтер | 64911 |
234. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын арнайы қаржылық қолдау қорларының қызметі | 64922 |
235. | Индустриялық-инновациялық қызмет пен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне көрсетілетін қаржы-экономикалық көрсетілетін қызметтер | 64991 |
236. | Басқа қаржылық қызметтер, экономиканың басқа салаларын қаржыландыру, инвестициялық қызмет | 64992 |
237. | Кредит берудің өзге түрлері | 64929 |
238. | Өзге топтамаларға жатқызылмаған сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметтерінен басқа, қаржылық көрсетілетін қызметтердің басқа түрлері | 64999 |
239. | Сақтандыру агенттерінің және брокерлерінің қызметі | 66220 |
240. | Сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі басқа қосалқы қызмет | 66290 |
241. | Жеке меншік мүлікті жалға беру және басқару | 68201 |
242. | Жалға берілетін жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану | 68202 |
243. | Бас компаниялардың мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму саясатын жүзеге асыруға байланысты қызметі | 70101 |
244. | Басқа да бас компаниялардың қызметі | 70109 |
245. | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мен концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу | 70222 |
246. | Атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілері үшін сәулет саласындағы қызмет | 71111 |
247. | Атом өнеркәсібі және атом энергетикасын қоспағанда, инженерлік ізденістер саласында көрсетілетін қызмет және осы салада техникалық консультациялар беру | 71121 |
248. | Геологиялық барлау мен ізденістер жүргізу жөніндегі қызмет (ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерсіз) | 71122 |
249. | Инженерлік ізденістер саласындағы қызмет және осы салада атом өнеркәсібі мен атом энергетикасы объектілері үшін техникалық консультация беру | 71126 |
250. | Мұнай өндіруші зауыттардың зертханалық сынақтар мен талдаулар жүргізуді жүзеге асыру қызметі | 71203 |
251. | Техникалық сынаулар мен талдауды жүзеге асыратын басқа да мекемелер қызметі | 71209 |
252. | Автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын жобалау, салу, жөндеу, ұстау және диагностикалау саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер | 72191 |
253. | Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеулер және эксперименттік әзірлемелер | 72194 |
254. | Индустрияны дамытуға бағытталған қоғамдық және гуманитарлық саладағы қолданбалы зерттеулер | 72202 |
255. | Жарнама агенттіктерінің қызметі | 73110 |
256. | Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама беру | 73120 |
257. | Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе үшін компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жалға алу | 77331 |
258. | Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де машиналарды, жабдықтар мен материалдық құралдарды жалға алу | 77391 |
259. | Қорғалған авторлық құқықтармен жасалатын жұмыстарды қоспағанда, зияткерлік меншікті және ұқсас өнімдерді жалға алу | 77400 |
260. | Ұлттық компаниялар құрған, стратегиялық объектілерге қызмет көрсету үшін техникалық және көмекші персоналды ұсыну жөніндегі ұйымдардың қызметі | 78302 |
261. | Брондау бойынша көрсетілетін қызметтердің өзге түрлері және оған ілеспе қызметтер | 79900 |
262. | Ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының қызметі | 80102 |
263. | Тазалау бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері | 81290 |
264. | Фотокөшірмелеу жұмыстары, құжаттамалар дайындау және мамандандырылған кеңселік қызмет көрсетудің өзге түрлері | 82190 |
265. | Ақпараттық-анықтамалық қызметтердің жұмысы | 82200 |
266. | Төлемдерді жинау агенттіктері мен кредиттік бюролардың қызметі | 82910 |
267. | Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі | 84250 |
268. | Кәсіптік орта білім | 85322 |
269. | Жоғары білім | 85420 |
270. | Ұлттық компаниялар және олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру түрлері | 85592 |
271. | Ұлттық компаниялар және олардың еншілес ұйымдары ұсынатын қосалқы білім беру қызметтері | 85601 |
272. | Санаторийлік-курорттық ұйымдардың қызметі | 86103 |
273. | Ұлттық басқарушы холдинг үшін бухгалтерлік, салық есебі және қазынашылық операциялар саласындағы қызмет | 69205 |
274. | Ұлттық басқарушы холдинг үшін кадрлық іс жүргізу жөніндегі қызмет | 78303 |