"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ТРМК Координатор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 291 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-133-жол алып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 359-4-жол алып тасталсын.
3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.4. "Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 55-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
"1. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі республикалық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері" деген кестеде:
реттік нөмірі 27-жол алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 291 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Координатор" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 352 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 21, 193-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Координатор" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 1041 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 757-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 407 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 41, 545-құжат).