Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1 және 26-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам):
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында зерттеулер жүргізу;
2) бизнес-жоспарлар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаматтамасын бағалау мен сараптаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында мамандар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету міндеттерін шешу арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қызметті жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қоғам жүктелген міндеттерді орындау үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу;
2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бизнес-жоспарларына сараптама жүргізу;
3) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;
4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды бағалау;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мамандарды оқыту;
7) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін жүргізу.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) бюджеттік инвестициялар саласында зерттеулер;".
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |