"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның Даму бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1051 қаулысы.

Жаңартылған

      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына, "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.

      2. Қоса беріліп отырған "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы зерттеу университетінің 2016 – 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1051 қаулысымен
бекітілген

"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы зерттеу университетінің 2016 – 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы

      1. Кіріспе

      Қазіргі әлемде әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттерінің, көшбасшы университеттердің елдің жоғары білім беру жүйесін дамыту, оның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін және білімге негізделген экономикаға көшуін қамтамасыз ету үшін маңызы өте зор.

      Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында зерттеу университеттерін айқындау үшін Карнеги Қоры (Carnegie Foundation) "АҚШ-тың жоғары білім беру мекемелерінің сыныптамасын" әзірледі, онда зерттеу университетінің мынадай өлшемшарттары берілген:

      1) университетте докторантураның болуы, оның ішінде олар бойынша PhD дәрежесі берілетін ғылыми бағыттардың белгілі бір саны;

      2) университет алған федералдық ғылым және білім гранттарының айқындалған көлемі;

      3) университетте бакалаврларды даярлау бағдарламаларының болуы;

      4) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) жүргізуді федералдық қаржылық қолдау көрсеткіші бойынша жетекші университеттердің тізіміне ену.

      Бүгінгі таңда заманауи зерттеу университетіне тән негізгі белгілер ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:

      1) зерттеу университетінің білім беру бағдарламаларына да, ғылыми зерттеулерді жүргізуге де қатысатын профессор-оқытушылар құрамы (бұдан әрі – ПОҚ) (орта есеппен оқытушылық қызметке жұмыс уақытының 25-75 %-ы бөлінеді);

      2) жүргізілген зерттеулердің жоғары деңгейі;

      3) өз ғылыми-зерттеу базасын (кітапхана ресурстары, ақпараттық қамтамасыз ету, зертханалық жабдықтар және басқалар) дамытуға арналған инвестициялар;

      4) бакалавриат бағдарламаларының және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалардың болуы. Зерттеу университетінде оқыту әр алуан болады және элиталық мамандарды (PhD дәрежесін бере отырып) даярлауды да, сол сияқты келешекте кәсіби тұрғыда ғылыми және білім беру қызметімен айналысуды жоспарламайтын студенттердің базалық жоғары білім алуын да қамтиды.

      Қазақстан озық халықаралық тәжірибе үлгісі бойынша зерттеу университеттерін құруға ұмтылуда. Қазіргі уақытта мұндай университеттерді құру үшін заңнамалық негіз қалыптасқан. Айталық, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес – бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын және мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің дербес әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны. "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зерттеу университеті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен университетті дамыту бағдарламасын іске асыратын әрі іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді және өзге де ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысатын жоғары оқу орны болып табылады.

      "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – Университет) Зерттеу университетін дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған осы бағдарламасы университеттің Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Жоғарғы қамқоршылық кеңесінде бекітілген 2013 – 2020 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес әзірленген.

      Зерттеу университеттері экономикаға, сондай-ақ ұлттық инновациялық жүйелерді қолдау үшін жаңа ілімдерді шоғырландыруға қажетті кәсіпқойларды, жоғары деңгейдегі мамандарды, ғалымдар мен зерттеушілерді даярлауда маңызды рөл атқарады. Олар өте зиялы болуымен, басқару дербестігімен, жоғары мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілуімен ерекшеленеді.

      Зерттеу университетінің негізгі міндеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлеріндегі ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау болып табылады.

      2. Ағымдағы ахуалды талдау

      2.1 Зерттеу университеттерін құру жөніндегі әлемдік тәжірибе

      Университет бүкіл адамзат тарихында алғаш құрылған және уақыт сынынан өткен маңызды мекемелердің біріне айналды. Бүгінгі таңда зерттеу университеттері XXI ғасырдағы жаһандық білім экономикасында университеттердің жеке санаты ретінде жетекші орынға ие болып отыр.

      Зерттеу университеттері, әдетте, елдің барлық университеттерінің жалпы санының аз ғана бөлігін құрайды. Мысалы, АҚШ-та 4800 жоғары оқу орнының ішінде тек 150-ге жуық әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті бар, Қытайда – жоғары оқу орындарының жалпы саны шамамен 5 мың болса, зерттеу университеті 100-ге жуық (әрқайсысының жылдық бюджеті 1 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде), ал Үндістанда қазіргі кездегі 18 мың жоғары оқу орнының ішінде осындай университеттердің саны шамамен 10. Әлемде зерттеу университеттері санының аз болуының басты себебі қаржылық және адами ресурстардың ("үздік ақыл-ой иелері") шектеулі болуында.

      Көптеген елдерде бұл оқу орындары іргелі, әрі қолданбалы бірегей зерттеулер көлемін жүргізеді және өз ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін қаражатты көбірек алады. Мысалы, АҚШ-та зерттеу белсенділігі рейтингі бойынша алғашқы 100 университет елдің жоғары мектептері жүйесіндегі барлық ғылыми зерттеулердің 80 %-ын орындайды, ал алғашқы жиырмалыққа кіретін университеттер ғылыми зерттеулердің 30 %-ын іске асырады.

      Мысалы, әйгілі Силикон алқабымен жиі байланыстырылатын Стэнфорд университетінің (Stanford University) ғылыми зерттеулерінің бюджеті 2012 жылы 1,2 миллиард АҚШ долларынан асты. Университетте бакалавриат бағдарламалары бойынша 7 мыңға жуық студент және магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша 8,8 мыңнан астам студент білім алады. Әйгілі Массачусетс технологиялық институтында (Massachusetts Institute of Technology – MIT) ғылыми зерттеулердің бюджеті 682 млн. жуық АҚШ долларына жуық және университетте бакалавриат бағдарламалары бойынша 4,5 мың студент, магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша 6,6 мың студент білім алады. Бұл ретте MIT-та 3500 ғылыми қызметкер және 1022 оқытушы жұмыс істейді, 3000 магистрант ғылыми қызметкерлердің ассистенттері ретінде зерттеулерді орындауға тартылады, ал 731-і оқытушылардың ассистенттері болып жұмыс істейді.

      АҚШ-тың зерттеу университеттері АҚШ пен әлемдегі ғылымның, техника мен технологиялардың дамуына зор ықпал етеді. Осы университеттерде көптеген құнды ғылыми жаңалықтар жасалады, олардың авторлары Нобель сыйлықтарына ие болады, осы университеттердің қызметкерлері іргелі зерттеулерінің нәтижелерін ең беделді "Nature and Science" ғылыми журналында, сондай-ақ цитаталық индексі жоғары басылымдарда жариялайды.

      Көбінесе АҚШ-тың ғылыми зерттеу жоғары оқу орындарын қаржыландырудың қомақты үлесі ғылыми зертханалардың ғылыми жобаларын іске асыру шеңберінде мемлекетке тиесілі.

      АҚШ-тың алғашқы ұлттық зертханалары ғылыми-саяси мақсаттарда жиырмасыншы ғасырдың 50-жылдарының соңында құрылған болатын. АҚШ-тың мемлекеттік ведомстволары көптеген озық жаңалықтар мен технологиялық жаңалықтардың қаржылық демеушілері мен тұтынушыларына айналды. Атом қаруын, зымыран технологияларын жасап шығару, адамның Айға ұшуы, интернет жасау жөніндегі ауқымды ғылыми жобаларды мемлекеттік ведомстволар – Энергетика министрлігі, Әуеде ұшу және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма, Қорғаныс министрлігі қаржыландырған.

      Қазіргі уақытта АҚШ-тың ұлттық ғылыми зертханалар жүйесі елдің түкпір-түкпіріндегі 17 зерттеу орталығын біріктіреді. Ұлттық зертханалар ұлттық қауіпсіздік, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және басқа да салаларды қоса алғанда, елдің ұлттық басымдықтарына тиесілі проблемаларды шешуге күш салады. Ұлттық зертханалар университеттермен тығыз байланыста жұмыс істейді; мұндай ынтымақтастық алдыңғы қатарлы пәнаралық зерттеулерді жүргізу үшін әртүрлі салалардан университеттердің біліктілігі жоғары мамандарын біріктіруге, ортақ ғылыми-техникалық инфрақұрылымның негізінде бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Айталық, АҚШ-тың озық ұлттық зертханаларының бірі болып табылатын Берклидегі Лоуренс атындағы Ұлттық зертхана Калифорния университетінің құрамына кіреді және оны басқаратын да осы университет.

      Осындай нысандағы университеттердің басты ерекшелігі өнеркәсіппен тығыз байланыста болуында. Мысалы, Массачусетс технологиялық институтының (Massachusetts Institute of Technology) шамамен 700 корпорациямен байланысы бар.

      Білімнің, ғылым мен өндірістің интеграциясы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін дамыту мен арттырудың шешуші факторына айналуда. Ғылымды қажет ететін технологияларды дамыту деңгейі қазіргі уақытта елдің экономикалық дамуы мен ғылыми-өндірістік әлеуетінің сипаттамасы болып табылады. Интеграцияланған ғылыми-білім беру құрылымдары еңбек нарығында талап етілетін сапалық тұрғыдан жаңа мамандарды даярлауды қамтамасыз ететінін, ал жаңа білімді пайдалануға негізделген өндірістегі технологиялық өзгерістер елдің экономикалық өсуіне ықпал ететінін озық әлемдік тәжірибе растап отыр.

      2.2 Назарбаев Университетінің зерттеу университеті ретінде пайымы

      Елдің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы білім беру саясаты білімнің, ғылым мен өндірістің интеграциясындағы әлемдік үрдістерді ескере отырып іске асырылады. Ел Президенті Н. Назарбаевтың пайымдауынша, Қазақстанда халықаралық деңгейдегі зерттеу университетін құру қажеттілігі пісіп жетілді. Бұған 1993 жылдан бері "Болашақ" бағдарламасының табысты іске асырылуы нәтижесінде алынған елдегі адами ресурстардың жоғары әлеуеті қолдау болады.

      Аса маңызды ұлттық жоба ретінде құрылған университеттің міндеті – Қазақстанның халықаралық деңгейдегі алғашқы зерттеу университеті болу, себебі оның қызметіне елдің негізгі басымдықтарын, оның ішінде зерттеушілік әлеуетті жедел арттыру, елді индустриялық-инновациялық дамыту, инновациялық экономика талаптарына сай келетін білім беруге көшуді қамтамасыз ету сияқты басымдықтарды іске асыруға байланысты болып отыр.

      Осы міндетті іске асыру үшін университет академиялық және ғылыми көшбасшылыққа, олардың интеграциясына қол жеткізуге, сондай-ақ ғылымды өндіріске енгізуге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында қызметтер көрсетудің моделі қызметін атқаруға тиіс.

      Университеттің ғылыми қызмет саласында дамуы екі бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады.

      Біріншіден, бұл ғылымды әлемдік зерттеу университеттерінің әдеттегі үлгісімен дамыту, бұл үлгі бойынша ғылыми қызметті ең бастысы ПОҚ пен зерттеушілер қалыптастырады.

      Осыған байланысты Университет өз мектептерінің ПОҚ бәрін зерттеу қызметіне тартуға ұмтылады. Қазіргі сәтте бұл оқытушылардың 80 %-ына жуығы зерттеу жұмыстарына тартылған. Бұдан басқа, Университет профессорларының оқытушылық жүктемесі көп емес, бұл көптеген халықаралық зерттеу университеттеріне тән. Бұл сапалы білім беру мен терең зерттеу жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді. Зерттеу университеттері студенттерді ПОҚ және ғылыми қызметкерлермен бірге ғылыми-зерттеу жұмысына тартады. Магистратура және докторантура студенттердің ғылыми жобаларына қатысуы білім беру бағдарламаларының міндетті шарты болып табылады.

      Екіншіден, Университеттің мектептері мен ғылыми орталықтары жүзеге асыратын ғылыми қызмет ғылыми қызметкерлер мен ПОҚ қана мүдделерін қамтымайды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми басымдықтарын да ескереді.

      Университет өз идеяларын қалыптастырудан бастап Университет төңірегінде зияткерлік-инновациялық кластер құру арқылы түпкілікті өнімді өткізуге дейін қатыстырылады.

      Жоғарыда аталған міндеттермен қатар, Университет денсаулық сақтау саласында қызметтер көрсету моделін жасауға ұмтылады. Зерттеу университетінің денсаулық сақтау жүйесі денсаулық сақтау саласындағы озық тәжірибе орталығына айналуға тиіс.

      2.3 Табыстың түйінді факторлары

      Халықаралық сыныптағы зерттеу университеттерін құру мен олардың табысты қызметінің әлемдік тәжірибесіне сәйкес Университет Қазақстанда алғаш рет тиімді басқару жүйесін, стратегиялық әріптестік моделін енгізген болатын, оған "ең үздік ойшылдар" тартылады.

      2.3.1 Құқықтық негіз және басқару жүйесі

      Университет қызметінің нормативтік құқықтық базасын қамтамасыз ету, университеттік басқарудың халықаралық қағидаттарын енгізу, академиялық еркіндік пен дербестіктің дамуын қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы 19 қаңтарда "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.

      Заң академиялық еркіндік, білімнің, ғылым мен өндірістің интеграциясы, дербестік және өзін-өзі басқарушылық, шешімдер қабылдаудың алқалылығы, әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық қағидаттарына негізделген Университеттің құқықтық мәртебесін және қызметі мен оны құрудың айрықша құқықтық режимін айқындайды.

      Заң басқарудың жаңа нысандарын белгілейді. Жоғары қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі – ЖҚК) Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың жоғары басқарушы органы болып табылады, олардың қызметін бақылауды жүзеге асырады, ұзақ мерзімді стратегияларын бекітеді, Қамқоршылық кеңестердің мүшелерін тағайындайды және Назарбаев Университетін, Назарбаев Зияткерлік мектептерін және Назарбаев Қорын құру жөнінде шешімдер қабылдайды. Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ЖҚК-ның бірінші төрағасы болып табылады.

      Университеттің басқарушы органы болып табылатын, жалпы басшылықты жүзеге асыратын Қамқоршылық кеңес Университеттің саясатын айқындайды, оның бюджетін бекітеді, сондай-ақ Университеттің негізгі басшыларын қызметке тағайындайды. Университеттің ағымдағы қызметіне басшылық жасау үшін атқарушы орган – Басқарушы кеңес құрылды. Бұдан басқа, академиялық және ғылыми қызметті ұйымдастыру жөнінде жүргізілген жұмыс шеңберінде Академиялық кеңес және Ғылыми кеңес құрылды.

      Бұл жаңа құқықтық жүйе, атап айтқанда, жаңа Заңда белгіленген оның институционалдық дербестік, академиялық еркіндік қағидаттары мен басқару жүйелері басқа қазақстандық университеттерге модель қызметін атқаруы тиіс.

      Ескерту. 2.3.1-бөлімде үшінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2.3.2 "Университеттердің әріптестігі" моделі

      Университеттің 2013 – 2020 жылдарға арналған стратегиясы өзінің ұлттық бренді бар, халықаралық деңгейдегі зерттеу университетін құруды көздейді. Бұл ретте Университеттің басқару құрылымы корпоративтік және академиялық басқарудың халықаралық қағидаттарына сәйкес келетін болады.

      Әлемнің танымал білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты дамытпайынша, әлемдік деңгейдегі университет құру мүмкін емес. Мұны толып жатқан тиісті мысалдарға бай әлемдік тәжірибе айқын растап отыр. Сондықтан халықаралық әріптестіктің дұрыс әзірленіп жасалған стратегиясы және оларға ұсынылатын шетелдік әріптестермен ынтымақтастықтың моделі мен тетіктерін нақты түсіну университетті дамытудың негізгі қағидаттарын табысты іске асырудың кепілі болып табылады.

      Университет "Университеттердің әріптестігі" даму моделі бойынша жұмыс істейді және әлемнің танымал университеттерімен ынтымақтасады.

      Университеттердің әріптестігі – бұл университетті дамытудың және мол оқытушылық тәжірибе берудің, ғылыми зерттеулер жүргізудің, ғылым мен инновацияларды өндіріске енгізудің озық практикасы. Әріптестік қарым-қатынастар университеттің халықаралық білім беру кеңістігінде белгілі болуына және танылуына септігін тигізеді.

      Әріптестікке жоғары білім беру саласындағы халықаралық рейтингтерде жетекші орынға ие болған әлемдік университеттер тартылды. Университет өз әріптестерінің бакалавриат, магистратура, докторантура оқу бағдарламаларын әзірлеудегі, ғылым мен білім беру процестерін басқарудағы, шетелдік ғылыми сарапшыларды тартудағы, ғылыми зерттеулерді дамытудағы тәжірибесін пайдаланады. Бұл ретте шешімдер қабылдау мен өзара іс-қимыл жасасудың негізгі сәттерін әріптес университеттердің өктемдігі емес, Университеттің өзі айқындайды.

      Университетің әріптестері: Кембридж Университеті, Колорадо Тау кен ісі университеті, Дъюк Университеті, Сингапур Ұлттық Университеті, Лондон Университет Колледжі, Пенсильвания Университеті, Питтсбург Университеті, Висконсин-Мэдисон Университеті, Уорик Университеті және Берклидегі Лоуренс ұлттық зертханасын, Аргон Ұлттық Зертханасын, Питтсбург Университетін, Питтсбург Университетінің медицина орталығын, Жапония ұлттық онкология институтын және басқаларды қоса алғанда, ғылыми зерттеулер саласындағы әріптестер.

      2.3.3 "Үздік ақыл-ой иелерін" тарту

      Зерттеу университетін құрудағы ең маңызды буын Университеттің талантты студенттерін, ПОҚ, ғылыми және әкімшілік қызметкерлерін – "үздік ақыл-ой иелерін" бір мезгілде шоғырландыру болып табылады.

      Университет үшін ең маңызды міндеттердің бірі жоғары деңгейдегі ПОҚ тарту және сақтау болып табылады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Университеттің ПОҚ 300-ден астам адамды құрайды, олардың 90 %-ы PhD ғылыми дәрежесіне ие және 84 %-ы шет елдерден келгендер (АҚШ, Канада, Ұлыбритания және тағы басқа).

      Кәсіптік біліктілігі жоғары ПОҚ тарту және тұрақтандыру білім беру процесінің нақты рәсімдері мен процестерінің, заманауи зертханалық және зерттеу базасының болуы, ғылыми идеяны түпкілікті өнімге енгізу мүмкіндігі жолдарымен, сондай-ақ әлеуметтік саясат арқылы жүзеге асырылады.

      Университетте қалыптастырылған кадрлық саясатқа сәйкес магистратура, PhD докторантура бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыруды, сондай-ақ докторлықтан кейін зерттеулерді және ғылыми тағылымдамаларды жалғастыруды мақсат етіп қойған қызметкерлерге қолдау көрсетіледі. Осы мақсатта Университет "Талап" стипендиясын тағайындады.

      Университет жаңа идеялар мен жаңалықтар ашуға әлеуеті мол, ең үздік, дарынды студенттерді таңдап алуға тырысады. Барлық студенттер әріптес жоғары оқу орындарының қатысуымен қабылдау емтихандарының күрделі жиынынан өтеді. Беделі мен халықаралық танылуының артуына орай оқуға түсетін студенттердің, оның ішінде шетелдік студенттердің сапасы өсуінің оң үрдісі қалыптасатын болады.

      2.4 Академиялық даму

      Университетте профессорлар-оқытушылар құрамы, Академиялық кеңес және қабылданған рәсімдер мен саясаттар арқылы жүзеге асырылатын академиялық қызметті ұйымдастыру мен басқарудың заманауи жүйесі қалыптасқан.

      Университетің академиялық қызметін басқару жүйесін ұйымдастырудың ерекшелігі академиялық еркіндік пен дербестіктің, Заңда берілген академиялық бағдарламаларды дербес әзірлеу құқығының болуы, сондай-ақ айқын түзілген есептілік жүйесі болып табылады.

      Университеттің білім беру процесі саясатын анықтаудың алқалылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін халықаралық практикаға сәйкес Академиялық кеңес және Профессорлар-оқытушылар сенаты (бұдан әрі – сенат) сияқты алқалы органдар құрылды.

      Академиялық кеңестің өкілеттіктері жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында академиялық процеске, оның сапа стандарттарына, зерттеулерге, оқу жоспарларына, сондай-ақ академиялық қолдауға қатысты мәселелер жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Академиялық кеңестің құрамына президент, провост, академиялық мәселелер жөніндегі вице-провост және ғылым жөніндегі вице-провост, студенттер істері және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент, мектептер декандары және сенат мүшелері кіреді. ПОҚ сенатқа мүше болу арқылы ПОҚ-ға, академиялық мәселелерге, Университет қызметіне және студенттерге қатысты жүргізілетін саясатты қалыптастыруға қатысу мүмкіндігі бар.

      Қазіргі уақытта Университеттің 7 мектебі 16 бакалавриат, 17 магистратура және 2 докторантура бағдарламалары бойынша білім береді. 2015 – 2016 оқу жылында Университетте 688 тыңдаушы Университет алдындағы дайындық бағдарламасында, 2158 студент бакалавриат бағдарламасы бойынша, 479 магистрант пен 70 докторантура бағдарламалары бойынша білім алуда.

      Университетің мектептері ұсынатын білім беру бағдарламалары әрбір мамандық бойынша әзірленген және бекітілген оқу жоспарларымен, академиялық күнтізбе және сабақтар кестесімен регламенттеледі. Университет мектептерінің оқытушылары оқытатын пәндері бойынша курстарды, оқу-әдістемелік материалдарды өздері әзірлеген, олардың бір бөлігі шетелдік әріптес жоғары оқу орындары ұсынымдарының негізінде әзірленген.

      Университетің білім беру бағдарламалары университет алдындағы дайындық бағдарламасын, инженерлік-техникалық, жаратылыстану ғылымы, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша бакалавриат бағдарламаларын, білім беру, бизнес әкімшілендіру және мемлекеттік саясат саласындағы магистратура және докторантура бағдарламаларын қамтиды.

      Оқыту процесі дәрістер, зертханалық және жеке сабақтар, кейстер мен топтық жобаларды орындау, проблемалық міндеттерді шешу және эксперименттер жасау комбинациясы пайдаланылатын шетелдік әріптестердің заманауи технологияларына негізделген. Бағдарламалар коммуникативтік, сыни ойлау, проблемаларды айқындау және шешу, сондай-ақ командада жұмыс істей білу дағдыларын дамытуға бағытталған.

      Бұдан басқа, Университетің басқа мектептерінің бағдарламаларынан оқу бағдарламалары мен пәндерді таңдап, басқа мектепте алынған кредиттерді кейіннен қайта тапсыру құқығы берілген. Мектептердің оқу жоспарларына қазақ тілі кіргізілген, ол студенттердің білім деңгейлеріне байланысты сараланған түрде жүргізіледі және пәндерді (қазақ тілі, қазақ әдебиеті және мәдениеті, іскери қазақ тілі, кәсіби қазақ тілі) кеңінен таңдау ұсынылады.

      Мектептердің базасында халықаралық стандарттарға сәйкес 60-тан астам заманауи зертхана, оның ішінде вибрациялық емес эксперименттер, электрондық микроскопия, оптикалық микроскопия, жалпы физика, органикалық химия, физикалық және талдамалық химия, химиялық синтез, робот техникасы және мехатроника, биохимия және физиология, молекулярлық және жасуша биологиясы, микробиология, биотехнология, биология, термодинамика, сұйықтықтар мен газдар механикасы, электрондық шеберхана, инженерлік шеберхана, компьютерлік зертханалар және т.б. сияқты зертханалар құрылды.

      2.4.1 Мектептер

      Университет мектептерінің өзіндік басқару құрылымдары бар. Шешімдер мектептерде құрылған комитеттердің шеңберінде алқалы түрде қабылданады.

      Дайындық мектебі

      Орта мектептен Университет жүйесіне біртіндеп көшуді қамтамасыз ету үшін бакалавриат бағдарламаларына түскен студенттер академиялық ағылшын тілі, сыни ойлау дағдыларын және негізгі пәндер бойынша білімдерін жақсарту үшін бір жылдық университет алдындағы дайындық бағдарламасынан өтеді. Лондон Университет Колледжі (University College London) бірінші кезеңде Университет алдындағы дайындық бағдарламасын іске асыру жөніндегі халықаралық әріптес болып табылады.

      2015 – 2016 оқу жылынан бастап Университет Уорик Университетімен (University of Warwick) әріптестікте әзірленген өз университет алдындағы дайындық бағдарламасы бойынша оқытуды жүргізеді. Оқу бағдарламасын жетілдірудің шеңберінде әрбір Мектептің бакалавриат бағдарламасының және сапаны қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес оқыту процесіне деген инновациялық тәсілдер енгізілген.

      Инженерия мектебі

      Инженерия мектебінің (бұдан әрі – ИМ) халықаралық әріптесі Лондон Университет Колледжі (University College London) болып табылады. ИМ мына төрт пән: химия-технологиялық инжиниринг, инженерлік механика, азаматтық, электрондық және электрлік инжиниринг бойынша оқытуды ұсынады. ИМ жоғары деңгейдегі ғылыми зерттеулері халықаралық танылған инженерия пәндері бойынша Қазақстандағы сараптамалық білімдердің орталығы болуға ұмтылады.

      Ғылым және технологиялар мектебі

      Ғылым және технологиялар мектебі (бұдан әрі – ҒТМ), Қазақстан Республикасында, Орталық Азия мен Еуразияда ғылым және технологиялар бойынша жетекші орталық болуға ұмтылады. ҒТМ-дағы жаратылыстану ғылымдары саласындағы бакалавриат бағдарламалары болашақта қоғамның ең қиын проблемаларын шеше алатын мамандардың жаңа буынын даярлау мақсатында әзірленген. Бұл бағдарламалар болашақта технологиялар саласында жетекші сараптамалық көшбасшы болуға ниетті адамдар үшін жаратылыстану және есептеуіш ғылымдар мен математиканың негізгі базасында әзірленеді.

      Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

      Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (бұдан әрі – ГӘҒМ) әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша жан-жақты білім беруді қамтамасыз ете отырып, қоғамның барлық салаларында көшбасшыларды даярлауды жүзеге асырады. ГӘҒМ-ды дамыту Висконсин-Мэдисон Университетімен (University of Wisconsin-Madison) ынтымақтастықта жүзеге асырылады.

      ГӘҒМ бакалавриат бағдарламаларының 6 мамандығы: саясаттану, экономика, антропология, әлеуметтану, тарих, философия және дінтану, әлемдік тілдер, әдебиет және мәдениет бойынша студенттер даярлауды жүзеге асырады.

      Жоғары мемлекеттік саясат мектебі.

      Жоғары мемлекеттік саясат мектебін (бұдан әрі – ЖМСМ) құрудың мақсаты – мемлекеттік саясат саласында шешімдер қабылдайтын адамдар үшін мемлекеттік басқару мен зерттеулер саласында кәсіптік білім беру арқылы басқарушылық дағдыларды қалыптастыру. Осы мақсаттарға жету үшін ЖМСМ-ды дамыту Ли Куан Ю атындағы Сингапур ұлттық университетінің Мемлекеттік саясат мектебімен (Lee Kuan Yew School of Public Policy, National University of Singapore) ынтымақтастықта жүзеге асырылады.

      Жоғары бизнес мектебі.

      Жоғары бизнес мектебінің (бұдан әрі – ЖБМ) мақсаты – біліктілігі жоғары ПОҚ қалыптастыру және Мектептің зерттеушілік әлеуетін дамытумен қатар табысты бизнес көшбасшыларының жаңа буынын даярлау.

      ЖБМ Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес мектебімен (Fuqua Business School, Duke University) стратегиялық ынтымақтасу арқылы 2013 жылдың наурыз айында Executive MBA бағдарламасын іске қосты. 2014 жылы қыркүйекте "Full-time MBA" MBA күндізгі оқыту бағдарламасы жұмысын бастады. ЖБМ-ның базасында сондай-ақ "Жол картасы – 2020" шеңберінде шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту жүргізілуде.

      Жоғары білім беру мектебі.

      Жоғары білім беру мектебі (бұдан әрі – ЖББМ) магистратура мен докторантура бағдарламаларын 2013 жылдың тамызында ашты. ЖББМ ғылыми зерттеулер және оқыту сапасы арқылы өзгерістер әкелетін әлемдік деңгейдегі беделді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мектебі болуға ұмтылады. Мектеп сондай-ақ барлық деңгейлерде – мектепке дейінгіден бастап университеттік деңгейге дейін білім беру саласындағы зерттеу әзірлемелерін ілгерілетуге және енгізуге ұмтылады. Кембридж Университеті (Ұлыбритания) мен Пенсильвания Университеті (АҚШ) Жоғары мектептің стратегиялық әріптестері болып табылады.

      Университет моделін Қазақстанның басқа университеттеріне таратуда, сондай-ақ білім беру саласында көшбасшылардың жаңа буынын даярлау мақсатында білім беру саласындағы кадрларды оқыту мен қайта даярлауда ЖББМ жетекші рөл атқарады.

      Медицина мектебі

      Медицина мектебі (бұдан әрі – ММ) стратегиялық әріптес Питтсбург Университетімен бірлесіп құрылған. ММ өз мансабын білім беру және пациенттерге күтім көрсету саласындағы ғалымдар ретінде құруға мүмкіндік алатын түлектерді дайындайтын медициналық білім берудің бірегей моделін дамытатын болады.

      ММ студенттерінің бірінші тобы оқуды 2015 жылдың тамыз айынан бастады. Оқу жоспары сыни тұрғыдан ойлай алатын және өзгеріп отыратын медицина ғылымындағы қиындықтарды жеңу үшін өмір бойы білім алу жүйесіне, сондай-ақ практикалық ортадағы өзгерістерге дайын тұратын, денсаулық сақтау саласындағы болашақ көшбасшыларды – медик студенттерді дамытуға жәрдемдесуге бағытталады.

      Бұдан басқа, ММ магистратура, PhD және медбикелік іс бағдарламаларын әзірлеу мен енгізуді жоспарлауда.

      Тау-кен ісі мектебі

      Кейіннен бакалавриат мектептерінің тізімін Тау-кен ісі мектебі толықтыратын болады, ол Инженерия мектебімен бірге өнеркәсіптің өндіріс салаларына қажетті ұлттық кадрларды дамытудағы Қазақстанның талпынысына өз үлесін қосатын болады.

      2.4.2 Алғашқы түлектердің жетістіктері

      2015 жылғы 15 маусымда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Университет студенттерінің алғашқы оқу бітіру рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге студенттер, олардың ата-аналары, ПОҚ, ірі ұлттық компаниялардың жетекшілері мен басқа да қонақтар қатысты.

      Бакалавриат пен магистратура бағдарламаларының 493 түлегінің 200-ден астамы шетелдік жоғары оқу орындарындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына, сондай-ақ Назарбаев Университетінің бағдарламаларына түсті, олардың арасынан Massachusetts Institute of Technology, Stanford University, Columbia University, University College London, University of Warwick, University of California Berkley, London School of Economics and Political science, Technical University of Munich, Seoul National University, Purdue University, University of Pittsburg сияқты беделді әлемдік университеттерді атап көрсетуге болады.

      2.5 Университетте ғылымды дамыту

      2.5.1 Университеттің ғылыми жүйесі

      Бүгінгі күні Университетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия белгілеген ұлттық басымдықтардың шеңберіндегі ғылыми міндеттерді шешу үшін жаңа технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, әлемдік деңгейдегі озық ғылыми зерттеулер белсенді түрде жүргізілуде:

      1) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу;

      2) энергетика және машинажасау;

      3) ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;

      4) өмір туралы ғылымдар;

      5) елдің зияткерлік әлеуеті.

      Университеттің интеграцияланған ғылыми жүйесі мыналарды қамтиды: тұтастай алғанда академиялық процестердің, зерттеу қызметінің және ұсыныстар әзірлеу мен ғылыми-зерттеу әзірлемелерін өндіріске енгізу жөніндегі ұсынымдар арасындағы өзара байланысты тұйықтайтын Университеттің мектептері, "National Laboratory Astana" жеке мекемесі, "Nazarbayev University Research and Innovation System" жеке мекемесі.

      2.5.2 "National Laboratory Astana" жеке мекемесі

      Халықаралық озық тәжірибені және 2011 жылдан бері өсіп келе жатқан отырған ғылыми-зерттеу әлеуеті мен тиісті инфрақұрылымды ескере отырып, Университет ұлттық зертхана – "National Laboratory Astana" ЖМ-ны (бұдан әрі – NLA) құру туралы шешім қабылдады. NLA "Өмір туралы ғылымдар орталығы" жеке мекемесін қайта ұйымдастыру мен қайта атау арқылы 2015 жылғы 31 наурызда құрылған болатын. NLA-ның қызметі ел аясындағы міндеттерді шешуге бағытталған, бұл әртүрлі салалардағы жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың, біліктілігі жоғары мамандардың күштерін біріктіре отырып, Қазақстан Республикасын ғылыми-техникалық дамытудың басым бағыттары бойынша пәнаралық зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.

      NLA миссиясы – технологиялардың дамуына, "жасыл экономикаға" ауысуға және өзінің жоғары деңгейдегі зерттеушілік, академиялық және клиникалық қызметімен кең танылған халықаралық санаттағы институттың қалыптасуына ықпал ететін ең өзекті ғылыми және технологиялық проблемаларды шешу мақсатында пәнаралық іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу болып табылады.

      NLA пайымы – әлемдік тануға қол жеткізу, инновациялық және "жасыл экономикадағы", денсаулық сақтаудағы, энергетикадағы жоғары сапалы ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсыну болып табылады.

      NLA-ны стратегиялық дамыту озық әлемдік ғылыми орталықтармен, институттармен, сондай-ақ танымал зияткерлік-инновациялық кластердің жетекші ұжымдарымен және мамандарымен бірге "NLA" ЖМ-нің лайықты ғылыми-материалдық базасын, зияткерлік ортасы мен кооперациясын құру, ғылыми жаңалықтарды кейіннен коммерциялық бәсекеге қабілетті өнімге айналдыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

      NLA басымдықтары өмір туралы ғылым, энергетика, жер туралы ғылым, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар салаларын қамтиды.

      Өмір туралы ғылымдар

      Аталған басымдықтың аясында трансляциялық медицина, табиғи қартаю процесі, денсаулықты жаһандық сақтау, геномдық және дербес медицина, биоинформатика, регенеративтік медицина және жасанды органдар, биоинженерия, жасуша терапиясы және инновациялық жасуша технологиялары сияқты салаларда зерттеулер жүргізіледі.

      Осы басымдықтың пайымдауы болып биомедициналық ғылымның заманауи жетістіктерін клиникалық практикаға енгізу, сондай-ақ Қазақстанда бәсекеге қабілетті биомедицина саласын құру есебінен экономиканы әртараптандыру арқылы өмір сүру, денсаулық және ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға қол жеткізу болып табылады.

      Энергетика және жаңа материалдар саласындағы зерттеулер

      Энергетика саласындағы зерттеулердің негізгі салалары жаңартылатын энергетика, энергия сақтау, физика және жоғары энергиялар техникасы, елдің энергетикалық теңгерімін сандық модельдеу және оның қоршаған орта мен климатқа әсері технологиялары саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер болып табылады.

      Жер және ғаламдық қоршаған орта туралы ғылым

      Басымдық шеңберінде орнықты даму мақсатында жер асты және жер беті ресурстарын басқару үшін жер туралы ғылымның пәнаралық зерттеулері саласында озық бағыт құру жоспарланып отыр. Негізгі салалар су ресурстары, гидрология, қоршаған орта химиясы, гидрогеология, биоэкология, экожүйелік зерттеулер, қоршаған ортаны инженерлік қорғау, геоақпараттық жүйе және экологиялық қолдану үшін жерді қашықтықтан зондтау, жерді пайдалану, климаттың өзгеруі, топырақтану, сандық модельдеу, биоремедиация, экологиялық микробиология және т.б. болып табылады.

      Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар

      Компьютерлік ғылымдар (computer science), есептеу математикасы (computational sciences), есептеу инфрақұрылымы мәселелерінде қолдау мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ тәуелсіз зерттеулер жүргізу және оларды индустрия мен мемлекеттік секторға одан әрі енгізу үшін технологиялар әзірлеу саласында жетістіктерге жету арқылы "NLA" ЖМ зерттеулерін жетілдіру көрсетілген басымдықтардың негізгі міндеттері болып табылады.

      Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) секторы халықаралық және республикалық деңгейлерде де экономиканың барынша жылдам дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылады.

      Информатика, ақпараттық технологиялар және робототехника саласындағы тәжірибені пайдалану есебінен ғылымның, индустрияның және қоғамның өзекті мәселелерін шешу мақсатында озық зерттеулер жүргізілетін болады.

      2.5.3 Әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы зерттеулер

      Университеттің 2013 – 2020 жылдарға арналған Стратегиясына сәйкес Перспективалық зерттеулер институтын (бұдан әрі – ПЗИ) құру жоспарлануда. ПЗИ екі негізгі бағыттар бойынша дамитын болады:

      1) қазіргі уақытта Қазақстан мен бүкіл әлем бетпе-бет келіп отырған өзекті проблемаларды шешуге бағытталған пәнаралық зерттеулерді қолдау;

      2) гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеулерге қолдау көрсету.

      ПЗИ тақырыптық зерттеу орталықтарын ұйымдастыратын және Қазақстанның ғылымын дамытуға үлес қосатын Университеттің ПОҚ мүшелеріне қаржыландыру ұсыну жолымен қолдау көрсететін болады. Ұсынылып отырған қаржы қаражаты зерттеушілерге ұзақ мерзімді және көлемді қаржыландыруды алуға өтінімді әзірлеуге және бүкіл әлем бойынша ең озық зерттеу орталықтарымен байланысты жақсартуға көмектеседі.

      Бастапқы кезеңде ПЗИ-дағы зерттеулер өңірлік зерттеулер (Қытай және Еуразия/Ресей), денсаулық сақтау, экономикалық даму мен өсу, тұлғалық даму мен еңбек нарығы (ЖББМ мен ҰТО базасында), сондай-ақ Университеттің еншілес ұйымы "Ұлттық қаржы менеджменті орталығы" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – ҰТО) ынтымақтастықта қаржы менеджменті орталығын, өңірлік өсу және бәсекеге қабілеттілік орталығын құру сияқты бағыттарда жүргізіледі деп болжанып отыр.

      2.5.4 Ғылыми қызметті ұйымдастыру

      Университеттің ғылыми орталықтары мен мектептеріндегі зерттеулерді басқаруды Университет пен оның ұйымдарының ғылыми саясаты мен ғылыми қызметі мәселелері бойынша шешім қабылдайтын негізгі орган – Ғылыми кеңес жүзеге асырады.

      Ғылыми кеңестің құрамына мыналар кіреді: президент, провост, ғылым жөніндегі вице-провост, ғылыми орталықтардың басшылары, мектептердің декандары және декандардың ғылыми мәселелер жөніндегі орынбасарлары және Университет пен оның ұйымдарының өзге де лауазымды тұлғалары.

      Университетте әлемдік зерттеу университеттерінің таңдаулы тәжірибесіне сай келетін ғылыми қызметті қаржыландыру мен қолдаудың өз саясаты мен жүйесі қалыптасуда.

      Университеттегі ғылымды қолдау және қаржыландыру жүйесінің өзегі профессорлар мен ғалымдардың бірлескен жобалары болып табылады. Университеттің ПОҚ ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысады. ПОҚ мүшелері конкурстық негізде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, оның ішінде көлемдері бойынша неғұрлым қомақты сыртқы қаржыландыруға беруге ғылыми өтінімдерді дайындау/пысықтау үшін Университеттен бастапқы гранттар алуға құқығы бар. Университетте ғылыми зерттеулерді ілгерілетудің жалпы жүйесі схема түрінде 1-суретте берілген.

      Барлық ғылыми өтінімдер тәуелсіз халықаралық сараптамадан өтеді, оның нәтижесін Ғылыми кеңес қарайды. Ғылыми өтінімдердің халықаралық сараптамасын 3500-ден астам сарапшы-рецензенттердің базасы бар, 100-ден астам АҚШ университеттерін біріктірген Oaks Ridge Associated Universities (ORAU) консорциумы жүргізеді.



      1-сурет. Ғылыми зерттеулерді ілгерілету жүйесі

      Сыртқы тәуелсіз агенттіктің көмегімен жобалардың ішкі сараптамасын жүргізудің негізгі мақсаты – бұл ғылыми жобалардың ішкі сапасын қамтамасыз ету және Университеттен тысқары жерде оның жоғары ғылыми беделін қалыптастыру.

      Университеттің ғылым менеджменті жүйесін, гранттарды әкімшілендіруді, ішкі сараптама және ғылыми зерттеулерді өзіндік қолдау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында Университетте оқытушылар мен зерттеушілер үшін "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталық құрылым ретінде Ғылым жөніндегі орталық офис құрылды.

      Ғылым жөніндегі орталық офис ғылыми жобаларды қаржыландыратын әлеуетті грант берушілермен және демеушілермен қарым-қатынасқа жауапты. Сонымен қатар, ғылым жөніндегі орталық офис демеуші ұйымдармен келіссөздер жүргізу және олармен зерттеуге келісімшарттар жасасу, жобаларды іс жүзінде іске асыру сатысында басқару және зерттеушілерге демеушілер алдында есептілікті дайындауға көмек көрсетуге жауап береді.

      2.6 Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі

      Университеттің стратегиялық мақсаттарының бірі денсаулық сақтау саласында қызметтер көрсету моделін құру болып табылады. Алға қойылған мақсатты іске асыру Ұлттық медициналық холдингтің (бұдан әрі – ҰМХ) медициналық ұйымдарын, Өмір туралы ғылымдар орталығын (бұдан әрі – ӨҒО) және ММ қамтитын интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі – ИАДЖ) құру және дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады.

      ИАДЖ мақсаты зерттеушілер мен дәрігерлердің күшін біріктіре отырып, клиникалық диагностика мен емдеудің жетістіктеріне қол жеткізу; экономикалық тұрғыдан тиімді медициналық қызмет көрсетудің сапасын көтеру және жетістіктерін ілгерілету; кадрлық әлеуетті, денсаулық сақтау жүйесі кәсіпқойларының жаңа буынын, сондай-ақ іргелі және қолданбалы ғылымдар мен клиникалық медицина саласында жұмыс істейтін ғалым дәрігерлерді оқыту және даярлау; Университеттің интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі брендін құруға және нығайтуға дарынды зерттеушілер мен клиницистерді тарту.

      ИАДЖ кеңесі – Университет президентіне есеп беретін және бағынатын атқарушы басшылықтың ішкі тобы құрылды. Кеңес жүйелі түрде отырыстар өткізетін кеңесші орган болып табылады және шешімдер қабылдау мен ИАДЖ коммуникациясы үшін тұғыр қызметін атқарады. Осы комитеттің негізгі міндеттерінің бірі ӨҒО, ҰМХ және ММ интеграциялауға байланысты саясат пен рәсімдерді уақтылы және рет-ретімен енгізу болып табылады. Үйлестіру комитетінің маңызды құзыреті ынтымақтастықты ынталандыру және емдеудің, зерттеулер мен білім берудің пәнаралық тәсілдерін табу болып табылады.

      Медициналық қызметтердің әлемдік нарығындағы бәсекеге қабілеттілік әлемдік ғылыми клиникалық қауымдастық пен құрылған бәсекеге қабілетті ҰМХ клиникаларының артықшылықтары бар интеграциясына негізделеді, олардың ең маңыздылары практиканы, ғылым мен білімді интеграциялау қағидаттарының негізінде тиімді клиникалық (халықаралық деңгейде сертификатталған медициналық бағдарламалардың көп деңгейлі толық спектрі) және ғылыми-білім беру қызмет болады.

      Университеттің интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі Қазақстанның, Орталық Азияның, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің денсаулық сақтау жүйесінде алдыңғы қатарға шығады және әлемдік ғылыми-клиникалық кеңістікте өз ұстанымын нығайтатын болады, медициналық практиканы, ғылым мен білімді интеграциялаудың, инновациялық клиникалық бағдарламаларды іске асырудың негізінде саланың тиімді түрде жүйелі жаңартылуына мүмкіндік береді, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіне технологиялардың тиімді трансфертін қамтамасыз етеді.

      2.7 Инновациялар және ғылымды өндіріске енгізу

      "Nazarbayev University Research and Innovation System" жеке мекемесі

      "Nazarbayev University Research and Innovation System" жеке мекемесі (бұдан әрі – NURIS) 2012 жылғы 25 қыркүйекте "Энергетикалық зерттеулер орталығы" жеке мекемесін қайта құру және атауын өзгерту жолымен құрылды. NURIS-тің негізгі мақсаттары ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, білім беру және ғылыми-сервистік қызметті қамтитын ғылым мен білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ Университетің техникалық оқу және ғылыми-зертханалық эксперименттік базасын қамтамасыз ету болып табылады.

      NURIS қызметінің басым бағыттарының бірі университеттің айналысында ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық компаниялардың белдеуін дамытуды, ғалымдар үшін қолайлы жағдайлар жасауды, университеттің базасында жаңа технологиялық зерттеулерге инвестициялар тартуды, Қазақстанда инжинирингтік әлеуетті дамытуды және жаңа технологияларды трансферттеу мен коммерциялауды, Назарбаев Университетінің түлектері үшін жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін Университеттің зияткерлік-инновациялық кластерін құру болып табылады.

      Университеттің мектептері мен зерттеу орталықтары, коммерциялау офисі, бизнес-инкубатор, технопарк және "Astana Business Campus" ғылыми паркі кластердің негізгі элементтері болып табылады.

      Коммерцияландыру офисінің мақсаты – шағын инновациялық кәсіпорындар құру, зияткерлік меншікті иелену құқығын беру, сондай-ақ инновациялық технологияларды трансферттеу арқылы Университеттің инновациялық жүйесі шеңберінде құрылған өнертабыстардың нәтижелерін коммерцияландыру.

      Бизнес-инкубатор – инновациялық жобаларды орындайтын стартап-компаниялардың құрылуы мен тиімді қызмет етуі үшін қолайлы жағдайларды жасауға мамандандырылған Университеттің зияткерлік қызметінің нәтижелерін коммерциялауға ықпал ететін Университеттің инновациялық инфрақұрылымының объектісі.

      Бизнес-инкубатордың қызметіне мыналар кіреді:

      1) Назарбаев Университетінің базасында іске асырылатын инновациялық жобаларды бизнес инкубациялау мәселелері бойынша консультациялар жүргізу;

      2) инновациялық жобаларды іске асыруға сыртқы қаржыландыру көздерін тарту;

      3) лицензиялық келісімдерді жасау;

      4) стартап-компанияларды құруға және дамытуға көмектесу;

      5) маркетингтік зерттеулер жүргізу;

      6) жобалық командалар үшін бизнес менторлар мен бизнес әріптестерді іздеу және тарту.

      Бизнес-инкубаторда компанияларға технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтері ұсынылатын болады, оның барысында идеялар ресімделеді, жобаның бизнес-жоспары нақтыланады, зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың қажетті кезеңдері жүргізіледі. Бұдан кейін жоба келесі кезеңге өтеді және өнеркәсіптік үлгілерді тәжірибелік және пилоттық өндіруді жүзеге асыру, қолданылатын жаңа технологияларды тестілеу үшін технопаркке орналастыруға жіберіледі.

      Бүгінгі таңда бизнес-инкубация кезеңінде (1-3 жыл) жоғары технологиялық старт-ап компаниялар орналастырылатын зерттеулер мен өндірістердің әртүрлі үлгілеріне арналған, икемді қолданылатын үй-жайлары бар, жалпы алаңы 2300 шаршы метр, көп функциялы ғимараттан тұратын Пилоттық Технопарк жұмыс істейді. Технопарк мына қызметтерді көрсету арқылы коммерциялауға жататын ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іске асыруға байланысты жұмыстарды жүзеге асырады:

      1) жоба мақсаттарына офистік және өндірістік үй-жайларды беру;

      2) жобалық компанияларды жалпы пайдаланылатын жабдықтармен және тәжірибелік үлгілерді, прототиптерді, пилоттық (шағын сериялы) өндірісті құруға арналған жабдықтармен жарақтандыру;

      3) ғылыми зерттеулер нәтижелерінің технологияларын коммерцияландыру және трансферттеу жұмыстарын жүргізу;

      4) энергия үнемдеудің озық технологияларын өндіру, модификациялау, тестілеу және енгізу үшін алаңдар құру;

      5) тәжірибелік өндіріс процесінде консультациялық, ұйымдастырушылық және өзге де қолдау көрсету.

      Назарбаев Университеті кластерінің қалыптасуы мен дамуында "Astana Business Campus" ғылыми паркі маңызды рөл атқаруға тиіс. Ғылыми парктің миссиясы білімді, бизнесті және мемлекетті интеграциялау тұжырымдамасын іске асыруды және инновациялық қызметті жандандыруға, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру мен ұлттық экономиканы әртараптандыруға бағытталған синергетикалық тиімділікке қол жеткізуді білдіреді.

      Ғылыми паркте ғылыми-зерттеу және білім беру қызметімен бірге инжинирингтік, тәжірибелік-өнеркәсіптік және инвестициялық қызмет белсенді түрде жүргізілетін болады.

      Astana Business Campus идеясы қарапайым – шетелдік және отандық компанияларды, ғылымды қажетсінетін шағын және орта бизнесті, ғалымдардың венчурлық қорларын, бизнесмендерді, қаржыгерлерді, студенттерді, өнертапқыштарды бір жерге біріктіру.

      Astana Business Campus аумағы кластерлік аймақтарға бөлінетін болады. Салалық кластерлер жаңа қазақстандық экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес құрылатын болады және бірінші кезеңде Astana Business Campus-та бірінші кезеңде мынадай кластерлер ұйымдастырылады: биомедициналық кластер, геологиялық кластер, жоғары технологиялар кластері, әлеуметтік-іскерлік аймақ.

      Назарбаев Университетінің технопаркін құру ғылыми парктің пилоттық жобасы болып табылады, онда резиденттерге-стартаптарға және шағын инновациялық компанияларға дамудың барлық кезеңдерінде қолдау шараларының кешенін жүзеге асыру, резиденттер мен сыртқы компанияларға бизнес ұсыну және мамандандырылған сервис көрсету, ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру және пайданы түрлендіру көзделеді.

      3. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері мен оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Мақсат: Білім беру, ғылыми-зерттеу базасы мен ғылыми және инновациялық қолдау жүйесін дамыту арқылы оны әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде қалыптастыру.

      Нысаналы индикаторлар:

      Зерттеу университеті қызметінің көрсеткіштері оның іргелі және қолданбалы зерттеулерінің кең ауқымын іске асыру, білім беруді жетілдіру және технологияның экономикаға тиімді трансфертін қамтамасыз ету қабілеттілігін көрсетеді.

Нысаналы индикатор

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2016

2017

2018

2019

2020

Соңғы 3 жыл ішінде Web of Science немесе Scopus деп индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар санының ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жалпы санына арақатынасы

қатынасы

кемінде 1:3

кемінде 1:3

кемінде 1:3

кемінде 1:3

кемінде 1:3

Соңғы 5 жыл ішінде Web of Science немесе Scopus деп индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардан дәйексөз келтірудің орташа деңгейі

бірлік

кемінде 2.0

кемінде 2.0

кемінде 2.0

кемінде 2.0

кемінде 2.0

Ғылыми-педагог қызметкерлердің бір бірлігіне шаққанда соңғы 3 жыл ішінде жеке компанияларға, ұйымдарға және қорларға (оның ішінде халықаралық) жұмыстарды орындау/ қызметтер көрсету нәтижесінде алынған табыс сомасы

кемінде 300 мың теңге

кемінде 300 мың теңге

кемінде 300 мың теңге

кемінде 300 мың теңге

кемінде 300 мың теңге

кемінде 300 мың теңге


      Міндеттер және жылдар бойынша нәтижелердің көрсеткіштері

      1-міндет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесінің интеграциясын күшейту

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесінің интеграциясын күшейту өзекті міндет болып табылады. Толықтай біріктірілген зерттеу университеті студенттердің, оқытушылардың және ғылыми зерттеушілердің институционалдық шекаралар ішінде еркін әрі жиі ауысуды қамтамасыз етеді.

      Жетекші зерттеу университеттерінің үлгісіне сәйкес оқытушылар Университеттің ғылыми қызметкерлерімен қатар ғылыми зерттеулердің түрлі бағдарламаларына қатысып, ғылыммен айналысатыны болжануда.

      Зерттеу университетінің студенттері бакалавриат деңгейінен бастап, алғашқы күнінен ғылыми-зерттеу мәдениетіне тартылатын болады, білім жолында ғылыми міндеттерді шешумен айналысатын оқытушылармен және зерттеушілермен бірге аудиториялар мен зертханаларда жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндігін алады.

      Университет ең кемінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуді жоспарлап отыр:

Нысаналы индикатор

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2016

2017

2018

2019

2020

Білім алушылардың жалпы контингентінің үлесінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында білім алатын магистрдың және докторанттың үлесі

%

кемінде 10 %


кемінде 12 %


кемінде 15 %


кемінде 15 %


кемінде 15 %


Ғылыми-зерттеу қызметіне тартылған оқытушы-профессорлар құрамының үлесі

%

кемінде 70 %

кемінде 70 %

кемінде 70 %

кемінде 70 %

кемінде 70 %


      2-міндет. Ғылыми қызметті күшейту

      Ғылыми көшбасшылыққа қол жеткізу және Қазақстанның Университетке салып жатқан инвестициясын ақтау үшін екі табысты зерттеуді іске асыру қажет: Университетке халықаралық деңгейде бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін озық зерттеулер, сондай-ақ қысқа мерзімді перспективада нәтижелері Қазақстанға және әлемге өте пайдалы болып табылатын зерттеулер.

      Осы міндеттердің аясында мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

Нәтиже көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2016

2017

2018

2019

2020

Ғылыми-зерттеу жобаларының жалпы саны

саны

кемінде 100

кемінде 100

кемінде 100

кемінде 120

кемінде 150

Әлемнің танымал университеттерінен келген PhD дәрежесі бар ОПҚ үлесі

%

кемінде 90 %

кемінде 90 %

кемінде 90 %

кемінде 90 %

кемінде 90 %

Соңғы 3 жыл ішінде Web of Science немесе Scopus деп индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардың жалпы үлесінен шетелдік оқытушылармен/зерттеушілермен бірлескен авторлықтағы ғылыми мақалалардың үлесі

%

кемінде 30 %

кемінде 35 %

кемінде 40 %

кемінде 40 %

кемінде 40 %


      3-міндет. Зияткерлік-инновациялық кластерді құру және дамыту

      Зияткерлік-инновациялық кластерді құру Университеттің стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. ЗИК-ті құру Университеттің әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде қалыптасуына ықпал ететін Назарбаев Университетінің білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау процесіндегі негізгі кезең болып табылады.

      Осы бағыттың шеңберінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

Нәтиже көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2016

2017

2018

2019

2020

Зияткерлік меншік объектілеріне қорғау құжаттары

бірлік

6

8

10

15

20

Назарбаев Университеті және оның ұйымдарының базасында құрылған стартаптар

саны

3

5

8

12

14

Зияткерлік-инновациялық кластердің "қоғамдастығының" мөлшері

саны

3

7

15

25

35

Зияткерлік-инновациялық кластердің жаңа инновациялық жобалары

саны

12

18

20

25

30


      4-міндет. Әлемнің жетекші университеттерімен және ғылыми ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықты күшейту

      Әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде қалыптасу пайымдауын дамыту және іске асыру жолында Университет озық әлемдік практикаға сүйенуді, үздік оқытушылар мен ғалымдарды барынша тарту мүмкіндігін пайдалануды, сондай-ақ әлемдік академиялық және ғылыми қоғамдастықтың белсенді қатысушысы болуды жалғастыратын болады.

Нәтиже көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2016

2017

2018

2019

2020

Әлемнің үздік 200 университетінің қатарына кіретін шетелдік әріптес ЖОО қатысуымен әзірленген жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының үлесі

%

70 %

70 %

75 %

75 %

75 %

Ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жалпы санына шаққанда шақырылған шетелдік оқытушылар мен зерттеушілердің үлесі

%

кемінде 15 %

кемінде 15 %

кемінде 15 %

кемінде 15 %

кемінде 15 %

Жетекші университеттермен және ғылыми ұйымдармен жасалған ынтымақтастық туралы жаңа меморандумдардың саны

Саны

5

7

9

11

13


      5-міндет. Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесін құру

      Питтсбург Университетінің медицина орталығымен әріптестікте Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру академиялық денсаулық сақтау жүйесін дамыту жолындағы маңызды оқиға болып табылады. Орталықтағы ерте диагностика мен ерте профилактикалық емдеу адамдардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді және елімізде онкологиялық аурулардан болатын өлім көрсеткішін төмендетуге көмектеседі.

      Бүгінгі таңда Ұлттық медициналық холдингтің бес орталығы медициналық ұйымдар үшін "Алтын стандарт" болып табылатын JCI халықаралық аккредиттеуден (Халықаралық аккредиттеу жөніндегі америкалық бірлескен комиссия) өтті. Медициналық мекемелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық медициналық холдингтің орталықтары белгіленген мерзім ішінде қайта аккредиттеуден өту арқылы өздері алған мәртебелерін растайтын болады.

Нәтиже көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2016

2017

2018

2019

2020

Ұлттық медициналық холдингтің клиникаларын JCI аккредиттеу және қайта аккредиттеу

саны

1









Питтсбург Университетінің медицина орталығымен ынтымақтастықта Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық ашу

саны









1


      4. Қаржыландыру көздері мен көлемі

      Аталған бағдарламаны іске асыру үшін 2016 жылдан бастап Университетте тиісті білім деңгейі бойынша немесе дайындық бөлімінде білім алуға ақы төлеу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберіндегі білім алушыларға берілетін грант мөлшеріне "1,05" жоғарылататын коэффициентін белгілеу арқылы қаржыландыру қажет етіледі.

      5. "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы зерттеу университетінің даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1-міндет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесінің интеграциясын күшейту

1

Университеттің ғылыми қызметкерлері мен ПОҚ-ның бірлескен жобаларын іске асыру

есеп/жарияланым/патенттер

мектептер, "NLA" ЖМ, "NURIS" ЖМ

2016 – 2020 жылдар

2

Ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді кәсіби дамыту бойынша іс-шаралар

іс-шаралар

провост офисі

2016 – 2020 жылдар

3

Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына арналған зерттеу әдістері бойынша жыл сайынғы негізде оқу курстарын қайта қарау

оқу курстары

провост офисі

2016 – 2020 жылдар

4

ПОҚ мүшелерінің жұмыс жүктемесі/жүйесі өнімділігінің моделін жыл сайынғы негізде қайта қарау

ПОҚ мүшелерінің жұмыс жүктемесінің моделі

провост офисі

2016 – 2020 жылдар

2-міндет. Ғылыми қызметті күшейту

5

"NLA" ЖМ ғылым салаларында зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу

есеп/жарияланым/патенттер

"NLA" ЖМ

2016 – 2020 жылдар

6

Әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу

есеп/жарияланым

Университет

2016 – 2020 жылдар

7

Жаңа ғылыми зертханаларды салу және жарақтандыру

ғылыми зертханалар

"NLA" ЖМ

2016 – 2020 жылдар

3-міндет. Зияткерлік-инновациялық кластерді құру және дамыту

8

ЗИК-тің негізгі элементтерін: коммерцияландыру офисін, тәжірибелік-эксперименттік цехты, бизнес-инкубаторды, технопаркті, ғылыми паркті дамыту

коммерцияландыру офисі, тәжірибелік-эксперименттік цех, бизнес-инкубатор, технопарк, ғылыми парк

"NURIS" ЖМ

2016 – 2020 жылдар

9

Бизнесті, оның ішінде шетелдік бизнесті Университеттің индустриялық алаңында ғылыми бөлімшелерді, тәжірибелік өндірістерді, жоғары технологиялық компанияларды құруға тарту

R&D офистері, тәжірибелік өндірістер

"NURIS" ЖМ

2016 – 2020 жылдар

10

Старт-ап компанияларды құру

старт-ап компаниялар

"NURIS" ЖМ

2016 –2020 жылдар

11

Коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру

жобалар

"NURIS" ЖМ

2016 – 2020 жылдар

4-міндет. Әлемнің жетекші университеттерімен және ғылыми ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықты күшейту

12

Мектептерге жоғары білікті ПОҚ жалдау

мектептердің жаңа ПОҚ

Жалдау жөніндегі комитет

2016 – 2020 жылдар

13

Әлемнің үздік университеттерінің 200-топ санына кіретін әріптес-университеттердің қатысуымен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары

мектептер

2016 – 2020 жылдар

5-міндет. Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесін құру бойынша жұмыс

14

ҰМХ клиникаларын аккредиттеуге дайындау және оны алу

сертификаттар

ҰМХ және оның еншілес ұйымдарының басшылары

2016 жыл

15

ҰМХ Ұлттық ғылыми онкология орталығын ашу

НУ шешімі

ҰМХ басшысы

2019 – 2020 жылдар


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "NLA" ЖМ – "National Laboratory Astana" жеке мекемесі

      NURIS – "Nazarbayev University Research and Innovation System" жеке мекемесі

      ПОҚ - профессорлар-оқытушылар құрамы

      Университет – "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы

      ЗИК – зияткерлік-инновациялық кластер

      НУ – Назарбаев Университеті

      ҰМХ – "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамы