«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсiптік қауіпсіздік комитетi тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын лицензиар;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.12.2016 № 769 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.12.2016 № 769 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 8, 179-құжат);
2) «Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 8 қазандағы № 1066 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 803-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов