Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1033 қаулысы

Қолданыстағы

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсiптік қауіпсіздік комитетi тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын лицензиар;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметін жүзеге асыратын лицензиар;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөнiндегi  қызметтi жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 8, 179-құжат);
      2) «Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 8 қазандағы № 1066 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 803-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов