2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 974 қаулысымен
бекітілген
Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери
қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау
органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің,
сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және
нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап
жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін
бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы
жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) Жоспар-кесте – БЖЗҚ-ның қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығару жөніндегі іс-шараларды айқындайтын құжат;
3) қызметкер (әскери қызметші) – пайдасына БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотына бюджет қаражаты есебінен ақшалай қамтылымның 20%-ы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары аударылған әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың қатарынан салымшы (алушы);
4) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару – салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоттарынан республикалық бюджетке аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығару операциясы;
5) уәкілетті ұйым (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
6) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар – қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын аударған орталық мемлекеттік органдар;
7) электрондық хабарлама – салымшы (алушы) және салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылуға тиіс сомасы туралы ақпаратты қамтитын Орталықтың электрондық құжаты.
2. Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери
қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау
органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің,
сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және
нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап
жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін
бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы
жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару тәртібі
3. Уәкілетті мемлекеттік органдар 2016 жылғы 20 қаңтарға дейін өзінің ведомстволар, аумақтық бөлімшелер және бағыныстағы мекемелер арқылы қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) БЖЗҚ-да ашылған қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарына бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
4. Қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш хабарламаны алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы БЖЗҚ анықтамасы;
2) қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
5. Үшінші тұлға арқылы өтініш берген жағдайда үшінші тұлға осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарға қоса:
1) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта алушының мүдделерін бір мезгілде бірнеше ұйымда білдіру жөніндегі өкілеттіктері қамтылса);
2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын береді.
6. Уәкілетті мемлекеттік органдар бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдегі әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет кезеңдері үшін әрбір қызметкерге (әскери қызметшіге) республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсете отырып өтініш берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін жасайды.
7. Уәкілетті мемлекеттік органдар Орталыққа қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімдерін қағаз және электрондық түрде:
1) 2016 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде – толық емес көлемде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар бойынша;
2) 2016 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде – 2016 жылғы 1 қаңтарда қызметте болған қызметкерлер (әскери қызметшілер) және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен босатылған, қызметтен босатылған күнге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға шарттары болған қызметкерлер (әскери қызметшілер) бойынша ұсынады.
8. БЖЗҚ және Орталық қайтаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілетін Жоспар-кестені әзірлейді және қол қояды.
9. Жоспар-кестеде:
1) БЖЗҚ, Орталық және уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатарынан жауапты адамдарды көрсете отырып, БЖЗҚ-дан қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімдері;
2) БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан сомаларды есептен шығару үшін БЖЗҚ-ға қажетті ақпаратты қамтитын Орталықтың электрондық хабарламасының форматы;
3) Орталықтың БЖЗҚ-ға қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімдерін ұсыну тәртібі, сондай-ақ БЖЗҚ-ның Орталыққа міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару тәртібі;
4) БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актілерін, БЖЗҚ қайтармаған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актілерін қалыптастыру және қол қою тәртібі;
5) Жоспар-кестеде көзделген іс-шараларды жүзеге асыру процесінде Орталық пен БЗЖҚ арасындағы ақпарат алмасудың электрондық құралы (-дары) (арнасы);
6) БЖЗҚ-ның Орталықпен және БЖЗҚ кастодиан-банкімен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған іс-шаралар көзделеді.
10. БЖЗҚ Жоспар-кесте келісілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ интернет-ресурсында ақпарат жариялау арқылы міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару жөніндегі іс-шаралардың басталу және аяқталу күндері туралы қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) хабардар етеді.
11. Орталықтың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) сәйкестендіру деректемелердің (жеке сәйкестендiру нөмiрi, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні) толық сәйкестігі бойынша жүзеге асырылады.
12. Жоспар-кестеде айқындалған іс-шараларды өткізу кезінде, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімі бойынша:
1) БЖЗҚ зейнетақы аннуитеті шарты бойынша салымшылар (алушыларға) зейнетақы жинақтарын төлеуді және (немесе) аударуды жүзеге асырмайды;
2) БЖЗҚ Орталықтың сұрауы бойынша мемлекет кепілдіктерін есептеу үшін қажетті зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленген күнге міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының міндетті зейнетақы жарналары алушыларға инфляцияның деңгейі ескерілген нақты мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын сақтау жөніндегі мәліметтерді ұсынбайды.
13. Орталық Жоспар-кестеде айқындалған мерзімдерде электрондық хабарламаларды қалыптастырады және БЖЗҚ-ға жібереді.
14. БЖЗҚ Жоспар-кестеде айқындалған мерзімдерде:
1) автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорында қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан Орталықтың электрондық хабарламасына сәйкес қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығарады;
2) БЖЗҚ-ның кастодиан шотынан Орталықтың шотына міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығаруға өкімді кастодиан-банкке жібереді.
15. Бұл ретте БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) сәйкестендіру Орталықтың электрондық хабарламасында көрсетілген деректемелерге толық сәйкестік бойынша жүзеге асырылады.
16. Жеке зейнетақы шоттарынан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығаруды БЗЖҚ Орталықтың электрондық хабарламасы негізінде қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасынан, осы Қағидалардың 17-тармағында айқындалған жағдайларды қоспағанда, жүзеге асырады.
17. Республикалық бюджетке міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару мынадай жағдайларда:
1) қызметкердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоты жабылғанда;
2) қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке зейнетақы шотында қаражат болмағанда;
3) егер қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы қайтару күніне Орталықтың электрондық хабарламаларына сәйкес қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан аз болса;
4) мына:
қызметкерлердің тізімін мемлекеттік уәкілетті ұйымдар қалыптастырған;
электрондық хабарламаны Орталық қалыптастырған;
БЖЗҚ-ға қайтарылуы тиіс міндетті зейнетақы жарналары есептен шығарылған кезеңде қызметкердің (әскери қызметшінің) қайтыс болғаны туралы ақпарат болғанда жүргізілмейді.
18. БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруды электрондық хабарламаны алған күннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде Орталықтың банктік шотына электрондық төлем тапсырмаларымен жүргізеді.
19. Орталық Қазақстан Республикасының банктік және бюджеттік заңнамасының нормаларын сақтай отырып, БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналарының сомалары келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде электрондық төлем тапсырмаларымен оларды республикалық бюджетке аударуды жүргізеді.
20. Жоспар-кестеде көзделген іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін Орталық БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актісін құрастырады, ол:
1) Орталықтың электрондық хабарламаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;
2) БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары бойынша электрондық төлем тапсырмаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;
3) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын республикалық бюджетке Орталықтың аударуы бойынша электрондық төлем тапсырмаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;
4) БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары көрсетілген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін қамтиды.
21. Жоспар-кестеде көзделген іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін БЖЗҚ қайтармаған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актісін жасайды, ол:
1) Орталықтың электрондық хабарламаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;
2) тиісті себептерін көрсете отырып, БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруды жүзеге асырмаған Орталықтың электрондық хабарламасында көрсетілген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін қамтиды.
22. БЖЗҚ қайтарған және қайтармаған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актілеріне БЖЗҚ, Орталық, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар қол қояды, көрсетілген ұйымдардың мөрлерімен расталады.
23. Жоспар-кестеде көзделген іс-шаралар аяқталғаннан кейін БЖЗҚ тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған әскери қызметшiлердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасын жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы растау-анықтаманы (бұдан әрі – растау-анықтама) электрондық форматта ұсынады.
24. Қызметке қайтадан кірген, соттың шешімі бойынша қызметке қайта қабылданған, кейіннен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқық алған не сот шешімдерінің негізінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқық беретін, қызметтен босату негіздемесі өзгерген, сондай-ақ соттың шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтаруға құқық беретін қызметтен босатылған қызметкерлердің (әскери қызметшілердің), сондай-ақ арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткерген адамдардың және штаттық жасырын қызметкерлердің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тәртіппен өтініштің негізінде жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген себептер бойынша өтініш бермеген қызметкерлер (әскери қызметшілер) өтініш беруге кедергi келтiрген мән-жайлар аяқталған сәттен бастап бір ай ішінде оны ведомстволар, аумақтық бөлімшелер және мекемелер арқылы уәкілетті мемлекеттік органға береді.
Қызметкерлер (әскери қызметшілер) осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтініш беруге кедергi келтiретiн мән-жайлар аяқталған кезден бастап бір айдың ішінде ведомстволар, аумақтық бөлімшелер және мекемелер арқылы уәкілетті мемлекеттік органға өтініш береді.
25. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсете отырып, сомаларды қайтару туралы өтініштер берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін жасайды және оны Орталыққа жолдайды.
26. Орталық тізімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 11 және 15-тармақтарына сәйкес осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) Орталықтың және БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында сәйкестендіруді жүзеге асырады.
27. Орталықтың электрондық хабарламаларды қалыптастыруы және оларды БЖЗҚ-ға жіберуі, жеке зейнетақы шоттарынан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын БЗЖҚ-ның есептен шығаруы, оларды Орталыққа қайтару және кейін республикалық бюджетке аудару осы Қағидалардың 13, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
28. БЖЗҚ осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген қызметкер (әскери қызметші) өзі келген жағдайда электрондық форматта немесе қағаз жеткізгіште растау-анықтама береді.
Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі
әскери қызметшілерден басқа), арнаулы
мемлекеттік және құқық қорғау органдары,
мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің,
сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге
ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың
пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты
есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының
сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларына
қосымша
Нысан
Берілген күні
20 ___ жылғы «____»______
№__________
Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери
қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау
органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің,
сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және
нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап
жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін
бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы
жарналарының сомасынан 50 пайызын жеке зейнетақы шотынан
есептен шығару туралы растау-анықтама
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
№ ___________________________ жеке зейнетақы шотынан 2016 жылғы 1
қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы
жарналарының сомасынан
____________________________________________________ теңге мөлшерінде
(сомасы жазбаша)
50 пайызын есептен шығаруды жүргізді.
БЖЗҚ басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасы.