Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. |
Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі |
10 500 |
540 |
»;
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. |
Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы |
11 000 |
600 |
»;
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6. |
Осы Кодекстің 279-бабының |
10 500 |
540 |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов