Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 794 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2015 жылғы 28 қыркүйектегі 
№ 794 қаулысымен      
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 38 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 15, 180-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттің басым құқығы тәртібімен пайдалы қазбаларды сатып алуды құзыретті орган жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі кең таралған пайдалы қазбаларды, көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді қоспағанда, пайдалы қазбаларды сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады.»;
      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жер қойнауын пайдаланушы мәмiлелер жасасу кезiнде қолданатын пайдалы қазбалардың бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуы жөнiнде мәмiлелер жасасу күнiне әлемдiк нарықтарда қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар көлік шығыстары мен өткізуге арналған шығындар шегеріле отырып қолданылады.».
      2. «Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1171 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 67, 621-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасында:
      «Қазақстан Республикасын газдандырудың қазіргі жағдайы» деген  1-бөлімде:
      3-тармақтың міндеттері 6) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      «Қазақстан Республикасының тұтынушыларын газбен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету үшін газ саласын дамытудың экономикалық жағынан негізделген стратегиялық бағыттары» деген 2-бөлімде:
      3-тармақтың екінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
      3. «Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 40 қаулысында:
      осы қаулыға 2-қосымшада:
      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

4.

Жалпы түсіндірме жазба, Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау (ҚОӘААБ)

3-том

3

390

                                                                ».