"Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 730 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2015 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 730 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 7 ақпандағы
№ 115 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы, хатшы
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының активтерді басқару жөніндегі бас директоры (келісім бойынша)
      «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)