"Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 730 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 765 қаулысымен

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Өндіріс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Өндіріс ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 19 ақпандағы "Өндіріс ауылдық округінің "Штаб" елді мекенінде карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын. (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 наурызда № 2133 болып тіркелді).
      2. "Жамбыл облысы Шу ауданы Өндіріс ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленгін тәртіппен және мерзімдерде осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өндіріс ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Манат Копенқызы Абаховаға жүктелсін.
      Өндіріс ауылдық округінің әкімі А.Саулебаев