Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Масімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 629 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 405-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 35, 419-құжат).
3. «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 631 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 525-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 450 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 31, 471-құжат).
5. «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 561 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 36, 347-құжат).