Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 863 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 629 қаулысымен

      "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (келісім бойынша) кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
      3. Қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып белгіленсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.05.2016 № 264 қаулысымен.
      4. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі