"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысы

Қолданыстағы

      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидалары;
      2) Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;
      3) Банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары;
      4) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 599 қаулысымен   
бекітілген     

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне  микрокредит беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) өз қызметін моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      2) микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – МУҰ) – ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті ұйымдар;
      3) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      4) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.
      3. Мына:
      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;
      3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілерін;
      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлерді, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғаларды қоспағанда, МУҰ/МҚҰ моноқалаларда және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер береді.
      4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру МУҰ немесе МҚҰ арқылы жүзеге асырылады.
      МҚҰ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беруді МУҰ кредит ресурстарын бергеннен кейін жүзеге асырады.
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап МУҰ-ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беруіне рұқсат етілмейді.

2. Микрокредиттер беру тәртібі

      5. Шағын кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде микрокредит беру мәселесі бойынша консультациялар алу үшін МУҰ-ға немесе МҚҰ-ға жүгінеді.
      6. Шағын кәсіпкерлік субъектісі жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған МУҰ-ға немесе МҚҰ-ға микрокредит алуға өтініммен жүгінеді.
      7. МУҰ немесе МҚҰ 10 (он) жұмыс күні ішінде жобаны бағалауды жүргізеді, қорытынды береді және микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
      8. МУҰ-ның микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдауы шағын кәсіпкерлік субъектілері жобаларының осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы негізінде жүзеге асырылады.
      МУҰ-ның шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша теріс шешім қабылдауы үшін:
      1) Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі;
      2) осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген микрокредиттердің нысаналы мақсатына сәйкес келмеуі;
      3) микрокредиттердің тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, тұрғын жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге бағытталуы;
      4) мерзімділікті, қайтарымдылықты, ақылылықты қамтамасыз ететін мәліметтердің болмауы және кредит қаражатының қамтамасыз етілмеуі негіз болып табылады.
      9. Микрокредит беру туралы оң шешім қабылданғаннан кейін МУҰ немесе МҚҰ 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісімен микрокредит беру туралы шарт жасасады.

3. Микрокредиттер беру шарттары

      10. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру мынадай шарттарды қамтиды:
      1) микрокредиттер қайтарымды негізде беріледі;
      2) микрокредиттердің нысаналы мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту/салалық шектеулерсіз айналым капиталын толықтыру;
      3) микрокредиттер тұтынушылық мақсатқа, алдыңғы кредиттерді өтеуге, тұрғын жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге берілмейді;
      4) микрокредит беру мерзімі – 5 (бес) жылдан аспайды;
      5) микрокредиттің ең көп сомасы 10000000 (он миллион) теңгеден аспайды;
      6) соңғы қарыз алушыға негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең берілуі мүмкін, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспауға тиіс;
      7) соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12 %-дан аспауға тиіс.

4. МҚҰ-ның кредит беру тәртібі мен шарттары

      11. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредит Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынадай шарттар бойынша беріледі:
      1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға;
      2) кредит беру мерзімі – 5 жылдан аспайды;
      3) игеру кезеңі – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі бюджеттік кредитті алған сәттен бастап 5 жыл;
      4) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту/салалық шектеулерсіз айналым капиталын толықтыру;
      5) МУҰ/МҚҰ кредит бойынша негізгі борышты өтеуге жеңілдікті кезең ұсынуы мүмкін, ол кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
      12. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі МУҰ-ға кредит береді және онымен кредит беру туралы келісім жасасады. МУҰ үшін кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 % мөлшерінде белгіленеді.
      13. МУҰ осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес МҚҰ-ға кредит ресурстарын береді. Бұл ретте, Бағдарлама шеңберінде кредит беруге осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес 30 және одан жоғары балл алған МҚҰ рұқсат алады.
      14. МҚҰ арналған кредит бойынша жылдық ең үлкен номиналды сыйақы мөлшерлемесін МУҰ белгілейді, бірақ ол 4 %-дан аспайды.
      15. МҚҰ мен МУҰ арасында уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кредиттік шарт жасалады.
      16. Микрокредит беруді МУҰ жүзеге асырған жағдайда кредиттік шарт тікелей МУҰ мен шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында жасалады.
      17. МУҰ кредит ресурстарын МҚҰ-ға мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, қамтамасыз ету және мақсатқа сай пайдалану шарттарында береді.

5. Мониторинг

      18. МҚҰ берілген кредиттер бойынша МУҰ-ға ай сайынғы негізде ақпарат береді.
      19. МУҰ МҚҰ-ға берілген бюджеттік кредиттердің, сондай-ақ:
      1) растайтын құжаттар көшірмесін қоса беру қажеттілігін көрсете отырып, қаражатты мақсатты пайдалану туралы ақпаратты сұрату;
      2) бюджеттік кредит/микрокредит берілгеннен кейін МҚҰ-ға алушыларға бару (бір бюджеттік кредит/микрокредит бойынша бір реттен артық баруына рұқсат етілмейді) арқылы қарыз алушыларға берілген микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.
      20. Мониторинг нәтижелері бойынша МУҰ осы Қағидаларға  2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті
қолдау мен дамытудың бірыңғай    
бағдарламасы шеңберінде шағын    
кәсіпкерлік субъектілеріне     
микрокредит беру қағидаларына   
1-қосымша              

Микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйымның микроқаржы ұйымдарына кредит ресурстарын беру өлшемшарттары

Р/с №

Іріктеу өлшемшарттары

Көрсеткіштің мәні

1 балл

2 балл

3 балл

4 балл

5 балл

6 балл

7 балл

8 балл

9 балл

10 балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Белсенді клиенттердің саны (бірлік) (мәні қаншалықты жоғары болса, балы соншалықты жоғары болады)

50-ге дейін

51-ден 100-ге дейін

101-ден 150-ге дейін

151-ден 200-ге дейін

201-ден 250-ге дейін

251-ден 300-ге дейін

301-ден 350-ге дей
ін

351-ден 400-ге дей
ін

401-ден 450-ге дейін

450 және одан жоға
ры

2.

Берілген микрокредиттердің орташа мөлшері (мың теңге) (мәні қаншалықты аз болса, балы соншалықты жоғары)

3 001-ден және жоғары

2 501-ден 3 000-ға дейін

2 001-ден 2 500-ге дейін

1 601-ден 2 000-ға дейін

1 201-ден 1 600-ге дейін

801-ден 1 200-ге дейін

401-ден 800-ге дей
ін

201-ден 400-ге дей
ін

101-ден 200-ге дейін

100-ге дейін

3.

Меншік капиталдың жеткілікті коэффиценті (К1) (тәуелсіздік коэффиценті) (арақатынасы қаншалықты жоғары болса, балы соншалықты жоғары)

0,02

0,04

0,06

0,08

0,1

0,12

0,14

0,16

0,18

0,2

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

4.

Қоржын тәуекелі (%) (негізгі борыш бойынша өтеу мерзімі 30 күннен артық кешіктірілген ағымдағы берешегі бар микрокредиттің МҚҰ-ның жалпы несие қоржынына арақатынасы) (мәні қаншалықты жоғары болса, балы соншалықты төмен болады)

18,1-ден 20-ға дейін

16,1-ден 18-ге дейін

14,1-ден 16-ға дейін

12,1-ден 14-ке дейін

10,1-ден 12-ге дейін

8,1-ден 10-ға дейін

6,1-ден8-ге дей
ін

4,1-ден 6-ға дей
ін

2-ден 4-ке дейін

2-ге дейін

5.

Ауыл халқына микрокредит беру саласындағы жұмыс тәжірибесі және кредит беру нарығындағы кәсіптік біліктілігі (айларда) (МҚҰ қызмет мерзімі қаншалықты көп болса, балы соншалықты жоғары болады)

6

10

16

22

30

37

42

48

54

60 және одан жоға
ры

6.

Операциялық өзін-өзі ақтауы (OSS) (%-да) (мәні қаншалықты жоғары болса, балы соншалықты жоғары болады)

100

103

106

109

112

115

118

121

124

127 және одан жоға
ры

«Бизнестің жол картасы 2020» 
бизнестің қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы     
шеңберінде шағын кәсіпкерлік  
субъектілеріне микрокредит   
беру қағидаларына       
2-қосымша           

Нысан

Микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйымның микроқаржы
ұйымдарына берілген бюджеттік кредиттердің, сондай-ақ қарыз алушыларға берілген микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу нәтижелері туралы есебі

      1. Кіріспе: есепті дайындаудың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері.
      2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мониторингтеу:
      1) салалық бөліністегі жобалардың саны;
      2) өңірлік бөліністегі жобалардың саны;
      3) микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – МҚҰ) бөлінісіндегі жобалардың саны.
      3. Мониторинг нәтижелері:
      шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнімдер, көрсеткен қызметтер, құрған жаңа жұмыс орындары, жүргізген салық төлемдері туралы ақпарат;
      МҚҰ-ға берілген бюджеттік кредиттердің, сондай-ақ қарыз алушыларға МҚҰ берген микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы туралы ақпарат;
      МҚҰ-ға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бару нәтижелері туралы ақпарат.
      4. Қорытынды: негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 599 қаулысымен  
бекітілген     

Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленген және микроқаржы ұйымдары шағын кәсіпкерлік субъектілеріне моноқалалардағы, шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі жобаларды іске асыруға беретін микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) жоба – табыс табуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде бизнестің әртүрлі бағыттарында кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы;
      2) кәсіпкер – өз жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған шағын кәсіпкерлік субъектісі;
      3) қарыз шарты – микроқаржы ұйымы мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттарының негізінде микроқаржы ұйымы кәсіпкерге кредит береді;
      4) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
      5) микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – МУҰ) – ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті ұйымдар;
      6) микрокредит – МҚҰ қарыз алушыға осы Қағидаларда белгіленген көлемде және тәртіппен, ақылылық, жеделдік және қайтарымдылық шарттарында ұлттық валютамен беретін ақша;
      7) микрокредит беру бойынша субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – МУҰ мен МҚҰ арасында жасалған екіжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерлердің МҚҰ берген микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін МУҰ ішінара субсидиялайды;
      8) мемлекеттік даму институттары – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері экономиканың әртүрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;
      9) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ын бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері құрайтын консультативтік-кеңесші орган;
      10) субсидиялау – кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде кәсіпкер МҚҰ-ға микрокредит бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылады;
      11) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде МҚҰ-ға МУҰ өтеусіз және қайтарусыз негізде төлейтін мерзімдік төлемдер;
      12) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      3. Субсидиялау кәсіпкерлер микрокредиттер бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады.
      4. МУҰ көрсететін қызметтерге уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
      5. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган МУҰ-ға Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы өзара жасалатын шарттың негізінде аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың нысанын уәкілетті орган бекітеді.
      6. Соңғы қарыз алушылар үшін МУҰ-дан субсидиялар алуды ресімдеу кезінде МҚҰ-ны сүйемелдеу мақсатында МУҰ сервистік қолдау ұйымдарын тартуға құқылы.

2. Субсидия беру шарттары

      1. Мына:
      1) республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілген;
      2) тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, тұрғын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге бағытталған кредиттерді қоспағанда, ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда салалық шектеулерсіз кәсіпкерлердің жеке жобаларын іске асыруға бағытталған жаңа кредиттер субсидиялауға жатады.
      8. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған микрокредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының
30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) микрокредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.
      9. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға бағытталған микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол берілмейді.
      10. Мына:
      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларын іске асыратын;
      3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;
      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлерді, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғаларды қоспағанда, өз қызметін моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушы бола алады.
      11. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау кәсіпкерлер
МҚҰ-дан алатын жаңа микрокредиттер немесе жыл бойы МҚҰ МУҰ-ға микрокредиттерді субсидиялауға өтініш бергенге дейін алынған микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады.
      12. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын микрокредиттер сомасы бір кәсіпкер үшін 10 млн. теңгеден аспауға тиіс.
      13. Микрокредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 2 (екі) жылдан аспайды.
      14. Субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның ішіне 50 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын шағын кәсіпкерлік субъектісі төлейді. Бұл ретте, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындалу мақсатында көрмеге, симпозиумдарға, көрсетілімдерге, конкурстарға қатысу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері алған микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 70 %-ға дейін жүзеге асырылады.
      15. Бағдарлама шеңберінде:
      1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларын;
      2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарын қоспағанда, МҚҰ қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      16. Қолданыстағы микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылданған жағдайда, МҚҰ бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылында өтейді.

3. Субсидиялар ұсыну үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара
іс-қимыл жасау тәртібі

      17. Кәсіпкер микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау алуға МҚҰ-ға Бағдарламаға сәйкес шарттарда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнама береді.
      18. МҚҰ 5 (бес) жұмыс күні iшiнде жобалар бойынша құжаттар пакетін қалыптастырады және МУҰ-ға кәсіпкерлер атынан өтініш беріп, оған мына құжаттарды қоса береді:
      1) кәсіпкердің өтініш-сауалнамасы;
      2) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік/анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен куәландырылған көшірмесі);
      3) егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензия (кәсіпкердің мөрімен/қолымен куәландырылған көшірме);
      4) жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда, құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам бұған қоса акциялар шығарылымының проспектісін және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзіндіні ұсынады (тіркеушінің мөрімен/қолымен куәландырылған);
      5) өтініш берілген күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 күннен аспаған салық органынан бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;
      6) МҚҰ-ның кредит беру шарттары, оның ішінде сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең (ол белгіленген жағдайда) көрсетілген кредит беру мүмкіндігі туралы немесе Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім шығарылған хаты;
      7) жобаның бизнес-жоспары.
      19. МҚҰ-дан кәсіпкерлердің құжаттарын алғаннан кейін МУҰ 5 (бес) жұмыс күні iшiнде:
      1) өтініш-сауалнамамен бірге тапсырылған міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
      Құжаттар пакеті толық тапсырылмаған не бекітілген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда, МУҰ МҚҰ-ға тапсырылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды толықтыруға қайтарады;
      2) кәсіпкердің жобасын (осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) алдын ала қарауды және ӨҮК-ке жоба бойынша ұсынымдар әзірлеуді;
      3) кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын, мемлекеттік даму институттары арқылы өзге мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуын тексеруді;
      4) МҚҰ ұсынған жобалардың қаржылық-экономикалық тиімділігін бағалауды және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлердің жобаларын ӨҮК кезекті отырысына шығару үшін осы Қағидаларға
2-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес жіберуді жүзеге асырады.
      5) Кәсіпкерлерден тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге МҚҰ-ның құқығы жоқ.
      20. МУҰ жобалар бойынша құжаттарды жеке МҚҰ-ның микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға тиісті қаржы жылына бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана қабылдайды.
      21. Өткізілген отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) кәсіпкерлердің және олар іске асыратын жобалардың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексереді;
      2) кәсіпкер жобаларын және қоса тіркелген құжаттарды, оның ішінде кәсіпкерлердің өтініш-сауалнамаларында көрсетілген басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануы туралы ақпаратын қарайды және ӨҮК мүшелерінің арасында талқылайды;
      3) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен (осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) ресімделеді, бұл орайда хаттамада міндетті түрде кәсіпкерді Бағдарламаға қатыстырудан бас тартудың себебі көрсетілуге тиіс.
      4) ӨҮК мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде МУҰ МҚҰ-ға ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені жібереді.
      ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі хаттамаға барлық мүшелер қол қойған күннен бастап 6 айды құрайды.

4. Субсидиялау тетігі

      23. МҚҰ МУҰ-дан субсидиялау туралы оң шешім қабылданғаны туралы ӨҮК хаттамасынан үзінді алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде МУҰ мен МҚҰ-ның арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес МУҰ МҚҰ субсидиялау шартының кестесіне сәйкес МҚҰ-ға сыйақы мөлшерлемелерін төлеуді жүзеге асырады.
      24. Субсидиялау шарты МҚҰ және МУҰ қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте, субсидиялау шартында субсидиялау мерзімінің басталуы МУҰ субсидиялау шартына қол қойған күнге дейін күнтізбелік
30 (отыз) күннен аспайтын мерзім қалғанда белгіленуі мүмкін.
      25. МУҰ субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін МҚҰ-ға субсидия төлейді.
      26. МҚҰ жасалған субсидиялау шарттары бойынша МУҰ-ға субсидия сомаларын аудару үшін ағымдағы шот ашады.
      27. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты МУҰ МҚҰ-ның ағымдағы шотына аударуды кәсіпкерлердің барлық мақұлданған жобалары бойынша бірыңғай траншпен субсидиялау шартының төлемдер кестесіне сәйкес ай сайын жүргізеді. Сонымен бірге, МУҰ қаражатты аударғаннан кейін бір мезгілде МҚҰ-ға хабарлама жібереді. Хабарламада МҚҰ-ның атауы, өңірі, кәсіпкерлердің атауы, субсидия сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.
      МҚҰ МУҰ-дың хабарламасының негізінде кәсіпкерлердің сыйақы бойынша берешектерін кәсіпкердің төлемдер кестесіне сәйкес субсидия сомасына есептен шығаруды жүзеге асырады.
      28. Кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде МҚҰ-ға сыйақы төлеуді қарыз алу шартының төлемдер кестесіне сәйкес жүргізеді.
      29. Кәсіпкер сыйақының субсидияланбайтын бөлігі бойынша берешегін өтегенге дейін МҚҰ кәсіпкердің субсидияланған сыйақысы бойынша берешегін есептен шығаруды жүргізбейді.
      30. МҚҰ есептік кезеңнен кейінгі айдың күнтізбелік 10 (он) күні ішінде МУҰ-ға сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін есептен шығару туралы есепті (осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) және кәсіпкердің сыйақының субсидияланбайтын бөлігін өтегендігі туралы деректерді жібереді.
      31. МУҰ МҚҰ-дан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақының есептелуін және кәсіпкер төлеген МҚҰ қаражатын тексеруді жүргізеді.
      32. МҚҰ кәсіпкерге сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең ұсынатын болса, сыйақының субсидияланған бөлігін ол өткеннен кейін МУҰ аударады.

5. Субсидиялауды тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібі

      33. Кәсіпкерлердің кредитті толық өтеу, кәсіпкердің бастамасы бойынша субсидиялау шартын бұзу жағдайларын қоспағанда, субсидиялауды тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы шешімді ӨҮК қабылдайды.
      34. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мына фактілер бойынша:
      1) микрокредитті мақсатсыз пайдалануға байланысты микрокредит ұсыну туралы шартты МҚҰ бұзған;
      2) микрокредит ұсыну туралы шартқа сәйкес кәсіпкер төлем кестесіне сәйкес 4 (төрт) ай ішінде төлемдер төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда тоқтатуға жатады.
      35. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды тоқтата тұру кәсіпкер микрокредит беру туралы шартқа сәйкес төлемдер кестесіне сай МҚҰ алдындағы міндеттемелерін 2 (екі) ай ішінде орындамаған/тиісінше орындамаған кезде жүзеге асырылады.
      36. МҚҰ есебінің негізінде субсидиялауды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға негіз болып табылатын фактілер анықталған кезде МУҰ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы ӨҮК отырысын өткізуге бастама жасайды.
      ӨҮК отырысын өткізу үшін МҚҰ МУҰ-ға жолданған сұратуға сәйкес материалдарды береді.
      37. Өткізілетін отырыс шеңберінде субсидиялауды тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім қабылдау үшін ӨҮК мынадай шараларды жүзеге асырады:
      1) ӨҮК мүшелерінің арасында кәсіпкерлердің жобаларын және қоса берілген құжаттарды, сонымен бірге субсидиялауды тоқтата тұруға және тоқтатуға негіз болатын ақпаратты қарайды және талқылайды;
      2) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдап, мұндай шешім қабылдаудың нақты себебін көрсетеді;
      3) осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес субсидиялау тоқтатыла тұруға тиіс кәсіпкерлердің жобалары бойынша ӨҮК кәсіпкерге ӨҮК-тің отырысы өткізілген күнінен бастап бір ай ішінде төлемдер төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға, оның ішінде қалыптасқан берешекті өтеуге мүмкіндік береді. Кәсіпкер ӨҮК-тің шешімін белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, кәсіпкердің жобасын субсидиялау ӨҮК-те қарамай-ақ тоқтатылуға тиіс.
      38. Субсидиялауды қайта бастау туралы шешімді ӨҮК қабылдайды. кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұру үшін негіз болып табылған фактілерді жойған жағдайда, МУҰ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы ӨҮК-тің отырысын өткізуге бастама жасайды.
      39. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылдау үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) ӨҮК мүшелерінің арасында кәсіпкерлердің жобаларын және қоса берілген құжаттарды, оның ішінде субсидиялауды қайта бастауға негіз болатын ақпаратты қарайды және талқылайды;
      2) талқылау нәтижелері бойынша осындай шешімнің себебін көрсете отырып, кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
      40. ӨҮК отырысы өткізілген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ӨҮК шешімі (осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) хаттамамен ресімделеді және МҚҰ-ға, МУҰ мен кәсіпкерге жіберіледі.
      41. Субсидиялауды тоқтата тұру кезеңінде есептелген сыйақы мөлшерлемесі өтелмейді.
      42. Мына:
      1) кәсіпкер қарыз шарты бойынша МҚҰ алдындағы кредитті толық өтеген жағдайда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады. Кәсіпкердің МҚҰ микрокредитін толық өтеген күні субсидиялаудың тоқтатылған күні болып саналады;
      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;
      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.
      43. Кәсіпкер микрокредит бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда МҚҰ МУҰ-ға микрокредит бойынша негізгі борыштың мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелу фактісі туралы хабарлайды.
      Кәсіпкердің микрокредиті бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда, МҚҰ қарыз шартына қосымша келісім жасасу кезінде МУҰ-ға субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді өзгертілген төлемдер кестесін қоса тіркей отырып, қарыз шартына қосымша келісімнің көшірмесімен қоса хабарлама жібереді.
      44. Кәсіпкердің микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, микрокредит бойынша негізгі қарыз ішінара/толық өтелген жағдайда МҚҰ 7 (жеті) жұмыс күні ішінде МУҰ-ға өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін ұсынады.
      Бұл ретте, МҚҰ салыстырып тексеру актісінде субсидияның сомасы және есептен нақты шығарылған соманы және күнін көрсетеді, ал МУҰ субсидияның аударылған сомасын және күнін көрсетеді.

Микроқаржы ұйымдарының
микрокредиттері бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша      

Кімге   « МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Кімнен _______________________(бұдан әрі – кәсіпкер)

№ __________ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына қатысу және _______ жылғы « »_________№___ микрокредиттік қарыз шартының негізінде берілген микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанында мынадай шарттарда:

Микрокредиттің нысаналы мақсаты


Микрокредит сомасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Микрокредит валютасы


Микрокредит мерзімі


мемлекеттік қолдау алу мақсатында Сізден субсидиялау мақұлданған жағдайда микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін субсидиялау мүмкіндігін қарауды сұраймын.

1. Қатысушы туралы мәліметтер 

Кәсіпкердің атауы


Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания


СТН


Жұмыс тәжірибесі


2. Басшылық

Бірінші басшы

Т.А.Ә


Лауазымы


Жұмыс/үй тел.


Туған жері және жылы


Жеке куәлігінің сериясы, №


Тұрғылықты жері (нақты)


Тіркелген мекенжайы


Жұмыс тәжірибесі


Бас бухгалтер

Т.А.Ә


Жұмыс/үй тел.


Туған жері және жылы


Жеке куәлігінің сериясы, №


Тұрғылықты жері (нақты)


Тіркелген мекенжайы


Жұмыс тәжірибесі


Байланыс жасайтын тұлға

(Т.А.Ә, лауазымы, телефоны)


3. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін – акциялардың 1 % және одан көп пайызына иелік ететін тең құрылтайшылар). 

Атауы/Т.А.Ә.

%

Деректемелері



















4. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Сала


Өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есептік кезеңдегі пайда немесе залал


Нақты қызметкерлер саны

_________________ олардың ішінде
әйелдер ____________________

Жобаның атауы (қысқаша сипаты)


Жобаны іске асыру орны (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


5. Банктік шоттары туралы ақпарат

      Банктік деректемелері (барлық қызмет көрсетілетін банктердегі ағымдағы және жинақ шоттарын көрсету):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

6. Кредиттік тарих

      Кәсіпкердің жұмыс істеу процесінде пайдаланылған, өтелген, сол сияқты қазіргі уақытта өтелмеген барлық банктік несиелері көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

Қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу күні

1.







2.







7. Қолданыстағы кредиттері туралы ақпарат

Күні және валюта бағамы: ___/___.

Р/с№

Ми
кро
қар
жы ұйымы

Қарыз шарты
ның деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Кредит валютасы

Кре
дит сомасы

Негізгі қарыз бойынша көрсетілген күндегі берешек

Кредит мерзімінің аяқталу күні

Кредит мақса
ты (қысқаша сипа
ты)

1









2


















8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және кәсіпкерге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік бағдарламаның/мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат














9. Кепілдіктер мен келісімдер

      Кәсіпкер микроқаржы ұйымына (бұдан әрі – МҚҰ) төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:
      1. МҚҰ-ға осы өтінішпен бірге берілген (берілетін) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда МҚҰ-ға дереу мәлімдеуге міндеттенемін.
      2. МҚҰ-ның алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпиясы бар кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және жария етуге міндеттенемін.
      3. МҚҰ көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
      5. Кәсіпкер өзінің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын тұлғаның осы өтінішті беруіне мүмкіндік беретіндігін растайды.
      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған кезде осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылу мүмкіндігімен келісемін, бұл ретте МҚҰ бас тарту себептерін мәлімдемеуге құқылы.
      Кәсіпкер осы арқылы МҚҰ-ға мыналарға келісім береді:
      1. Осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында МҚҰ үшінші мүдделі тұлғаларға беруге құқылы.
      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сонымен қатар МҚҰ талап еткен құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана беріледі.
      3. Кәсіпкер өзі туралы мәлімдеген кез келген ақпаратты тексеру құқығын МҚҰ өзіне қалдырады, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидия берілмеген жағдайдың өзінде де МҚҰ-да сақталады.
      4. МҚҰ-ның осы өтінішті қарауға қабылдауы, сонымен қатар кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидиялау алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.б.) МҚҰ-ның субсидиялауды беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және алдағы уақытта Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне талап қоймаймын.

10. Қосымшалар

(Бағдарламада көзделген құжаттар)
___________________ (Т.А.Ә.)
(қолы)     күні

Микроқаржы ұйымдарының
микрокредиттері бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша       

(микроқаржы ұйымы толтырады)

_________________ бойынша
Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауы үшін
кәсіпкердің ЖОБАСЫ

Р/с №

Кәсіпкердің атауы

Жобаның атауы (сипаты)

Заңды мекенжайы

Жобаны іске асыру орны

Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері

1

2

3

4

5

6








Жобаны іске асыру кезеңі

Бағдарлама бойынша бағыты

Қаржыландыру сомасы, теңге

Жұмыс орындарының саны

Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы


7

8

9

10

11








Өтініш берген күні






12











Қосымшалар: (микроқаржы ұйымына кәсіпкер берген өтініш және құжаттар пакеті)
      1).
      2).
      …

      Лауазымды адам __________________ Т.А.Ә.
                         қолы, мөрі
      Жауапты қызметкер _______________ Т.А.Ә.
                             қолы

Микроқаржы ұйымдарының
микрокредиттері бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша      

(ұсынылатын нысан)

_______________________ бойынша
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№ ______ХАТТАМАСЫ

Өткізілген орны


Өткізілген күні


Кеңес төрағасы


Қатысқан Кеңес мүшелері


Қатыспаған Кеңес мүшелері


Шақырылғандар


Кеңес хатшысы


      Күн тәртібі 


Мәселелердің атауы







      Кеңес қарады 


1-мәселенің атауы





      Кеңес мынадай шешім қабылдады:

      1. Мынаған:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкестігіне;
      2) өңір үшін басым салаларға сәйкестігіне;
      3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің төменде көрсетілген жобалар тізімі бойынша мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларының қолданылмауына байланысты субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:      

Р/с

Атауы

кәсіпкер

жоба

сала

микроқаржы ұйымы

1

2

3

4

5






ҚШ

Микрокредит сомасы

Микрокредит мерзімі

Нысаналы мақсаты

Жобаның атауы (сипаты)

Жылдық тиімді мөлшерлеме %









8

9

10

11

12








Номиналды сыйақы мөлшерлемесі

Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі

Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі

Субсидиялау мерзімі

13

14

15

16





      2. Мақұлданған жобалардың тізімі субсидиялау шартын жасасу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына және көрсетілген микроқаржы ұйымдарына жіберілсін.
      3. Мынаған:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келмеуіне;
      2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің төменде көрсетілген жобалар тізімі бойынша мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларының қолданылуына байланысты субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау нысандарын қолдануды мақұлдаудан бас тартылсын:  

Р/с

Атауы

Бас тарту себебі

кәсіпкер

жоба

сала

микроқаржы ұйымы







      Кеңес мүшелерінің қолдары

Р/с

Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

«ҚОЛДАДЫ»

«ҚАРСЫ БОЛДЫ»

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР


Кеңес төрағасы





Кеңес төрағасының орынбасары





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі




      Кеңес қарады 


2-мәселенің атауы



      Кеңес мынадай шешім қабылдады
      1.
      2.
      3.
      …
      Кеңес мүшелерінің қолдары 

Кеңес мүшесінің Т.А.Ә., мәртебесі

«ҚОЛДАДЫ»

«ҚАРСЫ БОЛДЫ»

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР


Кеңес төрағасы





Кеңес төрағасының орынбасары





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі




      Кеңес Хатшысы _________________            Т.А.Ә.

      Егер Кеңес мүшесі «қарсымын» деп дауыс берген жағдайда, түсініктемелер бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.

Микроқаржы ұйымдарының 
микрокредиттері бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін 
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша        

_____________ жыл ________________ жыл аралығындағы кезеңде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін есептен шығару туралы есеп

Р/с

Микроқаржы ұйымының атауы

Кәсіпкердің өтініш берген жері (облысы, өңірі)

Кәсіпкердің атауы

Кәсіпкердің СТН

1

2

3

4

5







Заңды мәртебесі (ЖШС, ДК, ШҚ, ӨК)

Микрокредиттік қарыз шартының №

Микрокредиттік қарыз шартының күні

Микрокредит бойынша берілген күні


6

7

8

9







Субсидиялаудың басталған күні

Микрокредит бойынша өтеу күні

Микрокредит мерзімі

Микрокредит сомасы


10

11

12

13







Микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау басталған күніне негізгі борыш берешегінің қалдығы

Субсидиялау шартының №

Субсидиялау шартының күні


14

15

16

17







Есепті кезеңде микрокредит бойынша есептелген сыйақы сомасы

Есепті кезеңде кәсіпкер төлеген сыйақы сомасы

Есепті кезеңде кәсіпкер төлейтін (төлеуге тиіс) сыйақы сомасы

Микрокредит беру объектісі (инвестициялық кредит/ айналым қаражатын толтыру)


18

19

20

21







Жоба бойынша бизнес (алғашқы/ қолданыстағы)

Жобаны іске асыру есебінен құрылатын жаңа жұмыс орындары

Микроқаржы ұйымның уәкілетті органы шешімінің күні

Сыйақы төлеу бойынша мерзімі өткізілген күндер саны


22

23

24

25






Лауазымды тұлға ______________________ Т.А.Ә.
                     қолы, мөрі
Жауапты қызметкер ____________________ Т.А.Ә.
                        қолы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 599 қаулысымен   
бекітілген     

Банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және банктердің кредиттері бойынша микроқаржы ұйымдарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру тетігі мен шарттарын айқындайды.
      2. Ішінара кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау құралы болып табылады және кәсіпкерлердің кредит ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) кәсіпкер – өз жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкер;
      2) кепілдік беру – микроқаржы ұйымын мемлекеттік қолдаудың Бағдарламада, осы Қағидаларда және кепілдік шартында айқындалған талаптармен микроқаржы ұйымының кредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуі ретінде кепілдік беру түрінде пайдаланылатын нысаны;
      3) кепілдік шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша микрокредит беру жөніндегі уәкілетті орган, банк пен микроқаржы ұйымының арасында жасалған кепілдік беру туралы жазбаша келісім;
      4) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      5) мемлекеттік даму институттары – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;
      6) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
      7) микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – МУҰ) – ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті ұйымдар.

2. Кепілдіктер беру шарттары

      4. Ішінара кепілдік беру:
      1) акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобаларды іске асыруға бағытталған;
      2) тікелей кредиторы «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекеттік даму институттары болып табылатын кредиттерді қоспағанда, кейін моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне микрокредит беру мақсатында банктерден айналым қаражатын толықтыруға алынған микроқаржы ұйымдарының жаңа кредиттері бойынша ғана беріледі.
      5. Кепілдік беру бағдарламасына қатысатын МҚҰ-ға қойылатын талаптар:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өту, өтінімді қарау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциалдық нормативтерді орындауы және МУҰ-ның ішкі талаптарына сәйкес келуі;
      2) кепілдік беруге өтініш білдірген күнге ағымдағы кредиттері, лизинг шарттары бойынша өтеу мерзімі өткен борыштарының болмауы;
      3) кепілдік алуға өтініш білдірген күннің алдындағы соңғы есептік күнге салық төлеу бойынша берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы.
      6. МУҰ кепілдік мөлшері кредит сомасының 100 %-ына жетуі мүмкін, бірақ 500 миллион теңгеден аспауға тиіс, бұл ретте МҚҰ үшін қарыздың ең аз мөлшері кемінде 15 миллион теңгені құрауға тиіс.
      7. Кепілдік сомасы МҚҰ-ның қаржылық жағдайын бағалауға байланысты болады, бұл ретте кепілдіктің мөлшері МҚҰ-ның кредит қоржынының 15 %-ынан аспайды.
      8. Кепілдік банктердің МҚҰ-ға беретін жаңа кредиттері бойынша беріледі, қайта қаржыландыру кезінде МҚҰ-ның банктер алдында борышы болмауға тиіс.
      9. МҚҰ-ның кредиттері бойынша кепілдік беру шарттары:
      1) кредиттің(тердің) сомасы олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті(тері) бойынша берешектерін есепке алмай бір МҚҰ үшін есептеледі;
      2) қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде Бағдарламаға қатысу үшін жылжымалы/жылжымайтын мүлік, сондай-ақ қарыз алушылардың талап қою құқығы қабылданады;
      3) кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайды;
      4) проблемалы қарыздар (өтеу мерзімін 30 күннен асыруға жол берген) бойынша негізгі қарыздың үлесі 10 %-дан аспауға тиіс.
      10. Кепілдік шарты жасалатын кредит кредиттік желі ашу туралы банктік қарыздың/келісімнің дербес шарты түрінде ресімделуге тиіс.
      11. Кепілдік шартына қол қойылғанға дейін МҚҰ МУҰ-ға кепілдік беру мерзіміне байланысты кепілдік бергені үшін мынадай комиссия төлейді: қоса алғанда 2 (екі) жылға дейін кепілдік сомасының 1 %-ы; 2 (екі) жылдан астам – кепілдік сомасының 2 %-ы.
      12. Ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі кемінде жылдық 16 % кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Банк:
      1) кредит беру шарттарының МҚҰ бастамасымен өзгеруіне байланыстыларын;
      2) МҚҰ-ның кредит жөніндегі міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатындарын қоспағанда, қандай да бір комиссия, алым және/немесе кредитке байланысты өзге де төлемдерді алмайды.

3. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      13. МҚҰ Банкке МУҰ кепілдігімен кредит алуға өтініш береді.
      14. Банк МҚҰ-ның өтінішін банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімдерге сәйкес дербес қарайды.
      15. Оң шешім қабылданған жағдайда, банк 5 (бес) жұмыс күні ішінде МУҰ-ға кепілдік беру туралы шешім қабылдауға қажетті құжаттарды жолдайды.
      16. МУҰ Банктен құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған, оның ішінде МҚҰ-ға ұсынылатын қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды қарайды және кепілдік беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
      Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, МУҰ анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат ұсыну туралы сұрау салуды 5 (бес) жұмыс күні ішінде жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін Банкке және МҚҰ-ға жолдайды. Бұл ретте МУҰ үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайта басталады.
      17. Оң шешім қабылданған жағдайда МУҰ банкке осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша МҚҰ-ға кепілдік беру мүмкіндігі туралы алдын ала кепілхат жолдайды.
      Теріс шешім қабылданған жағдайда МУҰ мұндай шешімнің себептерін көрсете отырып, міндетті түрде МҚҰ-ны хабардар ете отырып, банкке хат жолдайды. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға МҚҰ-ның сәйкес келмеуі теріс шешім қабылдауға негіз болады.
      18. МҚҰ-ға кепілдік беру мүмкіндігі туралы алдын ала кепілхатты алғаннан кейін Банк МҚҰ-ға банктік қарыз туралы шарт жасасу талаптары мен қажетті кепіл сомасының есебін көрсете отырып хат жолдайды.
      МҚҰ қажетті кепіл сомасының есебін көрсете отырып жасалатын банктік қарыз шартының талаптары туралы хатты алғаннан кейін банк пен МҚҰ банктік қарыз туралы шарт жасасады, оның көшірмесі МУҰ-ға жіберіледі.
      19. Банктік қарыз туралы шарт жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес МУҰ, банк және МҚҰ арасында кепілдік шартына қол қойылады.
      20. Уәкілетті орган кезекті жылдың басында МУҰ-ға шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу есебінен МҚҰ-ның кредиттеріне кепілдік беруге бөлінген соманың 50 %-ын аударады.
      21. Қаражаттың қалған бөлігі МУҰ-ға кепілдік шарттарын жасасу шамасына қарай жылдың басында МУҰ-ға аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін аударылады.
      22. МУҰ жобалар бойынша құжаттарды тиісті қаржы жылына арналған кепілдік шарттары бойынша ақы төлеуге бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана қабылдайды. Бұл жағдайда кепілдік шартын жасасу фактісі бюджет қаражатының игерілуі болып табылады.

Банктердің микроқаржы   
ұйымдарына берген кредиттері
бойынша ішінара кепілдік 
беру қағидаларына     
қосымша         

«___________» акционерлік қоғамына

Алдын ала кепіл хат

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде екінші деңгейдегі банктерде микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне кепілдік беру жөнінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – МУҰ) «____________» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің _______ «________________» жобасы бойынша МУҰ-ның кепілдік беруі туралы өтінімін қарағанын және мақұлдағанын хабарлаймыз.
      МУҰ «____________» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін_______ «_________________» жобасы бойынша мынадай шарттармен кепілдік беруге дайын:
      1) кепілдік сомасы: _________ (_________________) теңге, ол кредит сомасының ___ %-ын құрайды;
      2) кепілдік мерзімі: _____________.
      Кепілдік беру шарттары мен тәртібі Қағидаларда көзделген.
      Осы алдын ала кепілхаттың қолданылу мерзімі _________ дейін.
      МҚҰ кредиттеріне ішінара (толық) кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдау шарттарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда МУҰ кепілдік берудің жоғарыда көрсетілген шарттарын қайта қарауға және оларды өзгертуге не толық немесе ішінара жоюға құқылы, кепілдік шартына қол қойылғанға дейін ол туралы банк хабардар етіледі.
      Құрметпен,
      ___________ _______________ ________________
      (лауазымы)   (қолы, М.О.)       (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 599 қаулысымен    
бекітілген      

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыруы бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін/жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетіктерін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;
      2) банк-төлем агентi – исламдық лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және исламдық лизингтік компаниялардың исламдық лизинг шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару мен есептен шығаруға арналған қаржы агенттігінің ағымдағы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс;
      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын, Бағдарламаның облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде іске асырылуына жауапты құрылымдық бөлімшесі;
      4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – қаланың/ауданның жергілікті атқарушы органының облыс әкімі айқындайтын, Бағдарламаның қалада немесе аудандық деңгейде іске асырылуына жауапты құрылымдық бөлімшесі;
      5) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бизнестің түрлі бағыттарында кәсіпкер бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы. Бір жобаның шеңберінде бірнеше қаржыландыру алуға болады;
      6) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 627 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
      7) ислам банкі – лицензия негізінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
      8) исламдық лизингтік компания – өз қызметін «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын, Бағдарламаға қатысушы заңды тұлға;
      9) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге тауар үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігін беруі және/немесе ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге лизинг (жалға беру) шарттарында мүлікті (лизинг нысанын) беруі;
      10) исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалған үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерді ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша тауарға үстеме бағаны/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін ішінара субсидиялайды;
      11) исламдық лизинг шарты – исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша исламдық лизингтік компания кәсіпкерге мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен береді;
      12) кәсіпкер – өз қызметін «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;
      13) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі тауарды сатып алушы немесе сатушы кәсіпкерге коммерциялық кредит береді не кәсіпкерге мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен береді. Қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады;
      14) қаржы агенттігі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
      15) мемлекеттік даму институттары – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері экономиканың әртүрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;
      16) субсидиялау – кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны, ол болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде қаржыландырулар бойынша тауардың үстеме бағасы/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі ретінде ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылады;
      17) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;
      18) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) –жеке кәсіпкерді дамыту мен қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      19) ЭҚЖЖ (бұдан әрі – Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторлары) – Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары.
      3. Субсидиялау кәсіпкерлер қаржыландырулар бойынша тауардың үстеме бағасының бір бөлігін/ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
      4. Қаржы агенттігінің көрсетілген қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
      5. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалатын Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке жіберілген нысаналы трансферт қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. Бағдарлама шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
      6. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      7. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдарының шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
      8. Мыналар:
      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын;
      3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;
      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.

2. «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      9. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына салалық шектеусіз қатыса алады.
      10. Мыналар:
      1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;
      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
      4) овердрафт түріндегі;
      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.
      11. Тауардың үстеме бағасын/ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.
      12. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берген қаржыландыру да жаңа қаржыландыруларға жатады.
      13. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг/қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.
      14. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ жоба сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылмайды.
      Бұл ретте, қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген қаржыландыру бөлігінде субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыруды қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      15. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кепілдік беру құралын қолдана отырып қаржыландыру кезінде тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялауға рұқсат етіледі.
      16. 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландырулар бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
      17. Қаржыландыру бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
      18. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын қаржыландырулар бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
      19. Тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қаржыландыру сомасы бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиторлық берешегі есепке алынбай есептеледі.
      20. Қаржыландырулар бойынша субсидиялау мерзімі 6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      21. Субсидиялау тауардың үстеме бағасы/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі номиналды 14 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржыландырулар бойынша ғана жүзеге асырылады.
      22. Бағдарлама шеңберінде ислам банкі/ исламдық лизингтік компания:
      1) қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;
      2) қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын;
      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;
      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      23. ӨҮК қолданыстағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында (ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап) бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
      24. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг, таза лизинг және исламдық лизинг.

3. «Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      25. Мынадай:
      1) Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларды;
      2) Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатыса алады.
      26. Мыналар:
      1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;
      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
      4) овердрафт түріндегі;
      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.
      27. Тауардың үстеме бағасын/ислам банктерінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.
      28. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде ислам банкі/ исламдық лизингтік компания жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берген қаржыландыру да жаңа қаржыландыруларға жатады.
      29. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг/қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банкі/исламдық лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.
      30. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ жоба сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылмайды.
      Бұл ретте, қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген қаржыландыру бөлігінде субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыруды қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      31. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кепілдік беру құралын қолдана отырып қаржыландыру кезінде тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялауға рұқсат етіледі.
      32. 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландырулар бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
      33. Қаржыландыру бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
      34. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын қаржыландырулар бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
      35. Тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қаржыландыру/исламдық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиторлық берешегі есепке алынбай есептеледі.
      36. Қаржыландырулар бойынша субсидиялау мерзімі 6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      37. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау тауардың үстеме бағасы/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі номиналды 14 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржыландырулар бойынша ғана жүзеге асырылады.
      38. ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау тауардың үстеме бағасы/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі номиналды 14 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржыландырулар бойынша ғана жүзеге асырылады.
      39. Бағдарлама шеңберінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания:
      1) қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;
      2) қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын;
      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;
      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      5) ӨҮК қолданыстағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында (ӨҮК шешім қабылдаған күннен) бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
      41. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға рұқсат беріледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
      1) Астана және Алматы қалаларында сауда ауданы кемінде 5 мың шаршы метр;
      2) облыстарда сауда ауданы кемінде 2 мың шаршы метр;
      3) деңгейлерінің көлем саны кемінде 2, тұрақ коэффициенті кемінде 1 орын/40 шаршы метр.
      42. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг, таза лизинг және исламдық лизинг.

4. «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      43. Үшінші бағыт ислам банктерінің ұлттық және шетелдік валюталардағы және исламдық лизингтік компаниялардың ұлттық валютадағы қолданыстағы қаржыландыру бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды көздейді.
      44. Қызметін Бағдарламаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне кәсіпкер өтінім берердің алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушы бола алады.
      45. Мыналар:
      1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;
      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
      4) овердрафт түріндегі;
      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.
      46. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген қаржыландыру бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Бұл ретте қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген қаржыландыруды субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыруды қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      47. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг/қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.
      48. 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландырулар бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
      49. Қаржыландыру бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
      50. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын қаржыландырулар бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
      51. Тауарлардың үстеме бағасын/жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қаржыландыру сомасы бір кәсіпкер үшін  4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиторлық берешегі есепке алынбай есептеледі.
      52. Субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық қаржыландыру бойынша сома бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеге балама мөлшерден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржыландыру бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
      53. 750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі қаржыландыру/қаржылық лизинг шарттары бойынша тауардың үстеме бағасын/ жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қолданыстағыларға қатысты кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
      Бұл ретте жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жас адамдар үшін құру ұсынылады.
      54. Қаржыландырулар бойынша субсидиялау мерзімі 6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      55. Субсидиялау ислам банктерінің номиналды пайда мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады.
      Субсидиялау ислам банктерінің пайдасының бөлігін жылдық 12 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін валюталық қаржыландыру бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Бұл ретте ислам банкі:
      1) қаржыландыру талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;
      2) қаржыландыру бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      56. Бағамдық оң айырма орын алған жағдайда, ол болашақ субсидиялар есебіне жатқызылады, ал бағамдық теріс айырма орын алса – өтеу кәсіпкерге жүктеледі.
      57. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомаларын аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша төлейді.
      58. Субсидиялау исламдық лизингтік компанияның/ислам банкінің жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін исламдық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін.
      Бұл ретте ислам банкі/исламдық лизингтік компания:
      1) исламдық лизинг шарттарының борышкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;
      2) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;
      3) исламдық лизинг шартын орындауға (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтеріне, лизинг (жалдау) нысанын арнаулы органдардың тіркеуі жөніндегі көрсетілетін қызметтерге, банктердің көрсетілетін қызметтеріне және т.б. ақы төлеу) байланыстыларды;
      4) кәсіпкердің исламдық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды қоспағанда, исламдық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды.
      59. ӨҮК қолданыстағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында (ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап) бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
      60. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер валюталық қаржыландыруды теңгеге айырбастауды ұйғарса, онда мұндай айырбастау ислам банкі/исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.

5. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      61. Кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға:
      1) жаңа қаржыландыру бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда қаржыландыру беруге (ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) арналған өтінішпен;
      2) қолданыстағы қаржыландыру бойынша осы Қағидаларға  1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған сәйкес субсидиялар алу ниеті туралы ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны хабардар ететін өтінішпен және қаржыландыру бойынша тауардың номиналды үстеме бағасын/жалгерлік төлемнің бір бөлігін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы өтінішпен жүгінеді.
      62. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және қаржыландыру беру немесе қаржыландыру бойынша тауардың үстеме бағасын/жалгерлік төлемнің бір бөлігін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда кәсіпкерге жобаны қаржыландыруға дайын екендігі туралы жазбаша жауап жолдап, қаржы агенттігін хабардар етеді.
      63. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның оң шешімін алған кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана мен Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);
      2) егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензиясы (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);
      3) жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда, құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам акциялар шығарылымының проспектісін және бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінен үзіндіні (тіркеушінің мөрімен/қолымен расталған) қоса ұсынады;
      4) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
      5) тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары;
      6) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар;
      7) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар;
      8) ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерді қаржыландыру бойынша қаржыландыруды ұсыну немесе тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.
      64. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін:
      1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын 3 жұмыс күні ішінде тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі үш күндік мерзімде кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;
      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін кәсіпкердің жобасын жіберуді құжаттардың толық пакетін алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      65. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
      1) құжаттардың толықтығын тексереді;
      2) кәсіпкер жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
      3) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
      4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың толық пакетімен қоса кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына шығарады;
      5) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл жөнінде ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
      66. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үш күндік мерзімде кәсіпкерге/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар пакеті бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК кезекті отырысына шығарады.
      67. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны он екі адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 %-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы ұсынуға тиіс.
      ӨҮК отырысы мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданады.
      68. ӨҮК тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана жобаларды қарайды.
      69. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру;
      2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарау және талқылау;
      3) кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда ислам банкінен /исламдық лизингтік компаниядан жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қаралуға тиіс;
      4) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға  4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте, хаттамада кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
      Бұл ретте ӨҮК мүшелерінің бәрі хаттамаға қол қойған кезге дейін хатшы мен ӨҮК төрағасының қолы қойылған ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмені ұсынуға жол беріледі.
      70. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзінді көшірмеге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға және қаржы агенттігіне, сондай-ақ мәлімет үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.
      71. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ол қабылдаған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

6. Субсидиялау тетігі

      72. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыру шартының өтеу кестесіне және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.
      73. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қолданыстағы қаржыландыру шартына қол қойылған сәтке дейін кәсіпкердің қаржыландыру шартында/исламдық лизинг шартында көзделген негізгі борыш/жалгерлік төлемнің және тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің сомасын уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/қолданыстағы қаржыландырулар бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания:
      1) қаржыландыру (исламдық лизинг шарты) талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;
      2) кәсіпкердің қаржыландыру (исламдық лизинг шарты) бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарын;
      3) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;
      4) исламдық лизинг шартын орындауға (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтеріне, лизинг (жалдау) нысанын арнаулы органдардың тіркеуі жөніндегі көрсетілетін қызметтерге, банктердің көрсетілетін қызметтеріне және т.б. ақы төлеу) байланыстыларды қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды.
      74. Субсидиялау шартын:
      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания:
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасайды;
      2) қаржы агенттігі:
      ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан үлгі жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан ерекше шарттары бар жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды.
      75. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания осы Қағидалардың 74-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, онда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігі мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.
      76. Егер қаржыландыру шартының/ исламдық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны және кәсіпкерді хабардар етеді.
      77. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.
      78. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені ӨҮК-ке шығарады.
      79. Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартына қаржы агенттігі қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін.
      80. Тауардың үстеме бағасының/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания дербес айқындайды. Егер қаржыландыру бойынша тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталған жағдайда, субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.
      81. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен түскен қаражат болған кезде төленеді.
      82. Ислам банкі қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.
      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ исламдық лизингтік компаниялар қаржы агенттігімен келісім бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда қаржы агенттігі жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидияларды аудару үшін шот ашады.
      83. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылында Бағдарлама шеңберінде олардың өзара жасалған субсидиялау мен кепілдік беру шарттарына сәйкес қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      84. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен ислам банкінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны электрондық пошта арқылы қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.
      85. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның шоттағы қаражаттың жалпы ағымдағы қалдықтарын есептен шығаруға құқығы жоқ.
      86. Кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыру шартына/исламдық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесіне сәйкес тауардың үстеме бағасының/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланбайтын бөлігінде тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін төлеуді жүргізеді.
      87. Кәсіпкердің қаржыландыру бойынша төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкердің қаржыландыру бойынша тауардың үстеме бағасының/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін (негізгі борыш/жалгерлік төлемнің сомасы және тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланбайтын бөлігі) өтеу шотына қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
      88. Кәсіпкер берешекті өтегенге дейін ислам банкі/исламдық лизингтік компания тауардың үстеме бағасының/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүргізбейді және:
      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында қаржыландыру бойынша төлемді, оның ішінде тауардың үстеме бағасының/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген;
      2) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай ішінде орындамаған;
      3) кәсіпкер ислам банкі/ исламдық лизингтік компания алдында лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамаған жағдайларда, бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      89. Тауарларға үстеме бағаны субсидиялау бойынша ислам банкі ай сайын/жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін, ал жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау бойынша лизингтік компаниясы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін қаржы агенттігіне осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.
      90. Қаржы агенттігі ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін және ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға төленген қаражаттың есептерін тексеруді жүзеге асырады.
      91. Қаржы агенттігі қаржыландыру бойынша ай сайын/жалгерлік төлемді субсидиялау бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.
      92. Кәсіпкердің банктік қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шарттарының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі ислам банкі/исламдық лизингтік компания тауардың үстеме бағасының/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты/жалгерлік төлемнің сомасын өтеу бойынша жеңілдікті кезең берілген/мерзімі кейінге қалдырылған кәсіпкердің қаржыландыруы бойынша тауардың үстеме бағасының/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.
      Бұл ретте, жеңілдікті кезең/ кейінге қалдыру мерзімі ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      93. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания қолданыстағы қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шартының талаптарын (ислам қаржыландыруында ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысты құрайтын тауардың үстеме бағасының жалгерлік төлемнің бір бөлігінің, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге қалдыру, өтеу мерзімі, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық құжаттар пакетімен қоса қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады, күн тәртібінің мәселелерін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнін, уақыты мен орнын айқындайды, бұл туралы ӨҮК мүшелерінің бәрін хабардар етеді. Талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен (осы Қағидаларға 4-қосымша) ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада анық көрсетілуге тиіс.
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері хаттамаға/ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмеге қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін/ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмені ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға, қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.
      Қолданыстағы қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шартының талаптарындағы өзге өзгерістер туралы ислам банкі/исламдық лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде қаржы агенттігін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін көрсетеді).
      Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетілуге тиіс.
      94. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату туралы ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады. Мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда, субсидиялауды қайта бастау мәселесі қайтадан ӨҮК қарауына шығарылады.
      95. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға субсидия беруге пайдалануға болады.

7. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау тәртібі

      96. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігінің өтінімдері (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.
      97. Мынадай:
      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану;
      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг (жалдау) нысанасын алмауы;
      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
      4) кәсіпкердің қаржыландыру шартына төлемдер кестесіне сәйкес ислам банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай бойы орындамауы;
      5) кәсіпкердің төлемдер кестесіне сәйкес ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы лизингтік (жалгерлік) төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;
      6) кәсіпкердің шоттарына тыйым салынуы;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын кері талап етуі фактілері белгіленген жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады.
      98. Субсидияларды төлеу тоқтатыла тұрған жағдайда, қаржы агенттігі осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны, кәсіпкерді, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
      99. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.
      100. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
      1) қаржы агенттігі ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
      2) субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
      Бұл ретте, шешімде субсидиялауды тоқтатудың/қайта бастаудың негіздемесі көрсетіледі.
      101. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді ӨҮК отырысына дейін жойған жағдайда, ӨҮК субсидиялауды қалпына келтіру туралы оң шешім қабылдайды.
      102. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға, қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.
      103. Субсидиялауды тоқтата тұрудың себептері мынадай болса, қаржыландыру бойынша субсидиялауды қайта бастауға жол беріледі:
      1) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
      2) кәсіпкердің шоттарына тыйым салынуы;
      3) кәсіпкердің қаржыландыру шартына төлемдер кестесіне сәйкес ислам банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай бойы орындамауы;
      4) кәсіпкердің төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы лизингтік (жалгерлік) төлемдер төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын кері талап ету.
      104. Кәсіпкер субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған кезде қаржыландыру бойынша субсидиялауды қайта бастауға тыйым салынады.
      105. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны және кәсіпкерді субсидиялау төлемдерін қайта бастау туралы хабардар етеді. Осы Қағидалардың 97-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялауды тоқтата тұрған кезде кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуге тиіс субсидияларды төлеуді жүргізеді.
      106. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге, ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.
      Осы Қағидалардың 94-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы ӨҮК шешімі бар қаржыландыру қайта басталмайды.
      107. Мынадай:
      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы қаржыландыру шарты/исламдық лизингтік шарт бойынша қаржыландыруды толық өтеген. Кәсіпкердің ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыруды толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;
      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;
      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда, субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.
      108. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге субсидиялау шарты жасалғанға дейін бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде, тауардың үстеме бағасын ислам банкінің/ исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және басқа да шарттарды) белгілеуге құқылы.
      109. Кәсіпкер қаржыландыру бойынша негізгі өзіндік құн сомасын/жалгерлік төлем сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыру бойынша негізгі өзіндік құн сомасын/жалгерлік төлем сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтегені туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      Сонымен бірге кәсіпкер қаржыландыру бойынша негізгі өзіндік құны сомасын/жалгерлік төлем сомасын ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыру шартына/исламдық лизингтік шартқа қосымша келісім жасай отырып, қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін өзгертіп субсидиялау шартына тиісті қосымша келісіммен қоса, қаржыландыру шартына/исламдық лизингтік шартқа қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды.
      110. Кәсіпкерді қаржыландыру бойынша тауардың үстеме бағасының бір бөлігін/ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкерді қаржыландыру бойынша негізгі өзіндік құн сомасы/жалгерлік төлем сомасы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания өзара есеп айырысуды салыстыру актісін қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.
      Бұл ретте, ислам банкі/исламдық лизингтік компания салыстыру актісінде субсидиялардың нақты есептен шығарылған сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомалары мен күндерін көрсетеді.
      111. Нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталған кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания құжаттарды қаржы агенттігіне беріп, қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттарды қоса ұсынады.

«Бизнестің жол картасы – 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының  
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерін ислам банктері
қаржыландырған кезде ислам 
банктерінің табысын құрайтын
тауарларға үстеме бағаның бір
бөлігін және жалгерлік  
төлемнің бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына        
1-қосымша          

«___» акционерлік қоғамына
_______________

ӨТІНІШ

      Мына:


«Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты


«Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» екінші бағыты


«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші бағыты

      шеңберінде (қажетті бағытты «қанат» белгісімен көрсетіңіз) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысу мақсатында және _________________ жөніндегі ______________ жылғы ______________
№ _________ шарттың негізінде берілген қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде мынадай шарттармен мемлекеттік қолдау алу мақсатында:

Қаржыландырудың нысаналы мақсаты


Қаржыландыру сомасы


Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасы/ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі


Қаржыландыру валютасы


Қаржыландыру мерзімі


      Субсидиялау мақұлданған жағдайда қаржыландыру бойынша номиналдық (кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін) Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      __________________ (Т.А.Ә.)
       (қолы) Күні М.О.

«Бизнестің жол картасы – 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының  
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерін ислам банктері
қаржыландырған кезде ислам 
банктерінің табысын құрайтын
тауарларға үстеме бағаның бір
бөлігін және жалгерлік   
төлемнің бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына        
2-қосымша         

Кімге: __________________________ әкімдігі
Кімнен: ___________(бұдан әрі – ЖКС)_____

№ __________ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының «_______________» бағытының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Исламдық қаржыландыру қағидалары) сәйкес төменде жазылғандарға сай «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру бойынша кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені __________________ Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынуға бастама көтеруді сұраймын:

1. Бағдарламаның бағыттары (бағытты «қанат» белгісімен көрсетіңіз) 


«Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты


«Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» екінші бағыты


«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші бағыты

2. Қатысушы туралы мәліметтер

ЖКС-нің атауы


Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Іс жүзіндегі мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің №


Қызметінің түрлері


Жетекшілік ететін мекеме, холдинг немесе бас компания


СТН


Жұмыс тәжірибесі


3. Басшылық

      Бірінші басшы

Т.А.Ә.


Лауазымы


Жұмыс/үй тел.


Туған жері және жылы


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты жері (іс жүзіндегі)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


Бас бухгалтер 

Т.А.Ә.


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы және жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты жері (іс жүзіндегі)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


Байланыс жасайтын тұлға

(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны)


4. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акцияларының 5 % және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер) 

Атауы/Т.А.Ә.

%

Деректемелері



















5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Саласы (ЭҚЖЖ-не сай)


Ішкі саласы (ЭҚЖЖ-не сай)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтерінің түрлері


Жылдық айналымы


Соңғы есептік күндегі пайда немесе залал


Қызметкерлердің нақты саны

________________, оның ішінде
әйелдердің саны – _______________

Жобаның атауы (қысқаша сипаты)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


6. Банктік шоттары туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (барлық қызмет көрсетуші банктердегі барлық ағымдағы және жинақ шоттарды көрсетіңіз):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

7. Кредиттік тарих/қаржыландыру тарихы

      ЖКС-нің жұмыс істеу барысында пайдаланылған, қазіргі уақытта өтелген, сол сияқты өтелмеген барлық банктік несиелері/лизингтік мәмілелері көрсетіледі. 

Кредитор/лизинг беруші

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны/банктің пайдасын өтеу шарттары

Негізгі борышты/қаржыландыруды өтеу талаптары

Банк қарызы шарты/қаржыландыру шарты бойынша өтеу мерзімі

Іс жүзінде өтелген күні

1.







2.







8. Қолданыстағы кредиттер/қаржыландырулар туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы: ___/___.

Банк/Лизингтік компания

Банк қарызы шартының/қаржыландыру шарты
ның деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі/банктің пайдасы

Кредит қаржыландыру валютасы

Кредит/қаржыландыру сомасы

Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешектің қалдығы

Кредит/қаржыландыру мерзімінің аяқталу күні

Кредиттің/қаржыландырудың мақсаты (қысқаша сипаты)

1









2


















9. ЖКС-нің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және оған қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік бағдарламаның/мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат

1




2








10. Кепілдіктер және келісімдер

      ЖКС Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:
      1. Осы өтінішпен бірге не Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің сұратуы бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне берілетін (берілген) немесе табысталатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс әрі төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне дереу хабарлауға міндеттенемін.
      2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарастыру шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпиясы бар кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және жария етуге міндеттенемін.
      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
      4. Жалған, толық емес және/немесе шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік жөнінде ЖКС-ға ескертілді.
      5. ЖКС өзінің жарғылық құзыретінің осы өтінішке қол қоятын тұлғаға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.
      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған уақытта осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінішті кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.
      Осы өтініш арқылы ЖКС Бағдарламаның Жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне төмендегілермен келісетінін растайды:
      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі тексеру және қарастыру мақсатында осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС берген құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана беріледі.
      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ЖКС өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген жағдайдың өзінде де Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінде/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде сақталады.
      4. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС-нің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с. жұмсалған шығыстары) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің субсидиялауды беру немесе ЖКС шеккен шығындарын өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және онымен келісетінімді растаймын, болашақта Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне талап қоймаймын.
____________________________________________________________________

11. Қосымшалар

(________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)
__________________________________________________________
___________________ (Т.А.Ә.)

(қолы) Күні

«Бизнестің жол картасы – 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының   
шеңберінде жеке кәсіпкерлік 
субъектілерін ислам банктері 
қаржыландырған кезде ислам  
банктерінің табысын құрайтын
тауарларға үстеме бағаның бір
бөлігін және жалгерлік    
төлемнің бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына        
3-қосымша         

(Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі толтырады)

_____________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына арналған
              ЖКС ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Р/с

ЖКС атауы

Жобаның атауы (сипаты)

Заңды мекенжайы

Жобаны іске асыру жері

Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері

1

2

3

4

5

6








Жиыны:





Жобаны іске асыру кезеңі

Бағдарлама бойынша бағыт

ЭҚЖЖ/ИИДМБ коды

ЭҚЖЖ/ИИДМБ секторының атауы

Қаржыландыру сомасы, теңге


7

8

9

10

11








Жұмыс орындарының саны

Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы

БӨҮ-ге өтініш берілген күн


факт

жоспар

МДИ атауы

МБ/МҚШ атауы


12

13

14

15

16








Өндірілген өнімдердің жалпы көлеміндегі өнімдер экспортының көлемі

Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның атауы


Өткен жылдағы айналымдардың жалпы сомасы

Өткен жылы экспорттық шарттар бойынша жөнелтілген тауардың сомасы

%


17

18

19

20






Қосымшалар: (ЖКС-нің Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне берген өтініші және құжаттар пакеті)
      1).
      2).
      …

Қысқартулар және анықтамалар

ЖКС

Жеке кәсіпкерлік субъектісі

ЭҚЖЖ

Бағдарламаның 1-қосымшасына сай
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторлары

ИИДМБ

Бағдарламаның 2-қосымшасына сай ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің басым салалары

МДИ

Мемлекеттік даму институттары

МБ

Мемлекеттік бағдарлама

МҚШ

Мемлекеттік қолдау шаралары

БӨҮ

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі

Лауазымды адам __________________ Т.А.Ә.
                    қолы, мөр
Жауапты қызметкер _______________ Т.А.Ә.
                       қолы

«Бизнестің жол картасы – 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының  
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерін ислам банктері
қаржыландырған кезде ислам 
банктерінің табысын құрайтын
тауарларға үстеме бағаның бір
бөлігін және жалгерлік   
төлемнің бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына        
4-қосымша         

________________________ бойынша
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№ ______ ХАТТАМАСЫ

Өткізілген жері


Өткізілген күні


Кеңес төрағасы


Қатысқан кеңес мүшелері


Қатыспаған кеңес мүшелері


Шақырылғандар


Кеңес хатшысы


      Күн тәртібі

Мәселелердің атаулары

1


2


      Кеңес қарады:

1-мәселенің атауы

1




      Кеңес төмендегідей шешім қабылдады:

      1. Мынаған:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келетініне;
      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым салаларына сәйкес келетініне;
      мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларының қолданылмағанына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төменде келтірілген тізімі бойынша субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:

Р/с

Атауы

ЖКС

жоба

сала

ислам банкі/ исламдық лизингтік компания

1

2

3

4

5






Банк қарызының шарты/қаржыландыру шарты

Қаржыландыру сомасы

Қаржыландыру валютасы

Қаржыландыру мерзімі

Нысаналы мақсаты

Жобаның атауы (сипаты)

Р/с

күні

6

7

8

9

10

11

12








Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасы/ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі

Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасының/ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігі

Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасының/ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланбайтын бөлігі

13

14

15




Субсидиялау мерзімі

Ескертпе

16

17


      2. Мақұлданған жобалардың тізімі субсидиялау шарттарын жасасу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына және көрсетілген ислам банктеріне/исламдық лизингтік компанияларға жіберілсін.
      3. Мынаған:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келмейтініне;
      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым салаларына сәйкес келмейтініне;
      мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларының қолданылғанына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төменде келтірілген тізімі бойынша субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдануды мақұлдаудан бас тартылсын:

Атауы

Бас тарту себептері

ЖКС

жоба

сала

ислам банкі/исламдық лизингтік компания







      Кеңес мүшелерінің қолдары 

Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

«ҚОЛДАДЫ»

«ҚАРСЫ БОЛДЫ»

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

1

Кеңес төрағасы




2

Кеңес төрағасының орынбасары




3

Кеңес мүшесі




4

Кеңес мүшесі




5

Кеңес мүшесі




      Кеңес қарады

2-мәселенің атауы



      Кеңес төмендегідей шешім қабылдады:
      1.
      2.
      3.
      …
      Кеңес мүшелерінің қолдары

Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

«ҚОЛДАДЫ»

«ҚАРСЫ БОЛДЫ»

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

1

Кеңес төрағасы




2

Кеңес төрағасының орынбасары




3

Кеңес мүшесі




4

Кеңес мүшесі




5

Кеңес мүшесі








      Кеңес хатшысы _________________             Т.А.Ә.

      Кеңес мүшесі қарсы дауыс берген жағдайда, «түсініктемелер» бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс

«Бизнестің жол картасы – 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының   
шеңберінде жеке кәсіпкерлік 
субъектілерін ислам банктері 
қаржыландырған кезде ислам  
банктерінің табысын құрайтын
тауарларға үстеме бағаның бір
бөлігін және жалгерлік    
төлемнің бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына         
5-қосымша          

______________ жыл ________________ жыл аралығындағы кезеңдегі субсидиялау туралы есеп

Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның атауы

ЖКС өтініш берген жер

ЖКС атауы

Қаржыландыру шартының (транштың) нөмірі

Қаржыландыру шартының (транштың) күні

Қаржыландырудың (транштың) сомасы

1

2

3

4

5

6







Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасының/ислам банктерінің /исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің (транштың) мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялардың сомасы

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы

7

8

9

10

11






Лауазымды адам __________________ Т.А.Ә.
                  (қолы, мөр)
Жауапты қызметкер _______________ Т.А.Ә.
                      (қолы)

«Бизнестің жол картасы – 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының  
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерін ислам банктері
қаржыландырған кезде ислам 
банктерінің табысын құрайтын
тауарларға үстеме бағаның бір
бөлігін және жалгерлік    
төлемнің бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына        
6-қосымша         

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға берілетін ____________ жыл ____________ жыл аралығыдағы кезеңдегі субсидиялау туралы есеп

Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның атауы

ЖКС өтініш берген жер

ЖКС атауы

Қаржылан
дыру шартының (транштың) нөмірі

Қаржыландыру шартының (транштың) күні

Қаржылан
дырудың (транштың) сомасы

1

2

3

4

5

6







Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасының/ислам банктерінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің (транштың) мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялардың сомасы

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы

7

8

9

10

11