Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісетін уәкілетті органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 445 қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.09.2021 № 685 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді өтініш берушінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын орган;

      3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздігі комитеті уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді өтініш берушінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын орган болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.09.2021 № 685 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 18 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 11, 205-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов