Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 18 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 445 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 458 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ.
      1. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген 12-тарау мынадай мазмұндағы 66-1-тармақпен толықтырылсын:
      «66-1. Қазақстан-болгар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия.».
      Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             С. Ахметов