Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін және сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 10, 55-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін бекіту туралы";
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесінде:
мына:
"
7326 90 980 9-дан | медициналық мақсатта пайдаланылатын зарарсыздандырылған қораптар және ұқсас бұйымдар |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7326 90 980 8-ден | медициналық мақсатта пайдаланылатын зарарсыздандыру қораптары және ұқсас бұйымдар |
";
мына:
"
8474 20 000 0-ден 8474 39 000 1, 8474 80 101 0, 8474 80 901 0, 8474 90-ден | ұнтақ күйдегі минералды өнімдерді ұсатуға, ұнтақтауға, араластыруға арналған жабдық (грануляторлар); фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын агломерациялауға, пішіндеуге немесе құюға арналған жабдықтар және олардың бөлшектері |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8474 20 000-ден 8474 39 000 1, 8474 80 101 0, 8474 80 901 0, 8474 90-нан | ұнтақ тәрізді күйдегі минералды өнімдерді ұсатуға, ұнтақтауға, араластыруға арналған жабдық (грануляторлар); фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын агломерациялауға, пішіндеуге немесе құюға арналған жабдықтар және олардың бөлшектері |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |