Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін және сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 10, 55-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесінде:
мына:
«
7326 90 980 9-дан |
медициналық мақсатта пайдаланылатын зарарсыздандырылған қораптар және ұқсас бұйымдар |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7326 90 980 8-ден |
медициналық мақсатта пайдаланылатын зарарсыздандыру қораптары және ұқсас бұйымдар |
»;
мына:
«
8474 20 000 0-ден |
ұнтақ күйдегі минералды өнімдерді ұсатуға, ұнтақтауға, араластыруға арналған жабдық (грануляторлар); фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын агломерациялауға, пішіндеуге немесе құюға арналған жабдықтар және олардың бөлшектері |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8474 20 000-ден |
ұнтақ тәрізді күйдегі минералды өнімдерді ұсатуға, ұнтақтауға, араластыруға арналған жабдық (грануляторлар); фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын агломерациялауға, пішіндеуге немесе құюға арналған жабдықтар және олардың бөлшектері |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов