2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтарында этил спиртінің, алкоголь, құрамында спирт бар және темекі өнімдерінің өндірілуі мен олардың айналымын кедендік және салықтық бақылау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 385 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2005 жылғы 24 наурызда Астанада жасалған 2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтарында этил спиртінің, алкоголь, құрамында спирт бар және темекі өнімдерінің өндірілуі мен олардың айналымын кедендік және салықтық бақылау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 25 мамырдағы
№ 385 қаулысымен   
бекітілген      

2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтарында этил спиртінің, алкоголь, құрамында спирт бар және темекі өнімдерінің өндірілуі мен олардың айналымын кедендік және салықтық бақылау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі
      2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтарында этил спиртінің, алкоголь, құрамында спирт бар және темекі өнімдерінің өндірілуі мен олардың айналымын кедендік және салықтық бақылау туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 11-бабына сәйкес
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Келісімнің 9-бабын қоспағанда, мәтін бойынша «этил спирті, алкоголь, құрамында спирт бар және темекі өнімдері» деген сөздер тиісті септікте «этил спирті, алкоголь, құрамында спирт бар өнімдер, темекі өнімдері және ақ қант» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-баптың бірінші абзацында «(акциздер және ҚҚС)» деген сөздер «(акциздер және/немесе ҚҚС)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-бап «бақылауды» деген сөзден кейін «Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап 30-шы күні күшіне енеді.

3-бап

      Осы Хаттама Келісімнің қолданылуы кезеңіне жасалады.

      2005 жылғы 24 наурызда Астана қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады, ол әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.

Беларусь Республикасының
       Үкіметі
        үшін

Қазақстан Республикасының
       Үкіметі
        үшін

Қырғыз Республикасының
      Үкіметі
       үшін

Ресей Федерациясының
      Үкіметі
       үшін

Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі
       үшін