ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен олардың айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 ақпан N 153 қаулысы

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облыстық мәслихатының 2010.04.01 N 1-214м Хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:

      "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк төлемдердiң кейбiр түрлерiн төлеу тәртiптерiн бекiту туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы ХVII сессиясының N 146 шешiмiнiң 5 қосымшасына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      3 бөлiм "Көмек көлемi" жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Белгiлi кезеңге Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияны реттеу, бәсекелестiктi дамыту және кәсiпкерлiктi қолдау Департаментi бекiткен, бiрақ 1 адамға шаққанда осы мақсатқа ағымдағы жылға бюджетте қаралған қаржы көлемiнде белгiленген мөлшердiң шегiнен аспайтын Арал-Сарыбұлақ су құбырынан Арал және Қазалы аудандары тұрғындары нақты пайдаланған ауыз судың 1 текше метр құнының 60% дейiнгi есебiнен көмек көрсетiледi".

      Облыстық мәслихатының кезектен
      тыс ХVII сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы