"Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 301 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 338-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

      "32-1. Жалға беруші қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартуға құқылы.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Мүліктік жалға беруге (жалгерлікке беруге) жататын объектілердің тізбесі мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.";

      34-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) нотариалды расталған құрылтай құжаттары (заңды тұлғалар үшін);";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Жалға беруші тендер өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде тендер өткізу туралы хабарламаның жариялануын қамтамасыз етеді.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Тендерге қатысу үшін кепілді жарнаны мүліктік жалға берілетін (жалгерлікке берілетін) объект үшін тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық деңгейі және жалға алушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттер есепке алынбай есептелген айлық жалгерлік төлем мөлшерінде тендерлік комиссия белгілейді.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Жалға алушымен мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) шарты тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде немесе жалға беруші объектіні нысаналы мақсаты бойынша мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) туралы шешім қабылдағаннан кейін жасалады және тізілімнің www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған веб-порталында тіркелуге тиіс, одан кейін теңгерім ұстаушы күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде объектіні қабылдау-беру актісі бойынша жалға алушыға береді.

      Жалға берушімен мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) шарты шарт талаптары тиісті түрде орындалған кезде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады.

      Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады.

      Егер шартта белгіленген мерзім аяқталғанға дейін теңгерім ұстаушы жалға берушіге шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан жазбаша түрде бас тартуды ұсынбаса, негізгі шартқа қосымша келісім жалға алушының еркін нысанда жасалған, шарттың уақытын созу туралы жазбаша өтініш пен жалға берушінің шешімі негізінде жасалады.

      Шартта белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін және жалға алушы шарттың уақытын созу туралы жазбаша өтініш ұсынбаған жағдайда, шарт тоқтатылды деп саналады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов