Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 288 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
мынадай мазмұндағы 34-2-тармақпен толықтырылсын:
"34-2. "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көзделген реттегіш құралды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін құжаттардың жобалары бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен алдын ала реттеушілік әсерді талдау рәсімі жүргізіледі.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.";
50-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) қаулы жобасы бойынша "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік әсерді талдау жүргізілген жағдайда, қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері қоса беріледі.";
53-1-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы алып тасталсын;
91-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобалары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдануы тиіс.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.";
95-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобасына кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері қоса беріледі.";
157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"157. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары негізінде әрбір мемлекеттік орган тиісті қаржы жылына арналған меморандумды әзірлейді, оған мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қояды және Премьер-Министр бекітеді.";
көрсетілген регламентке 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:
"
13. | Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса) |
";
көрсетілген регламентке 5-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-1-жолмен толықтырылсын:
"
7-1. | Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса) |
".
2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 907 қаулысымен.3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.
4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 23.12.2016 № 846 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап төрт ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
5. "Тұжырымдама, доктрина әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 305 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 30, 227-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұжырымдама, доктрина әзірлеу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Егер Тұжырымдамада немесе доктринада реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыру көзделетін жағдайда, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімі алдын ала жүргізіледі.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.".
6. "Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы";
көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
3) қолданыстағы реттегіш құралдарды жою немесе оңайлату жөніндегі ұсыныстарды қарау;
4) "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау және жаңа реттегіш құралдарды енгізуді және қолданыстағыларын қайта қарауды келісу;
5) мемлекеттік емес ұйымдармен және бизнес қоғамдастықпен Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
6) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру шеңберінде бизнестің операциялық шығасыларын қысқарту бойынша мемлекеттік органдардың жоспарларын келісу;
7) сарапшылық және жұмыс топтарының ұсынымдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
8) сарапшылық және жұмыс топтары жұмысының жоспар-кестесін және отырыстарын бекіту болып табылады.";
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Комиссияның жұмысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңа реттегіш құралдарды енгізу және қолданыстағыларын қайта қарау бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
2) рұқсат беру жүйесін түгендеу;
3) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдірудің өзге де бағыттары.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жұмыс органы Комиссияның қарауына тиісті материалдар қоса берілген сарапшылық (жұмыс) топтарының ұсынымдарын, сондай-ақ "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттегіш құралдарды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін құжаттар жобаларының реттеушілік әсеріне талдау жүргізу нәтижелерін және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысын енгізеді.".