"Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына өзге

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шiлдедегi № 489 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары мен мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 14 шілдедегі
№ 489 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 287 қаулысымен
бекітілген

Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары мен мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі

Р/с № Тауарлардың тізбесі Рұқсат беру құжатының атауы Рұқсат беру құжаттарын беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган Рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган
1 2 3 4 5

1.

Озонды бұзатын заттар және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнім

лицензия/ қорытынды/ рұқсат

-

ЭГТРМ

2.

Өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер)

лицензия/
қорытынды

-

АШМ

3.

Қауіпті қалдықтар

лицензия/
қорытынды

-

ЭГТРМ

4.

Минералогия және палеонтология бойынша коллекциялар мен коллекциялау заттары, қазбалы жануарлардың сүйектері

лицензия/
қорытынды

-

БҒМ

5.

1) Жабайы тірі жануарлар, жекелеген жабайы өсімдіктер және жабайы дәрілік шикізат

лицензия/
қорытынды

-

ЭГТРМ

2) Ғылыми зерттеулерге арналған жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсімдіктердің үлгілері

қорытынды

-

ЭГТРМ

6.

1973 жылғы 3 наурыздағы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (СИТЕС) қолданылу аясына жататын жабайы фауна мен флора түрлері

рұқсат

-

ЭГТРМ

7.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызыл кітаптарына енгізілген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері

лицензия/
қорытынды

-

ЭГТРМ

8.

1) Асыл тастар (алмастар)

мемлекеттік бақылау актісі/ Кимберлий процесінің сертификаты/
Кимберлий процесінің сертификаты туралы мәліметтер

-

ИИДМ

2) Өңделмеген немесе өңделген асыл тастар (алмастардан басқа), табиғи інжу, бірегей кәріптас түзілімдер, алмастардан жасалған үгінділер мен ұнтақ, өңделмеген, бірақ орны толтырылмаған немесе бекітілмеген өнеркәсіптік емес гауһар тастар (гауһар), өңделмеген немесе жай кесілген, жарылған немесе қарапайым өңдеуге ұшыраған өнеркәсіптік алмастар, асыл тастар мен табиғи інжу-маржандардан жасалған бұйымдар

мемлекеттік бақылау актісі

-

ИИДМ

9.

1) Бағалы металдар және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары

лицензия/
қорытынды/
мемлекеттік бақылау актісі

-

ИИДМ

2) Құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендері, концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері

лицензия/
қорытынды

-

ИИДМ

3) Өнімдер мен бұйымдар түріндегі бағалы металдар, монеталар

мемлекеттік бақылау актісі

-

ИИДМ

10.

Минералды шикізат түрлері

лицензия/
қорытынды

-

ИИДМ

11.

Есірткі, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары

лицензия/
рұқсат

-

ІІМ

12.

Есірткі мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар

лицензия/
қорытынды

-

ИИДМ

13.

1) Тіркелген дәрілік заттар

тізілімге енгізу туралы мәліметтер/ қорытынды

-

ДСМ

2) Тіркелмеген дәрілік заттар

қорытынды

-

ДСМ

14.

Радиоэлектрондық құралдар және азаматтық мақсаттағы жоғары жиілікті, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына қосылған не кіретін құрылғылар

лицензия

ҰҚК

ЦДИАӨМ

қорытынды немесе бірыңғай тізілімге енгізу туралы мәліметтер

-

ЦДИАӨМ

15.

Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар,

лицензия

ҰҚК

ИИДМ

қорытынды

-

ҰҚК

16.

Шифрлау (криптографиялық) құралдары

лицензия

ҰҚК

ИИДМ

қорытынды немесе бірыңғай тізілімге енгізу туралы мәліметтер

-

ҰҚК

17.

1) Мәдени құндылықтар, ұлттық архив қорларының құжаттары, архив құжаттарының түпнұсқалары

лицензия/
қорытынды

-

МСМ

2) Мәдени құндылығы бар және антиквариатқа жатқызылмаған қару

қорытынды

-

МСМ

18.

Адамның ағзалары мен тіндері, қан және оның компоненттері, адамның биологиялық материалдарының үлгілері

лицензия/
қорытынды

-

ДСМ

19.

Азаматтық және қызметтік қару, оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондары

қорытынды

-

ІІМ

20.

Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпарат

лицензия

-

ЭГТРМ

21.

Тарифтік квоталар шеңберінде өткізілетін тауарлардың жекелеген түрлері*

лицензия

тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар қажет болған жағдайда

СИМ

22.

Оларға қатысты автоматты лицензиялау белгіленген тауарлардың жекелеген түрлері**

рұқсат

-

СИМ

23.

Оларға қатысты орталық мемлекеттік органдар рұқсат беру тәртібін енгізу туралы шешім қабылдаған тауарлардың жекелеген түрлері***

лицензия/
рұқсат

-

тиісті мемлекеттік органдар

      Ескертпелер:

      Экспорты және (немесе) импорты рұқсат беру құжаттарының негізінде жүзеге асырылатын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың атаулары, кодтары және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттарының түрлері "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен айқындалады.

      * Тарифтік квоталар шеңберінде өткізілетін тауарлардың атаулары мен кодтары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерімен айқындалады.

      ** Оларға қатысты автоматты түрде лицензиялау белгіленген тауарлардың атаулары мен кодтары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерімен айқындалады.

      *** Орталық мемлекеттік органдар рұқсат беру тәртібін енгізу туралы шешім қабылдаған тауарлардың атаулары мен кодтары Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарының бұйрықтарымен белгіленеді.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:


АШМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;


БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;


ДСМ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;


ИИДМ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;


ІІМ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;


МСМ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;


СИМ

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;


ЭГТРМ

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі;


ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі;


ҰҚК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.