Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 176 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
"1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 1-жолда:
17), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"
17) | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 84682,5 |
18) | Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері, | 31073 |
19) | оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер: | 13287 |
";
43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 50) және 51) тармақшалар алып тасталсын.
2. "Мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 697 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 561-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.03.2018 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. "Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 84-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларында:
4-тармақтың 4) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрі және Әділет министрі айқындайтын шарттарда бөлімшелердің, лауазымдардың тізбелері бойынша 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі әскерлердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, ішкі істер және қылмыстық-атқару жүйесі органдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелеріндегі;".