РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 280-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 13 наурыздағы
№ 133 қаулысымен
бекітілген
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына
арналған акциз мөлшерлемелері
Ескерту. Мөлшерлемелерге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.11.2015 № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.
Р/с |
1 тоннаға акциз мөлшерлемелері (теңгемен) |
||
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) |
Дизель отыны |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі |
10 500 |
540 |
2. |
Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі |
0 |
0 |
3. |
Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы |
11 000 |
600 |
4. |
Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы |
500 |
60 |
5. |
Импорт |
4500 |
540 |
6. |
Осы Кодекстің 279-бабының |
10 500 |
540 |
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,730
М = ——————————, мұндағы:
1000
М — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;
V — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі;
0,730 — бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,769
М = ————————, мұндағы:
1000
М — өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;
V — өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;
0,769 — дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.