"Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 16 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі туралы ережеде:
      кіріспе алып тасталсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кeңecтердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлiгi (бұдан әрi – комиссиялардың қазақстандық бөлiгi) халықаралық шарттарды іске асыру, халықаралық екіжақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
      Комиссиялардың қазақстандық бөлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қағидаларының 30-тармағында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысымен бекітілген Үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейлердегі халықаралық іс-шараларды, шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) отырыстарын ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру қағидаларының 26-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен уағдаластықтарға сәйкес құрылады.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Комиссиялардың қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен алдын ала келісу арқылы заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдайды.»;
      12-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов