Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1427 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.11.2015 № 957 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «G-10» санатында:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілігі жоғары деңгейлі маман: агроном, агрохимик, аккомпаниатор, актер, әртіс, археограф, мұрағатшы, сәулетші, карантиндік зертхананың бактериологы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, биолог, биохимик, бухгалтер, карантиндік зертхананың вирусологы, мал дәрігері, жетекші, тәрбиеші, гельминтолог, геодезист, герболог, гидрогеолог, гидротехник, дирижер, авиация және автомобиль тасымалдары диспетчері, дыбыс режиссері, зоолог, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, ихтопатолог, капитан, кинорежиссер, командир, конструктор, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, концертмейстер, тілші, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, орманшы, ұшқыш-бақылаушы, логопед, мастер, медициналық бике, менеджер, әдістемеші, механик, миколог, микробиолог, музыкалық жетекші, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аңшы шаруашылығының маманы, палеограф, паразитолог, аудармашы, режиссердің көмекшісі, провизор (фармацевт), продюсер, жұмыс өндіруші (прораб), психолог, радиолог, редактор, режиссер, қоюшы-режиссер, репетитор, референт, балық өсіруші, селекционер, күкірттанушы, солист, әлеуметтанушы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік педагог, құтқарушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының маманы, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі маман, зерттеушi-тағылымдамашы, статистик, технолог, ветеринарлық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, химик-талдаушы, хореограф, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер, суретші-конструктор (дизайнер), фитопатолог, штурман, эколог, экономист, экскурсовод, электроншы, карантиндік зертхананың энтомологы, эпидемиолог, эпизоотолог, заңгер консультант.».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.11.2015 № 957 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов